Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет24/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Өзіндік сұрақтары:
1. Жапалақтәрізділер отрядының ерекшеліктері қандай?
2.Сипухалар тұқымдасының ерекшеліктері қандай?


19 лекция.
Су маңайының құстары
Жоспар:
1. Қазтәрізділер отряды - Аnseriformеs
2.Жер үйректер тұқымдастармағына (Сеrеорsіnае)
3.Сүңгуір үйректер тұқымдас тармағына (Nyrосіnае)
Лекцияның мақсаты: Су маңайының құстары жөнінде мәлімет беру.
Лекцияның мазмұны: Қазтәрізділер отряды - Аnseriformеs
Отрядқа Антарктидадан басқа барлық материктерге кең тараған, 2 тұқымдасқа бірігетін 150-ден астам түр жатады. Бұл бор кезеңінің соңында пайда болған құстардың ежелгі тобы. Қауырсындануы тығыз, қатты, мамық денесін тұтастай басқан. Қанаты аса үлкен емес, үшкір. Көптеген құстардың құйрығы қысқа. Аяқтары қысқа, төртсаусақты, үш саусағы жүзу жарғағымен байланысқан. Тұмсығы әдетте жалпайған әрі жалпақ, жұқа сезгіш терімен қапталған, ол тұмсықтың ұшына қарай мүйізденіп жуан-данған ("тырнақша"). Тұмсығының шеттері және тілінде мүйізді тақтайшалар болады, олар сүзгіш аппарат түзейді. Етті қарында тығыз кутикула болады. Қорегі алуантүрлі: су омыртқасыздары, балық, жағалаумаңы және құрлық өсімдіктері. Ұшуы шапшаң, қанаттарын жиі қағады. Суық және қоңыржай ендіктерде мекендейтін көптеген түрлері маусымдық қоныс аударады. Жақсы жүзеді, кептеген түрлері жақсы сүңгиді. Құймышақ безі жақсы жетілген. Құрлықта жақсы жүре алмайды, теңселіп қозғалады. Көптеген түрлері - моногамдар. Жеке жұптасып ұялайды, шоғыр құрып ұялау - сирек. Аталықтарының шағылысу мүшесі болады. Ұясын суға, суқоймаларының жағалауларында, қуыс, ін немесе жартастар арасына салады. Ұясы әруақытта мамықпен төселген, оны аналығы өзінен жұлады, сирек болса да аталықтары да төсеніш жасауға көмектеседі. Ұядағы жұмыртқаның саны түрлі түрлерде түрліше - 2-ден 15-ке дейін. Аналығы шайқайды. Ширақ балапандылар: олар қалың мамықты, жақсы жүгіреді әрі жүзеді, ал кейбір түрлерінде сүңгиді, өздері қорегін табады.
Паламедеялар тұқымдасы (Апһітіdае) Оңтүстік Американың ыстық облыстарьшда мекендейтін 3 түрді біріктіреді. Олар қарапайым қазтәрізділерден бөлінген. Үйректерден бірнеше белгілерімен ерекшелінеді. Аяқтары ұзын, саусақтары да ұзын, жүзу жарғағы жоқ. Қанаттары мен құйрығы салыстырмалы түрде ұзын, қанатының иілген жерінде екі күшті тепкісі (батқы) болады - тұмсығы тауыққа ұқсас. Сүзгіш аппараты болмайды. Су өсімдіктерімен қоректенеді. Қабырғаларында ілгектәрізді өсінділер жоқ, терісі мен қаңқасы күшті ауа қуыстарына толы, осыған орай, бұл құстар көзге ауыр болып көрінгенімен (2-4 кг), жақсы ұшады әрі қалықтайды. Жүзу және сүңгу мәнері қуларға (аққу) ұқсас. Моногамдар. Өкілдері: мүйізді паламедея (Апһіта соrпиtа), қарамойын паламедея (Сһаита сһаvаrіа), кекілді паламедея (Сһ. tоrqиаtа).
Үйректектестер тұқымдасы (Апаtidае) 6 тұқымдастармағына жататын 150-дей түрді біріктіреді. Жыныс деморфизмі анық байқалады: кежектері (аталығы) мекиендеріне (аналығы) қарағанда ірілеу әрі ашық түсті. Салмағы 200 г-н 13 кг-ға жететін су құстары. Жер шарына кең тараған. Тобанаяқ қазүйректер тұқымдас-тармагына (Аnserапіпае) Австралияда мекендейтін бір түр - тобанаяқ қазүйрек жатады. Оның аяғы ұзын, саусақтарының арасындағы жүзбе жарғақтары өте кішкентай, тырнақтары ұзын, ағаш бойымен өрмелеуге бейімделген. Қулар (аққулар) тұқымдастармагына (Суgпіпае) отрядтың ең ірі өкілдері жатады. Реңінде жыныстық деморфизм жоқ. Кең таралған, бірақ ала-құла. Өсімдіктердің суасты бөлімдері: тамыр, тамырсабақ, өркендерімен қоректенеді. Жұбымен жүреді. Аналықтары үлкен ұя жасайды, оған 3-5 жұмыртқа салады. Аталығы жұмыртқа шайқауға қатыспайды, бірақ ұя маңында болады.
Қазақстанда үш түрі: сұңқылдак аққу (Суgnus суgпиs) салмағы 7-10 кг, мойны тік ұстайды, сыбырлақ аққу (С. оlоv) салмағы 13 кг, мойнын 8 тәрізді ұстайды , кіші аққу (С. bеwскіі) салмағы 6 кг. Сұңқылдақ аққу мен кіші аққу Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Австралияда қара қу (С.аtratus) тіршілік етеді. Қаздартұқымдас тармағының (Аnserіпае) өкілдері кең тараған, әсіресе олар тундрада көп. Жыныс диморфизмі жоқ. Қаздардың тұмсықтары биік, жақтары бұдырлы – құрлықта және тайыз су-ларда өсімдіктермен қоректенуге бейімделген. Қаздар көпшілік жағдайда су құстары емес, құрлық құстары. Аяқтары біршама ұзын, құрлықта қозғалуға бейімделген. Барлық түрлері жақсы жүзеді, кейбіреулері жақсы сүңгиді. Ұяларын су қоймаларына жақын жерлерге, құрлыққа екеуі бірге салады, тек аналығы шайқайды, аталығы қасында болады. Ұяға 4-6 жұмыртқа салады. Қазақстанда 9 түрі ұялайды: ең кең тарағаны қоңыр қаз (Апsеr аnser), одан көптеген үй қаздарының тұқымдары шыққан. Қутұмсық қаз (А.суgnoides) - Қытай үй қаздарының арғы тегі; қызыл жемсаулы қараша қаз (Вranta ruficollis) басқа қаздардан мойнының қысқалығымен ерекшеленеді, жақсы жүзеді әрі сүңгиді; маңқа қаз (А. іndicus) ұясын жартастар мен тік жарларға, сирек ағашқа салады. Қырманқаз (А.fabalis) тундрада ұялайды және т.б. Қызылжемсаулы қараша қаз, қутұмсық қаз Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет