Лекция мақсаты: Құстардың ситематикасымен таныстыру
Лекция мазмұны: Эпиорнистәрізділер отряды - Аеруогnithiformes Қырсыз төсті құстардың жойылып кеткен отряды, Батыс Африка мен Мадагаскарда мекендеген. Олигоценнен белгілі. Құстардың мөлшері өте үлкен: бойы 3 м-ге, массасы 450 кг-ға жеткен. Жұмыртқаның көлемі 9 л-ге жуық. Ұшпаған: төсі жалпақ және аласа, қанаты рудиментті, кәрі жілік және тілерсек сүйектердің қалдықтары сақталған. Күшті аяқтары үшсаусақты, жіліншігі жалпақ әрі жалпайған. Қабырғасында ілгектәрізді өсінділері болмайды. 19 ғасырда адамның тікелей қудалауы және олар мекендеген тропикалық ормандарды қарқынды жою арқасында жойылып кетті.
Моатәрізділер отряды - Dinornithiformes
Жаңа Зеландияда мекендеген жойылып кеткен қырсыз төсті құстар отряды. Миоценнен белгілі, 19 ғасырда жойылып кеткен. Құстардың бассүйегі жалпақ және тұмсығы салыстырмалы түрде қысқа. Төсі шығыңқы, бірақ қырсыз. Жамбасы жалпақ. Алдыңғы аяқтары жойылған, артқы аяқтары үшсаусақты немесе төртсаусақты. Дене мөлшері күрке тауықтай (Апотаloptryx), 3 м-ге жететіндері де (Dinornis) болған. Орманда тіршілік еткен. Шөпқоректі. Аналықтары аталықтарынан ірі.
Кивитәрізділер отряды - Арterygiformes
Отрядқа бір тұқымдас Кивилер (Арterygidae) және 3 түр жатады, олар Жаңа Зеландияның аралдарында тараған. Бұлар жайдақ төсті құстардың ішіндегі ең майдалары, салмағы 2-3 кг. Денесі ұзын тарамданған қауырсындармен жабылған, бағыттаушы қауырсындары болмайды. Тұмсығы ұзын әрі жіңішке, танаулары тұмсығының ең ұшында орналасқан (бұл құстардың арасындағы бірден-бір құбылыс). Иіс-сезу қуысы жақсы дамыған: жемін іздеудегі негізгі рецептор иіс-сезу болуы мүмкін. Тұмсығының түбінде сезгіш қылшықтары-вибристері болады.
Тілі рудиментті. Көзі салыстырмалы түрде кішкентай. Қанат қаңқасы және иық белдеуі күшті редукцияға үшыраған. Аяқтары төртсаусақты. Қаңқасында ауа қуыстары болмайды. Кәдімгі киви (Арteryx australis) қалың әрі ылғалды ормандарда мекендейді, дене мөлшері 20-55 см, түнде белсенді. Қорегінің басым көпшілігі құрттар мен насекомдар, оларды орман төсеніштерінің астынан іздейді. Аналығы бір, сирек екі ірі жұмыртқа салады, оның салмағы 450 г-ға жетеді (аналығының массасының 20%). Жұмыртқаның қатты қабығы өте қалың. Негізінен аталығы шайқайды, ол балапандарын өрбітеді.
Тинамутәрізділер отряды - Тіnamiformes
Отрядқа бір тұқымдас Тинамулар (Тіпатіdae) жатады, Оңтүстік Американың ормандары мен далалы жерлерінде тараған 50 түрді біріктіреді. Пішіні шілдерге ұқсас, майдалау құстар. Қауырсындануы тығыз, птерилиялары мен аптериялары жақсы жетілмеген. Басы үлкен емес, тұмсығы жіңішке әрі ұзын, мойны да ұзын. Қанаттары қысқа және жалпақ. Құйрығы өте қысқа, ал бағыттаушы қауырсындар құйрықтың жабушы қауырсындарының астында орналасқан (жасырын құйрықтылар). Белсенді ұшуға қабілетті, бірақ жерден селқос көтеріледі. Аяқтары күшті, үш немесе төртсаусақты. Қаңқасында ауа қуыстары болады. Ұзын әрі жіңішке төсінде қыр сүйегі жақсы жетілген. Иық белдеуі жақсы дамыған. Тинамуда аша сүйек болады. Жердегі ұяға аналығы 12-ге дейін жұмыртқа салады, оларды аталығы шайқайды. Балапандары ширақ: көздері ашық әрі денесін мамық басқан. Ұрпағына аталықтары қамқор жасайды. Отряд өкілдері: криптурелла (Сrypturellus variegatus), жирен тинаму (Rhinchotus variegatus) және т.т.
Достарыңызбен бөлісу: |