Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2020



бет29/29
Дата04.10.2022
өлшемі399 Kb.
#151519
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Лекция Практикалық психология

психодиагностика – баланы психологиялық зерттеудің психологиялық тест сияқты әдістерін қарастырады. Психолог психологиялық зерттеудің тиімді әрі нақты нәтиже беретін түрлі тәсілдер арқылы баланың немесе ересек адамның психологиясына, мінез-құлқына психологиялық сипаттама беруі;
психологиялық кеңес үш деңгейден тұрады:
1) психодиагностикалық зерттеудің нәтижесіне сәйкес үлкен де, кіші де жүзеге асыра алатын, оң нәтиже беретін психологиялық-педагогикалық кеңес ұсыну;
2) консультативтік көмекке мұқтаж жандармен әңгіме жүргізу. Ол әңгімеде балалар мен ересектер үшін қажет психологиялық-педагогикалық кеңестер қамтылуы керек;
3) мұғалімдер және ата-аналармен жүргізілетін жұмыс олардың (мұғалімдер мен ата-аналардың) психологиялық тұрғыдан түсіне білу мүмкіндіктерін ұштауы қажет;
психопрофилактика - психолог маман баланың мінез-құлқына жіті көзбен қарап, психологиялық жағымсыз жағдайлардың (психикалық даму тұрғысынан артта қалу, жаман әдеттерге бой алдыру, т.с.с.) алдын алу, себебін анықтау, дер кезінде танып-біліп, оны жоюға ат салысуы;
психокоррекция – бұл жұмыс түрі балалар мен ересектердің мінез-құлқындағы кемшін тұстарды жоюға бағытталады. Мұнда психолог психологиялық коррекцияның психотерапия, әлеуметтік-психологиялық тренинг, аутотренинг т.с.с. әдістерін меңгеруі қажет.
Мектеп психологы психологиялық қызметтің төрт бағытын бір мезгілде қолданады. Психологиялық қызметтің көп деңгейлі күрделі жүйесі психолог маманнан терең теориялық білімді, іскерлікті, кәсіби шеберлікті қажет етеді. Өйткені жоғарыда аталып өткен психологиялық қызметтің төрт түрі үлкен-үлкен төрт түрлі мамандықтың: психодиагност, консультант, психопрофилактик, психокорректордың қызметтерін қамтиды.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Байбекова М.М.,Жантасова Ж.Н.Психологиялық кеңес беру.Шымкент,2015ж.
2. Джаздықбаева М.Б. Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқу құралы / М.Б. Джаздықбаева.- Түркістан, 2018ж.
3. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
4. Куанышбаева З.Б. Тұлғаны педагогикалық психологиялық диагностикалау. Оқу құралы. Шымкент,2017ж.
5. Байбекова М.М.,Ибраева П.М.Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,әдістемелер мен жаттығулар.Шымкент,2012.
6. Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы. Алматы, 2012.
7.Садуова Ж.Н. Психология. Оқу құралы / Ж.Н. Садуова, Т.А. Ырбаев, Н. Шалхарбекова.- Шымкент, 2018ж.


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Психологиялық қызмет жайлы түсінік мақсат, міндеттері қандай?
2. Психологиялық қызмет іс әрекетінің түрлеріне сипаттама беріңіз.
3. Психологиялық қызметтің этикасы қандай?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет