Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2020


Өз-өзін басқаларға таныстыру



бет24/29
Дата04.10.2022
өлшемі399 Kb.
#151519
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Лекция Практикалық психология

Өз-өзін басқаларға таныстыру ( өзін презентация жасау) – топтаң алдында толық ашылу процесі. Өзін таныстыру барысында клиент басқаларға өзінің ерекшеліктерін толық бейнелеп береді.
Кері байланыс барысында қатынасушылардың біреуі басқалардың мінез-құлқы мен қылықтарына өзінің әсерленуін айтып, олардың көрсеткен өрескіл мінез ерекшеліктерін өңдеу мақсатымен талдау жүргізіледі. Бұл әрекет барысында қатынасушылар бір-біріне арнайы белгілер арқылы өрескіл мінезі туралы мәлімет береді. Басқалардың берген «белгі» ескертуі арқылы әр адам өз мінезінің шектен шыққан жерлерін тауып, оны өңдеуге мүмкіндік туады. Кері байланыс барысында басқалардың мінезіне сын баға беруден көрі оған эмоционалдық реакциямен жауап берген дұрыс болады. Мысалы: «Сен тәртіпсіздік көрсеттің» - деп айтудың орнына «Сен менің сөзімді бөлгеніңде мен саған ренжіп қалдым» - деген ескертудің әсері тереңірек болады және ренжіш туғызбайды. Кері байланыс барысында қатынасушылардың мінез ерекшеліктерін көпшілігі бірдей бағаласа оның түзетулік әсері арта түседі. Топта жүргізілетін осындай эксперименттер әртүрлі немесе бір-біріне ұқсас жағдайлардан шығудың көптеген варианттарын іздеуге негізделеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Байбекова М.М.,Жантасова Ж.Н.Психологиялық кеңес беру.Шымкент,2015ж.
2. Джаздықбаева М.Б. Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқу құралы / М.Б. Джаздықбаева.- Түркістан, 2018ж.
3. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
4. Куанышбаева З.Б. Тұлғаны педагогикалық психологиялық диагностикалау. Оқу құралы. Шымкент,2017ж.
5. Байбекова М.М.,Ибраева П.М.Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,әдістемелер мен жаттығулар.Шымкент,2012.
6. Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы. Алматы, 2012.
7.Садуова Ж.Н. Психология. Оқу құралы / Ж.Н. Садуова, Т.А. Ырбаев, Н. Шалхарбекова.- Шымкент, 2018ж.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Психологиялық түзетуді қажет ететін ситуациялар қандай?
2. Психологиялық түзету жұмыстарының мақсаты, міндеттері қандай?
3. Психологиялық түзету жұмысының бағдарламаларына сипаттама беріңіз.
4. Психологиялық түзету және дамыту дегеніміз не?
12. Лекция тақырыбы: Психологтың кәсіби шеберлігі және этикалық нормалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет