Өзіндік сұрақтары:
1. Якана тұқымдастарының ерекшеліктеріқандай?
2. Қарала шалшықшылар тұқымдасының ерекшеліктері қандай?
3. Тауқұдіреттер тұқымдасының ерекшеліктері қандай?
4. Бізтұмсықтылар тұқымдасының ерекшеліктері қандай?
№17 лекция.
Жыртқыш құстар
Жоспар:
1.Сұңқартәрізділер, немесе Күндізгі жыртқыштар отряды -
Ғаlconiformes
2.Хатшы құстың (Sagittarius serpentarius)
3.Лашынның (Ғаlco peregrinus)
Лекция мақсаты: Жыртқыш құстар жөнінде толық мәлімет беру.
Лекцияның мазмұны: Жыртқыш құстардың белгілі мекен өтетін экологиялық ортасы болмайды. Олар түрлі ортада тоғайда, тауда, далада, батпақты жерлерде мекен ете береді. Олардың бірнеше түрі белгілі: өлексе жеушілер (тазқара), бүркіт пен ақсарылар, жапалақтар, құладындар, қаршығалар, және сұңқарлар
Сұңқартәрізділер, немесе Күндізгі жыртқыштар отряды -Ғаlconiformes
Отрядқа 5 тұқымдасқа бірігетін 270-тей түр жатады. Олар Антарктидадан басқа, барлық жер шарында тараған, бүкіл құрлық биотоптарын меңгерген. Күндіз белсенді. Денесі тығыз және қатты қауырсындалған. Көзі үлкен. Бұлардың үстіңгі тұмсығы иілген, оның түбін жалаңаш тері - балсірне жапқан, онда танау тесіктері ашылады. Саусақтары өткір, иілген тырнақтармен аяқталған. Құйрығы ұзын емес. Кеуде және артқы аяқ бұлшық еттері күшті жетілген. Ұшуы шапшаң әрі мәнерлі, көптеген түрлері қалықтап ұша алады. Жерде аз жүреді. Биологиялық жағынан жыртқыштар. Жемсау мен өңеш күшті созылады. Безді қарын жақсы жетілген, ал етті қарын - әлсіз. Жыныс диморфизмi нашар. Моногамдар. Жеке жұп құрып ұялайды, сирек - аздаған топ құрайды. Ұясы қарапайым құрылысты, оны ағашқа, жартастар немесе жерге салады. Ұядағы жұмыртқа саны 1-2-ден (ірі түрлерінде) 6-9-ға дейін (майдаларында). Жұмыртқаларын шайқайтын және балапандарын қоректендіретіндер - аталығы мен аналығы. Балапандарын мамық басқан және көзі ашық, бірақ ұзақ уақыт ересектердің қамқорлығын қажет етеді.
Америкалық құмайлар тұқымдасы (Саthartidaе). Американың таулы, далалы аздап болса да ормандарында мекендейтін 6 түрді біріктіреді. Ескі дүниенің тазқараларына конвергентті ұқсастықтары бар. Құстардың басы мен мойны қауырсынданбаған, танау тесіктері ашық (тікелей тесіп өткен), төменгі көмекейде дыбыс бұлшық еттері болмайды. Қанаттары ұзын әрі жалпақ, саусақтары ұзын, бірақ тырнақтары әлсіз. Құйрығы қысқа, шорт кесілген. Өлексемен және майда омыртқалылармен қоректенеді. Қорегін иіс-сезу мүшесі арқылы табады. Жартастарға ұялайды, 3 жұмыртқа салады. Калифорния кондоры (Gymnogyps саliforninus) ең ірі жыртқыш құстардың бірі. Салмағы 12 кг, дене ұзындығы 120 см, қанат құлашы 3 м-ге жуық. Аталықтары ұябасарларына (аналықтары) қарағанда ірілеу. Басы, мойны және жемсауы қауырсынданбаған. Қысқа әрі күшті тұмсығы әлі бұзыла қоймаған өлекселерді бұзуға бейімделген. Екі жылда бір мәрте көбееді, әдетте бір жұмыртқа туады. Жыныстық жағынан 6 жылда жетіледі. Өте сирек кездесетін түр, мүмкін жойылып кету қаупінде тұруы. Өкілдері: кондор (Vultur gryphus), королъ тазқарасы (Sarcor hamphus), түйетауықтәрізді тазқара (Саtharter aura) және басқалары. Хатшы құстар тұқымдасына (Sagittariigae), Африканың саванналарын мекендейтін бір түр жатады.
Хатшы құстың (Sagittarius serpentarius) денесі ірі - (дене ұзындығы 120-150 см), қанаты жалпақ және құйрығы ұзын. Желкесінде ұзарған қауырсындардан тұратын тұлымы болады. Бет бөлімі қауырсынданбаған. Жіліншігі ұзын, саусақтары қысқа, доғал. бірақ мықты тырнақтары болады. Құс жақсы ұшқанменде, жерде жүруге және жемтігін ұстауға икемді. Қорегі -майда сүтқоректілер, құстар мен рептилиялар, әсіресе жыландар. Ұясын ағашқа салады, оңдағы 2 жұмыртқаны аналығы шайқайды. Балапандарын шәулісі (аталығы) мен ұябасары бірге өрбітеді. Балықшы тұйғындар тұқымдасына (Рапdionidae) космополитті бір түр жатады. Балықшы тұйғынның (Раndion haliaetus) дене ұзындығы 60 см-ге жуық. Қанаты ұзын әрі үшкір, құйрығы салыстырмалы түрде қысқа әрі жіңішке.
Жіліншігі қауырсынданбаған, аяқтары ұзын, тырнақтары үшкір иілген. Саусақтарының астыңғы жағы үшкір өсінділермен жабылған. Балықшы тұйғынның негізгі қорегі - балық, кеміргіштер, құстар мен амфибияларды да жей береді. Суқоймаларына жақын мекендейді. Ұяларын ағашқа, жартастарға, кейде жерге салады. Жұптасып ұялайды, кейде топтанып ұялайтын кездері де болады. Ұяға 3 жұмыртқа салады. Сирек және саны аз құс, десе де Қазақстанның барлық территориясында кездеседі. Республи-каның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Сұңқартектестер тұқымдасы (Ғаlconidae) 58 түрді біріктіреді. Үстіңгі тұмсығының шетінде өткір тісшелерінің болуымен басқа жыртқыштардан ерекшелінеді. Астыңғы көмекейде дыбыс буындары жақсы жетілген, танау тесіктері бітеу (тура ашық емес). Кеуде омыртқалары арқа сүйегімен бірігіп кеткен. Қанаттары ұзын әрі жіңішке, құйрығы қысқа. Табаны салыстырмалы түрде қысқа, саусақтары ұзын. Барлық түрлері жерде жақсы жүреді. Ұябасарлары шәулілеріне қарағанда ірі. Жемтігін аулаудың негізгі тәсілі: өте шапшаң ұшу - ұшып бара жатқан немесе жүгіріп бара жатқан жемтігін көз ілеспейтін жылдамдықпен қағып түсу. Қорегі - сүтқоректілер, құстар, рептилиялар, сирек омыртқасыздар және өлекселер. Қазақстанда 10 түрі ұялайды.
Лашынның (Ғаlco peregrinus) салмағы 1,3 кг-ға жетеді. Тек құстармен қоректенеді, оларды ұшып жүріп тұяғымен қағады. Бұл кезде оның жылдамдығы 100 м/сек жетеді. Бұл құс өзіне ұя жасамайды, ескі ұяларды пайдаланады. 2-4 жұмыртқаны ересек екі құс кезектесіп шайқайды. Ақсұңқар (Ғ.rusticolus) лашыннан біршама ірілеу: денесінің ұзындығы 60 см, ал салмағы 2 кг-ға жетеді. Ұяларын жартасқа, кейде ағашқа салады. Өздері ұя жасамайды, басқа құстардың ұясын пайдаланады. Ұядағы 3-4 жұмыртқаны көпшілік жағдайда аналығы шайқайды. Қорегі - майда сүтқоректілер мен құстар. Кәдімгі күйкентай (Ғаlсо tinnunculus) майда сұңқарлар тобына жатады: дене ұзындығы 38 см, салмағы 240 г., өздері ұя жасамайды, басқа құстардың ұясын пайдаланады. 4-5 жұмыртқаны екі құс кезектесіп шайқайды. Жемтігін жерден аулайды. Олар - майда сүтқоректілер, құстар, кесірткелер және насекомдар. Бұл құстардан басқа Қазақстанда ителгі (Ғ. сһеггщ), бөктергі (Ғ.columbarius), тұрымтай (Ғ. соlumbarius), жағалтай (Ғ.subbuteo), дала күйкентайы (Ғ. паитanni) кездеседі. Ақсұңқар, ителгі, лашын, бидайық (Ғ. реlegrinoides) Қазақстан Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Қырғитектестер тұқымдасы (Ассірitridae) 200-ге жуық түрді біріктіреді, ал Қазақстанда 29 түрі кездеседі. Қанаттары жалпақ және дөңгелек. Үстіңгі тұмсығында тісшесі болмайды. Кеуде омыртқалары әдетте арқа сүйегімен бірікпейді. Астыңғы көмекейдің жарғақшасы жақсы жетілмеген. Кейбір тазқараларда опалақтар болады. Алуан түрлі ландшафтарда мекендейді. Ұясын ағашқа, жартасқа және т.б. жерлерге салады. Жұмыртқаларын ұябасары шайқайды, оған аздап шәулісі де қатысады.
Аражегіштердің (Реrnis) қанаттары мен құйрықтары ұзын. Тұмсығы аласа, танаулары саңылаутәрізді. Жіліншігі майда қалқаншалармен жабылған, қысқа аяқтары ұзын және жіңішке тырнақтары бал арасымен жабайы аралардың ұяларын бұзуға бейімделген, олар аралардың дернәсілдерімен қоректенеді. Шағатын насекомдардан қорғану үшін олардың басы майда қабыршақтәрізді қауырсындармен жабылған. Кейде қорегі бақалар, кеміргіштер, балапандар. Денесінің ұзындығы 55 см-ге жетеді. Ара-жегіш — орман құсы, ұясын ағашқа салады. Әдетте 2 жұмыртқа туады. Қазақстанда кәдімгі аражегіш (Реrnis apivorus), айдарлы аражегіш (Р.ptilorhynchus) ұялайды. Кезкұйрықтардың (Мilvus) құйрығы айыр: шеткі руль қауырсындары ортасындағыларға қарағанда біршама ұзын. Жіліншігі көлденең қалқаншалармен жабылған. Аяқтары ұзын, тырнақтары өткір, иілген. Қанаттары ұзын әрі жалпақ. Дене ұзындығы 70 см-ге жетеді. Жемтігін әуеде ұшып жүріп, бақылайды. Полифагтар:өлекселерді, балықтарды, балапандарды, майда кеміргіштерді, насекомдарды және т.б. жейді. Ұясын ағашқа, сирек те болса жартасқа салады. Ұяда 2-3 жұмыртқа болады. Қазақстанда қара кезқұйрық (Міlvus korschum) ұялайды. Қиыр Шығыста қызыл кезқұйрық, ал Америкада жіңішке тұмсығының үстіңгі бөлімі өте күшті иілген шырышжегіш кезқұйрық (Rosthramus sociabilis) ұялайды. Субүркіттер (Наliaeetus) биологиялық жағынан қырандар мен кезқұйрықтардың арасындағы өтпелі топ болып табылады. Қырандардан ерекшелігі жіліншігі қауырсынданбаған. Субүркіттердің қанаттары ұзын әрі жалпақ, құйрығы қысқа әрі сына тәрізді. Желкесіндегі және мойнындағы қауырсындары ұзарған. Саусақтарының асты сусымалы жемістерін ұстап тұруға лайықталған тікенекті. Қорегінің басым көпшілігін балықтар мен су құстары құрайды, осыған орай олар суқоймаларына жақын ұялайды. Ұясын ағашқа, сирек те болса жартасқа салады. Ұяда әдетте 1-3 жұмыртқа болады. Дене ұзындығы 70-100 см. Қазақстанда субүркіттерінің екі түрі: кезқұйрықты субуркіт (Наliaeetus leucoryphus) және аққұйрықты субүркіт (Н. albicilla) ұялайды. Екеуі де Қазақстан Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Қырғилар (Ассіpiter) көп, бірақ бір типті топ. Қанаттары салыстырмалы түрде қысқа әрі дөңгеленген, құйрығы ұзын. Саусақтары ұзын әрі тырнағы үлкен. Ұзын жіліншігі ірі көлденең тақтайшалармен жабылған. Ең басты қорегі - құстар мен сүтқоректілер, оларға тасадан шабуыл жасайды. Құстардың тіршілік ортасы - ормандармен тығыз байланысты. Ұясын ағашқа салады, онда 3-4 жұмыртқа болады. Гарпия (Наrріа һаrріа) Оңтүстік және Орталық Америкада мекендейді. Қазақстанда 4 түрі: қаршыға (Ассірiter gentilis), қырғи (А. піsus), мықы (А. badius) және ұлкен мықи (А. brevipes) ұялайды. Соңғысы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Жамансары, немесе ақсарылар (Вutео) қырандарға жақын, бірақ дене мөлшері кіші. Жіліншігі толықтай қауырсынданбаған, алдынан жалпақ көлденең немесе майда қалқаншалармен жабылған. Полифагтар: негізгі қорегі -майда кеміргіштер, кесірткелер және балапандар, кейде өлекселермен де қоректенеді. Жамансары далалы және орманды далалы аймақта биік ағаштарға ұя салады. Ұяда әдетте 2-5 жұмыртқа болады. Денесінің ұзындығы 66 см-ге жетеді. Қазақстанда 4 түрі: жамансары, не ақсары (Виtео bиtео), тілеміш (В. rufinus), жунбалақ тілеміш (В. һетіlasius), айнақанат тілеміш (В. lagopus) ұялайды.
Қырандардың (Aquila) қанаттары жалпақ және доғал, қанат құлашы 2,4 м-ге жетеді. Ұшуы шапшаң, бірақ ауыр. Құйрығы шамалы дөңгеленген немесе тік кесілген, біршама қысқа. Саусақтары өткір тырнақты, жіліншігі саусақтарына дейін қауырсынданған. Ұясын жерге, жартасқа және ағашқа салады. Ұяда 1-3 жұмыртқа болады. Жемтігін әуеде қалықтап ұшып, бақылайды. Қазақстанда 6 түрі: дала қыраны (Аqиіlа rарах), қарақұс (А.һеlіаса), шаңқылдак, қыран (А. сlangа), бүркіт (А. сһrysaetos), бақалтақ қыран (Hieraaetus pennatus), қаршығарең қыран (Н.fasciatus) ұялайды. Бүркіттердің салмағы 3-6 кг. желкесіндегі қауырсындары жіңішке әрі үшкір. Бүркіт -қырандардың ішіндегі ең қуаттысы, осыған орай жемтігі ірі жабайы аң-құстар (тұяқтылар, меңіреу құр, қаздар), сирек майда сүтқоректілер мен өлекселер. Өте үлкен ұяны (диаметрі 3 м) ағашқа немесе жартасқа, кейде жерге де салады. Ұяда 1-3, әдетте 2 жұмыртқа болады. Барлығы дерлік Қазақстанның Қызыл кіта-бына (1996) тіркелген.
Тазқаралардың тұқымдастың басқа түрінен ерекшелігі — басы мен мойнының қауырсынданбауы. Тұмсығы күшті, танау тесіктері домалақ, тырнақтары доғал. Көздері үлкен әрі бадырайған. Қанаттары жалпақ әрі ұзын, ұзақ қалықтап ұшуға бейімделген. Аяқтары жүруге бейімделген, онымен жемтігін тек сақалтай алып жүре алады. Балапандарына қорегін жемсауына салып әкеледі. Өлексемен қоректенеді. Тауды да, ашық жерлерді де мекендеушілер. Ұясын ағашқа немесе жартасқа салады. Ұяда 1-2 жұмыр-тқа болады. Кейбір түрлері (ақбас құмай) шоғыр құрып ұялайды. Табиғи санитарлар ретінде өте пайдалы. Қазақстанда 5 түрі: жұртшы (Neophron percnopterus), ақбас құмай (Gyps fulvus), козы-құмай (С. һітаlayensis), сақалтай (Gypaetus barbatus) және таз-қара (Аеgypius monachus) ұялайды. Барлығы да Қазақстан Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Жыланшы қырандарға (Сіrcaetus) негізінен рептилиялармен әсіресе жыландармен, сирек кеміргіштер, құстар және насекомдармен қоректенетін құстар жатады. Бұл құстардың басы үлкен, қанаттары ұзын әрі жалпақ. Жіліншігі жартылай қауырсынданған, саусақтары қысқа, тырнақтары өткір өте иілген. Тек Европада, Оңтүстік Азия мен Африкада ғана тараған. Ұясын ағашқа - сирек жартасқа (Қазақстан) салады. Ұяда 1-2 жұмыртқа болады. Қазақстанда қанат құлашының ұзындығы 1,9 м-ге жететін жыланшы қыран (Сіrcaetus gallicus) ұялайды. Қазақстан Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Құладындар (Сіrcus) ашық ландшафтарда (шалғын, дала) және суқоймаларының маңындағы қалың шөптер өскен жерлерде кездеседі. Ұзын қанаттары мен құйрығы жерге жақын жай әрі шусыз ұшуға бейімделген, бұл кезде олар жемтігін: кеміргіштерді, балапандарды, кесірткелерді және т.б. бақылайды. Жіліншігі ұзын, саусақтары қысқа. Басы-ның екі жағында жапалақтарға тән бет дискісі болады. Аталығы мен аналығының реңінде айырмашьшық бар. Ұясын жерге салады, онда 4-6 жұмыртқа болады. Қазақстанда 4 түрі: тұз құладыны (Сіrcus суапеs), шалғын құладыны (С. руgargus), дала кұладыны (С. тасrourus) және саз құладыны (С. аеruginosus) ұялайды.
Отрядқа бейнесі жыртқышқа тән 270-тей түр бірігеді. Салмағы 60 г-нан 12 кг-ға жетеді. Жер шарының барлық аудандарында кең тараған және алуан түрлі ландшафттарда мекендейді. Күндізгі жыртқыш құстар - отырықшы, көшпенді және жыл құстары. Тұмсығы қысқа, бірақ оның түбінің шеті өткір, қиғыш, үстіңгі тұмсықтың ұшы өткір ілгек тәрізді болып келумен сипатталады. Үстіңгі тұмсықтың түбінде балсірі болады, ол кейде жасыл не қызыл түсті. Омыртқа жотасының мойын бөлімінде 14-17 омыртқа болады. Төс сүйегінің қыры жақсы жетілген. Коракоиды жалпақ, бұғанасы мықты. Аяқтары күшті, қауырсынданбаған ұзын саусақтары үлкен, иілген және үшкір тырнақпен жабдықталған. Сүйектерінің іші ауаға толы. Алдыңғы және артқы аяқтарының бұлшық еттері өте жақсы жетілген. Сұңқартәрізділердің жүрегі үлкен, миы салыстырмалы түрде дәу. Сыртқы құлақтың бастамасы болады. Көздері өте үлкен. Өңеште жақсы жетілген жемсауы бар. Безді қарын көлемді, етті қарынның қабырғасы салыстырмалы түрде әлсіз.
Жоғарғы қатар солдан оңға қарай: Америка құмайлары (корольдік құмай, нағыз кондор, құмай-үндік) скопа. Төменгі қатар. Солдан оңға қарай: сұңқарлар тұқымдасы (сапсан, балабан, чеглок), хатшы құс.
Америка тазқаралары отряд тармағы – Cathartae. Бұған Оңтүстік және Солтүстік Американың ірі (салмағы 12 кг жетеді) жыртқыш құстары жатады. Олардың басы мен мойнының біраз бөлігі жалаңаш, кейде бұл учаскелер ашық түске боялған және тері өсінділері бар болуы мүмкін. Алдыңғы мида үлкен иіс сезу бөлігі болады, Бұл олардың өте иіс сезгіштігін білдіреді. Үш саусағы алға қараған, ал артқы саусағы жіліншікке басқа саусақтардан жоғары орналасады. Саусақтарындағы тырнақтары үлкен, бірақ доғал және аздап қана иілген. Америкалық қарақұстар дыбыс шығармайды. Қарнында пилорикалық бөлім жетілген ішектің тұйық өсінділері редукцияланған.
Америка тазқаратектестер тұқымдасы - Cathartidae. Тұқымдаста 6 туысқа жататын 6 түр бар. Олар жартастың шетіне, шың-құзға, кейде ағашқа ұялайды.
Сұңқарлар отряд тармағы – Falcones. Бұған Антарктидадан басқа жерлерде кең тараған жыртқыш құстар жатады. Салмағы 50 г-нан 12 кг-ға дейін жетеді. Америкалық тазқаралардан ерекшелігі сұңқарлардың артқы саусағы алдыңғыларымен бір деңгейде орналасқан. Тырнағы әдетте өте күшті иілген, үшкір. Қарынның пилорикалық бөлімі ерекшеленбеген. Ішектің тұйық өсінділері жақсы дамымаған. Жабынды қауырсындарында жанама өзек әлсіз жетілген. Америкалық тазқаралардың балапандарымен салыстырғанда, сұңқарлардың балапандарын қалың мамық басқан, екі аптадан соң екінші мамық жабындысымен алмасады, содан соң қауырсындану жүреді. Балапандарына қоректі тырнағымен бүріп не тұмсығымен ұстап әкеледі. Бұл отряд тарамағына 2 тұқымдасүсті жатады. Олар: хатшы құстар (1 тұқымдас) және сұңқарлар (4 тұқымдас). Сұңқарлар отрядүстінде қазіргі кезде 268 түр бар. ТМД елдерінде 20 туыстың 50 түрі, оның 47-і ұялайды, кездессе, ал Қазақстанда 39-ға жуық түр бар деп есептелінеді және олардың көпшілігі республикамыздың әртүрлі аймақтарында ұялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |