Өзіндік сұрақтары:
1.Пингвиндер отрядының ерекшеліктері қандай?
2.Өкілдерін ата?
№14 лекция. Су құстары
Жоспар:
1. Маймаққаздар, не Гагаратәрізділер отряды - Gaviiformes
2. Сұқсыртәрізділер отряды — Роdicipediformes
3. Түтіктұмсықтылар, немесе Дауылпаздар отряды -Ргоcellariiformes
Лекция мақсаты: Су құстары туралы түсінік беру
Лекция мазмұны: Ұшатын құстардың көпшілігінде төс сүйектерінің қыры жақсы жетілген, контурлық қауырсындарының иілген желпуіштері және аптериясы, сүйектерінің ауа қуыстары болады. Иық белдеуінің құрылысы басқа құстардікі сияқты қалыпты түрде қалыптасқан, ал сирақ сүйегі табан сүйектерімен жымдасып бірігіп кеткен.
Құстардың көпшілігі дерлік осы отряд үстіне жатады. Осы мезгілге дейін, бұл отряд үстінің систематкиасы бір жөнге келмеген. Сондықтан көптеген авторлар бұл отряд үстін бірнеше отрядқа бөледі.
Су құстары. Бұған сегіз отрядтың өкілдері: пингвиндер, чистик тәрізділер, шағалалар, түтік тұмсықтылар, гагар тәрізділер, ескек аяқтылар, қаз тәрізділер енеді. Сулы ортада тіршілік етуі және олардың дене құрылысындағы бейімделушілік әрбір түрінде түрліше болады.
Жалпы белгілері қауырсыны өте тығыз, мамығы өте жақсы, құйымшақ безі жақсы жетілген, саусақтарының арасында тері жарғағы болады.
Сүңгурілер - өмірінің көпшілігін суда өткізетін, сула ортада тіршілік етуге бейімделген құстардың тобы. Қорегінің бірқатарын судың ішінен, ал енді бірқатарын судың түбінен табады. Бұлар балықтармен, шаян тәрізділер және моллюскалармен қоректенеді. Олардың көпшілік түрі нашар ұшады, ал барлығы да суға жақсы сүңгиді. Сулы ортаға өте жақсы бейімделген пингвиндер мүлдем ұша алмайды. Бірақ өте жақсы сүңгиді.
Ауада – суда кезедесетін құстар тобына шағалалар, крачкалар, түтік тұмсықтылар жатады. Сүңгуірлерден ерекшелігі жақсы ұшады. Олар ұяларын суға жақын жерге салады. Балық аулайды. Оны ұшып жүріп байқап, құйылып келіп ұстап, қоректенеді. Тұмсығы қуатты, ұзындау әрі ұшы төмен қарай иіліп тұрады. Құрлықта жақсы жүре алады.
Өкілдері: дауылпаздар, теңіз және өзен жағалаулары.
Маймаққаздар, не Гагаратәрізділер отряды - Gaviiformes
Отрядқа 5 түр бірігетін бір Gaviidae тұқымдасы жатады, олар Солтүстік жарты шардың қоңыржай және терістік ендіктеріндегі суқоймаларында тараған. Денесі мен мойны ұзарған, басы кішкентай, тұмсығы тік әрі ұзын. Қауырсындануы қалың әрі тығыз, денесін ылғалдаудан сақтайды. Қанаты қысқы әрі үшкір, ұшуы тез, бірақ мәнерсіз. Аяқтары артқа қарай орналасқан, алдыңғы үш саусағы жүзу жарғағымен байланысқан, кішкентай артқы саусағы жіңішке жүзу қалағымен жабдықталған. Бұл құстардың салмағы 1 кг-н 4,5 кг-ға жетеді. Бұлар нағыз су құстары, жақсы жүзеді әрі сүңгиді, бірақ құрлықта нашар жүреді. Қорегі - балық, су омыртқасыздары, оларды 25 м тереңдікке дейін сүңгіп, ұстайды.
Су астында аяқтары және анда-санда қанаттарымен жұмыс жасайды, онда 2 минуттай бола алады, бұл кезде 300 м-ге дейін сүңгіп барады. Моногамдар. Қарапайым ұясын жағаға салады, оған аналығы 2 жұмыртқа туады. Екеуі кезектесіп шайқайды. Ширақ балапан шығарушылар: балапандарын қалың мамық жапқан және олар жақсы жүзеді әрі сүңгиді. Қаражемсау маймаққаз (Саvіа аrсtіса) және қызылжемсау маймаққаз (С. stellata) оңтүстік ендіктерде, соның ішінде Қазақстанда Каспий теңізінің жағалық аймағында қыстайды.
Сұқсыртәрізділер отряды — Роdicipediformes
Отрядта жер шарының барлық суқоймаларында тараған 20 шақты түрді біріктіретін бір ғана Роdicipedidае тұқымдасы бар. Салмағы 150 г-н (Роdiceps ruficollus) 1400 г-ға (Р. сristatus) жетеді. Қарашақаздарға жақын Дене пішіні ұршықтай, қауырсындануы өте қалың әрі тығыз, мойны ұзын, аяқтары қысқа және артқа қарай орналасқан. Әрбір саусақта жалпақ терілі желбіршек болады, ол жалпақ тырнақпен аяқталады. Қанаттары қысқа әрі үшкір, құйрығы жоқ, оны бір шоқ болып тарамдалған қауырсындар алмастырады. Ұшуы шапшаң және тік, қанаттарын жиі қағады. Жерде жүрмейді, бірақ тамаша жүзеді әрі сүңгиді. Су астында тек аяқтарының көмегімен қозғалады. Су астында 30 секундтан 3 минутке дейін қала алады. Сұқсырлар негізінен жануартектес азықпен қоректенеді, аздап өсімдіктерді жейді. Ірі түрлері майда балықтармен, ал майдалары омыртқасыз жануарлар және итшабақтармен қоректенеді. Қорегі үшін 7 м-ге дейін тереңдікке сүңгиді. Жыныстық диморфизм тек күйлену кезінде ғана байқалады: аталықтарында мойны мен басында қауырсындар шоғынан жаға пайда болады. Моногамдар. Жүзіп жүретін ұяларын шіріген су өсімдіктерінен қамыс арасына салады. Ұяда 4-6 жұмыртқа болады. Екеуі кезектесіп шайқайды. Сұқсырлар-ширақ балапан шығарушылар: жұмыртқадан шыққан балапандарын қалың мамық басқан және одан шыға салысымен-ақ жүзеді әрі сүңгиді. Қауып төнген жағдайда ересектері балапандарын арқасына отырғызады немесе қанатының астына жасырады. Қазақстанда 5 түрі ұялайды. Олар: үлкен сұқсыр, немесе чомга (Роdiceps cristatus), кіші сұқсыр (Р.ruficollis ), сұржақ сұқсыр (Р.griseigena), қарамойын сұқсыр (Р.nigricollis) және қызылмойын сұқсыр (Р.auritus).
Түтіктұмсықтылар, немесе Дауылпаздар отряды -Ргоcellariiformes
Бұл қазба қалдықтары эоцен қабатынан белгілі, құстардың өте ежелгі тобы. Қазіргі кезде отрядта 4 тұқымдасқа бірігетін 81 түрі бар, олар тіршілігінің барлық уақытын теңізде өткізеді, ал құрлыққа тек көбею кезінде ғана шығады. Түтіктұмсықтылар барлық мұхиттарда, ең алдымен Оңтүстік жарты шарда тараған. Құстар дене мөлшерімен өте ерекшелінеді: ең майдаларының салмағы 42 г және қанатының ұзындығы 15 см болса (качурка -Осеапоdrота Іеисоrrһоа), ең ірісі - 12 кг тартады, қанат құлашы 4,5 м-ге жетеді (алъбатрос - Dіотеdеа ехиlaus). Денесін тығыз қауырсын жапқан, мамық қауырсындар птерилиялар мен аптерияларда өседі, қанаттары ұзын әрі жіңішке, құйрығы әртүрлі пішінді: қысқа, сатылы, ойық. Аяғының 3 саусағы жүзу жарғағымен байланысқан. Тұмсығы ұзарған, ұшында кішкентай ілгегі болады. Танаулары ерекше түтікке ашылып үстіңгі тұмсықта жатады. Олар толқындарда ұйықтайды, теңіз суын ішеді және теңіз жануарларымен қоректенеді. Балықпен қоректенетін түрлерінде таңдайында үшкір, ішке қарай иілген мүйізді өсінділер болады, осылардың көмегімен жылпылдақ қорегін ұстайды. Планктонмен қоректенетін түрлерінде, үстіңгі жағында мүйізді тақтайшалардан сүзгіш аппарат түзіледі. Барлық түрлері тамаша ұшады, жақсы жүзеді, тек құлдырата түсіп сүңги алады, аздаған тереңдікке батады. Жыныс деморфизмі жоқ. Теңіз жағалауларында шоғырланып ұялайды. Моногамдар. Ұяда бір жұмыртқа болады, оны ересек екі құс кезектесіп шайқайды. Балапанын қалың мамық басқан, бірақ көзі ашылмаған. Отряд өкілдері: кезеген альбатрос (Diomedea exulaus), аңғалаққұс (Ғиlmarus gracialis), алып дауылпаз (Масronectes giganteus), солтүстік качуркасы (Осеапоdrота Іеисоrrһоа), кап көгілдірі(Dарtіап сареnsis) және басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: |