Өзіндік сұрақтары:
1.Құстардың аталық жыныс бездерінің орналасуы
2.Құстардың аналық жыныс бездерінің орналасуы
3.Жұмыртқа құрылысын ата
№10 лекция
Құстардың көбеюі және дамуы
Жоспар:
1.Құстардың жұмыртқалау ерекшеліктері
2.Бластодерманың бөлшектенуі және құрылысы.
3.Жыныстық диморфизм және күйлеу мінез-құлқы
Лекция мақсаты: Құстардың көбеюі мен дамуымен таныстыру.
Лекция мазмұны: Түрлі отрядтардың ұяларында жұмыртқа санының бір-бірінен айырмашылығы болады. Торғайтәрізділер әдетте 4-7 жұмыртқа салады. Ұзынқанаттар, колибрилер, кептерлер, тырналар және бірқазандар бар жоғы 2 жұмыртқа ғана салады. Шағалалар әдетте 2-3 жұмыртқа, ал шалшықшылар әр уақытта 4 жұмыртқа салады. Ірі жыртқыш құстар (қырандар) жыл салып ұялайды және 2 жұмыртқа салады, бірақ оның біреуі ұрықтанбай қалады. Бұл жағдайда біздің құстар ішінде ең алдыңғысы сұр шілдер, соның ішінде бөдене, 26-ға дейін жұмыртқа салады.
Бластодерманың бөлшектенуі және құрылысы. Жұмыртқа жолымен ұрықтанған жұмыртқа өткен кезде бөлшектену (сегментация) процесі басталады. Бөлшектену жұмыртқаның анимальды полюсінде орналасқан аздаған протоплазматикалық учаскесінде жүреді. Сарыуыздың көп массасы бөлінбейді – мұндай жеке бөлшектену дискодиальды деп аталады. Құстарда меробластикалық жұмыртқалар басым, оның дамуы үшін 40°С-ға жуық тұрақты температура қажет. Ұрықтық дискіде 2 учаскені бөлуге болады: орталық-ақшыл және шеткі-күңгірт. Бластодерма клеткасының сыртқы қабаты – эктодерма, ал одан тереңдеу жатқан клеткалар жиыны келешекте мезодермаға және энтодермаға айналады. Бластодерма бірте-бірте өседі, сарыуызды қоршап, ұрықтық бөлімді қалыптастырады, одан ұрық дамиды және ұрықтан тыс бөлім пайда болып ол ұрықтық қапшықты қоршайды, бірақ ұрықтың қалыптасуына қатыспайды. Бұл сатыда ұрықтық дискінің бластодерма ортасы қалыңдайды. Бұл алғашқы жолақ (сайша), онда эктодерма, мезодерма және энтодерма қалыптасады. Ұрықтық дискінің шеттері өсіп, ұрықтық қабықтарды түзейді, олар бірте-бірте сары уызды қоршап алады. Осымен бір мезгілде алғашқы жолақ аймағында қалыптасатын ұрықтың дамуы ары қарай жалғасады. Алғашқы жолақтың алдыңғы жалпақтау үшы Гензен байламы деп аталады (гастропорға сәйкес келеді). Бластодисканың аса мөлдір емес және жуан шеттері күңгірт өріс деп аталады. Гензен байламының алдында бас өсінді (клеткалық жіпше) пайда болады, ол эктодерма мен энтодерма арасына еніп, кейіннен хорда түзіледі. Хорда үстінде орналасқан эктодерма учаскесі кейіннен нерв түтігін түзейді, оның екі жағында сомиттерге бөлінетін мезодерма орналасады, нерв түтігінің алдыңғы ұшы үш ми көпіршігіне бөлінеді. Ұрықтың бас жағындағы ұшы бірте-бірте бластодермалық дискіден бөлінеді. Ұрықтық дискінің шеттерінде өте ерте сатыда көптеген қан тамырлары қалыптасады, олар ұрықты коректендіруге қатысады. Кейіннен ұрықтың айналасында сақиналы қатпар түзіледі, кейіннен ол ұрықты толықтай қоршап ұрықтық қабықтарға айналады: ішкісі-амнион, ал сыртқысы-сероза. Амнион мен сероза арасында тағы да бір ұрықтық қабық - аллантоис қалыптасады, ол ұрықтық өкпе және қуық қызметін атқарады, ол жерге метаболизмнің барлық улы өнімдері жиналады.
Ұрық дамуының алғашқы сатыларында ересек құсқа мүлдем ұқсамайды. Оның басы үлкен, миы мен көзі ірі, мойнының екі жағында 5 жұп жапырақсыз желбезек саңылауы орналасады. Аяқтары қарапайым өсінділер тәрізді және құйрығы салыстырмалы түрде әлі де ұзын. Ары қарай жіктелу процесінде желбезек саңылаулары (біріншісінен басқалары) бітеледі, тұмсық пайда болады, мойны ұзара бастайды, аяқтары қалыптасады, құйрығы кысқарады, сары уыз қапшығы мен ақуыз мөлшері мүлдем азаяды, ал аллантоис, керісінше, үлкейеді. Жұмыртқадан шығар алдында сарыуыз жапшығы мен дене қабырғалары астынан ұштасады, балапан тұмсығын ауа камерасына сұғып, алғашқы рет тыныс алып, тұмсығының ұшындағы кертіктің көмегімен қатты қабықты жарып, сыртқа шығады.
Көптеген түрлердің аталықтары аналықтарына қарағанда реңді, айдары жетілген, “сақалды” болады немесе дене мөлшері үлкендеу (үйректектестер, қырғауылдар, турачтар, құрлар, павлиндер, тауыстар, меңіреу құрлар, торғайтектестер арасында жұмақ құстары, сарғалдақтар-мысықторғайлар, тоқымашылар, отқұйрықтар). Жыныстық диморфизм бұлардан басқа қауырсын, тұмсық, көздің торлы қабаты, терінің жалаңаш жерінің реңі бойынша да байқалады.
Көктем келісімен-ақ құстардың мінез-құлқы күшті өзгереді. Барлық құстар – жыл құстары, көшпенді және отырықшы құстар - өздерінің ұялайтын учаскелеріне жақындай бастайды. Оңтүстік аудандарда солтүстікке қарағанда қозғалыс біршама ерте басталады. Әрбір түрі үшін қолайлы жағдай тууы керек. Жұптасу әр түрде түрліше жүзеге асады. Кейбір құстар өмірінің соңына дейін жұптасады. Оларға: аққулар, ірі күндізгі жыртқыштар, жапалақтар, құтандар, дегелектер және т.б. жатады. Әнші құстар әдетте аз уақытқа, маусым ішінде ғана жұптасады. Ешқашан жұптаспайтын құстарда ұрпақтарына қамқорлық жасау аналықтарының мойнында. Бұл меңіреу құрларға, құрларға, қырғауылдарға тән. Кей жағдайларда бұл керісінше көріністер байқалады, мысалы, солтүстікте мекендейтін қалытқы құс пен үшоймақтардың аналығы ірі әрі реңді болып келеді, ал ұрпақтарына реңі нашарлау сұр түсті аталықтары қамқорлық жасайды.
Көктемде, күйойнақ кезінде, көптеген құстардың реңі өзгереді, ол ашық түсті және әсем. Көптеген түрлерде күйлеу алды құсойнақ басталады – аталықтары әртүрлі кейіпке түсіп, қатты дыбыс шығарады. Көптеген торғайтектес құстардың аталықтары таңертеңнен кешке дейін (бұлбұлдар, сайрауықтар) ән шырқайды. Бұл ән тек аналығына ғана арналмайды, ол осы түрдің басқа аталығына осы территорияның бос еместігі, бұта арасында иесінің отырғаны, өз учаскесі үшін күресуге әруақытта дайын екендігін ескертеді.
Құстарға бір-бірімен акустикалық және оптикалық сигналдармен қарым-қатынаста болу тән. Бір жағынан, ересектері алдымен жұмыртқадан шыққан балапанның іс-әрекеттерін әртүрлі дыбыс шығарып басқарса, соңынан құртты немесе бөктергіні көргенде әртүрлі қыт-қыттап балапандарына белгі беріп, оларды ертеді. Қырғиды немесе жапалақты көрген майда торғайтектестер қауіпті жыртқыштар пайда болғаны туралы шулап, дыбыс береді. Оны көптеген құстардың түрлері түсінеді, жыртқыш құсқа жан-жақтан шабуыл жасайды
Достарыңызбен бөлісу: |