Шірнеші торғайлар тұқымдасы (Nectariniidае) Шығыс жарты шардың субтропикасы мен тропикаларындағы ағаштар мен бүта құстарының 108 түрін біріктіреді. Африкада түрлік құрамы алуантүрлі, осы жерде пайда болуы мүмкін. Салмағы 6-20 г. Жіңішке, төмен қарай иілген тұмсығы басынан ұзын. Үстіңгі тұмсықтың шетінде майда бұдырлар болады. Тілі ұзын, жіңішке ұзын науашасы болады. Нектар және насекомдармен қоректенеді, оларды гүлдің күлтесінен шұқып алады. Нектар соруы мүмкін, оны колибри сияқты ауада қалықтап, ұшып жүріп сорады. Кейде жидектермен, бүршіктермен және т.б. қоректенеді. Жақсы шырқайды. Аталықтары біршама ашық түсті. Көптеген түрлері ілініп салбырап тұратын бүйірінде тесігі бар ұя салады. Өкілдері: Манил шірнешісі (Сіппyris sperata), Азия шірнешісі (С.аsiatica ), үлкен шірнешісі (Dreptes thomensis) және басқалары.
Тоқымашы торғайлар тұқымдасы (Рloceidae) Шығыс жарты шардың алуантүрлі ландшафтарын мекендейтін 272 түрді біріктіреді. Пайда болған орталығы Африка болуы мүмкін, ол жерде 220 түрдей құс тіршілік етеді. Салмағы 7-100 г. Қауырсындануы тығыз. Тұмсығының формасы алуантүрлі: жиі конустәрізді, кейде доғатәрізді қыры бойынша иілген, кейде түбі томпиған немесе жалпақ және т.т. Танаулары ашық. Қанаттары дөңгеленген,сирек үшкір. Құйрығы тік не доғал, сирек сатылы. Үні-шырылдау, кейбіреулері жақсы ән салатындар. Аталықтары аналықтарына қарағанда ашық түсті. Басым көпшілігі дәнқоректілер, десе де жидек, бүршік және ір түрлі омыртқасыздарды жей береді.
Көптеген түрлері балапандарын насекомдармен қоректендіреді. Азда-ған тропикалық түрлері негізінен насекомқоректілер. Көптеген түрлері топтанып ұялайды, бір бөлігі - нағыз шоғыр құрып ұялайтын құстар. Басым
тоқышашылар:көпшілік түрлері моногамдар: екеуі бірге ұя жасайды, бiрақ жұмыртқаларын тек аналығы шайқайды, ал балапандарын бірге қоректендіреді. Енді бір түрлері полигамдар, бұл жағдайда барлық қамқорлық аналығының мойнында. Тоқымашылардың біраз түрлері (Аnоmaliospiza туысы) және жесірлер (Viduіnае туысы) - нағыз ұя паразиттері, бұлар жұмыртқаларын басқа құстардың ұяларына салады. Ұясы бар уақытта жабық, әдемі, әртүрлі пішінді: шартәрізді не алмұрттәрізді ұяларында бүйір тесігі болады, кейбіреулері қауымдасып ұя салады. Мысалы, Африка қауымшыл торғайының (Рһіletairus socius) бірнеше ондаған жұптары (200 және одан да көп) бірігіп ортақ шатыр жасайды, оның астында жеке ұяларын салады. Мұндай қауымды ұяның диаметрі 5-7 м, биіктігі 3 м-ге жеттеді. Жұмыртқа саны 2-ден 7-ге дейін жетеді. Африка саванналарында қызылтұмсық тоқымашы (Gиеlеа qиеlеа) тіршілік етеді, олардың шоғырында бірнеше миллион жұп болады; бір ағашта 400-600-ге дейін ұя орналасады. Қазақстанда 7 түрі мекендейді. Олар: үй торғайы (Раssеr domesticus), түз жауторғайы (Р. топtanus), сексеуіл торғайы (Р. аттоdendri), қаратөс торғай (Р. һіspaniolensis), қылаң торғай (Р. іпdicus), тас торғайы не шуылдақ торғай (Реtrопіа реtrопіа) және басқалары.
Құнақтар тұқымдасы (Ғringillidае) Австралия, Жаңа Зеландия және Мадагаскардан басқа жерлерде кең тараған 122 түрді біріктіреді. Салмағы 7 г-н 100 г-ға жетеді. Қауырсындануы қалын әрі тығыз. Тұмсығы азды-көпті конустәрізді, түбі жалпақ әрі биік, кейде біршама томпиған. Танаулары жартылай қылтәрізді қауырсындармен жабылған. Тырнақтары күшті иілген. Қанаттары дөңгеленген немесе аздап үшкірлеу. Құйрығы шорт кесілген, дөңгеленген немесе айыр, сирек-сатылы. Тұқымқоректі құстар. Бірақта барлық түрлері азды-көпті әртүрлі омыртқасыздары жейді. Басым түрлерінде аталықтары аналықтарынан ірі. Көптеген түрлері жақсы шырқайды. Жеке жұп құрап, сирек топтанып ұялайды. Моногамдар, тропикалық түрлерінде полигамия болады. Ашық тостағаншатәрізді ұяларын ағашқа, бұтаға, жерге жәнет.б. салады. Ұяда 3-7 жұмыртқа болады. Оларды аналығы шайқайды, аталығы оны қоректендіреді. Балапандарын екеуі өрбітеді.Қазақстанда 32 түрі кездеседі Олар:. шырша қайшы- ауызы (Loxia curvirosta), суықторғай (Руrrһіlа сіпеrасеа), арша ементұмсығы (Мусеrobas carnipes), пайызторғай (Саrduelis саrduelis), сарышымшық (Spinus spinus), жаурауық (Ғringilla соеlebs), інжуқұнақ (Leucosticte brandti), шекілдек (Асапthis flаттеа), шоңайнақ (А. саппаbiпа), кезқұйрық самырқұс (Uragus sibiricus), үлкен құралай (Саrpodacus rubicilla) және басқалары.Соңғысы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Сұлыкештер тұқымдасы (Етberizidае) - Ескі және Жаңа дүниенің қоңыржай аймағына тараған 197 түрді біріктіреді. Орталық және Оңтүстік Америкада түрлік құрамы алуантүрлі, олар Австралияда мүлдем кездеспейді. Негізінен ашық кеңістіктерді - дала, орманды дала, тундрада мекендейді. Қауырсындануы жұмсақ әрі қалың. Кейбір түрлерінің басында айдары болады. Тұмсығы конустәрізді, түбі томпимаған. Үстіңгі және астыңғы тұмсықтардың шеттері түйіспейді, бұл жерде жіңішке саңылау болады. Қанаттарының пішіні және ұзындығы әртүрлі. Құйрығы доғал, сатылы немесе айыр. Өсімдіктермен қоректенеді, насекомдарды да ұстайды. Балапандарын насекомдармен қоректендіреді. Тостағанша тәрізді ұясын жерге, сирек бұтаға орналастырады. Ұядағы 4-6 жұмыртқаны шайқауға және балапандарын қоректендіруге екеуі қатысады. Қазақстанда 32 түрі кездеседі Олар: кәдімгі сұлыкеш (Етberizaа сіtrіпеllа), қамыс сұлыкеші (Е.schoeniclus), тау сұлыкеші (Е. сіа), еменшіл сұлыкеш (Е. аиrеоlа), тарышыл сұлыкеш (Е. саlandrа), сары сұлыкеш (Е.bruniceps), қызылқұлак, сұлыкеш (Е. сіoides) жөне басқалары. балғашық сүйектерге айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |