Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Психологтың нормативтік құжаттары қандай?
2. Психологиялық қызмет туралы ережеге сипаттама беріңіз.
3. Психологиялық бөлме немесе психологтың қызмет ету кеңістігі туралы не білесіз.
4. Психолог – экспериментатор мен психолог-практиктің жекелеген қасиеттері қандай?
№14. Лекция тақырыбы: Психологиялық кеңес беруге бихевериолды көзқарас.
Мақсаты: Студенттерге психологиялық кеңес берудің жүйелік тәсілдері, отбасылық кеңес беру жұмыстары және кеңес берудің теориялары мен тәжірибесі туралы білімін жетілдіру.
Лекция жоспары:
1. Психологиялық кеңес берудің жүйелік тәсілдері.
2. Отбасылық кеңес беру жұмыстары.
3. Кеңес берудің теориялары мен тәжірибесі.
Лекция мәтіні:
Психологиялық кеңес беру- бұл психологтың профессионалдық іс-әрекетінің бір түрі. Психологиялық кеңес беруді практикалық психологияда жалпы негізгі аймақ болып табылады. Психологиялық кеңес берудің негізгі әрекеті тек клиентпен ғана. Ол ең біріншіден, оның яғни клиенттің сенімінен шыға білу. Ал, екіншіден оны түсінуі керек. Оның қиын проблемаларынын көңілді әрі оңай түрде шығуына көмектесіп, кеңестер, бағыттар беріп отыруы керек. Кеңес беру психологиясы клиентпен жұмыс кезінде клиенттің проблемаларының күрделілігіне қарай бірнеше сенастарға созылуы мүмкін. Ең алғашқы сеанссаясында психолог пен клиент арасында өзара әңгіме жүреді. Яғни, клиент өзі жайлы баяндап, не алаңдататынын және қандай проблема мазалайтынын айтып береді. Бұл 10 минуттан 30 минутқа немесе бір сағаттан екі сағатқа созылуы мүмкін. Ал, психолог өз кезегінде клиентін ұқыпты тыңдап, проблемаларын талқылай бастайды. Сеанс кезінде клиенттің проблемаларын практикалық түрде шешу және клиенттің жекелілігі (тұлғалылығы) бағаланады. Кеңестер немесе рекомендация кезінде клиентке қойылатын талап: психолог- консультантқа сеніп, толықтай проблемаларын шешіп беретіндігіне сенуі керек.
Кеңес беру кезінде психолог әртүрлі әдістерді де қолдануға болады. Олар кеңес беруге лайықты методикалар. Клиенттің проблемалары ауыр немесе қиын болатын болса, жоғарыда айтылғандай бір немесе екі сеанспен нәтиже шығаруы мүмкін емес. Клиенттің бір ғана емес, бірнеше проблемалары болуы мүмкін. Сол кезде психолог әр проблемаға жеке-жеке (проблемаға сай) кеңесті қолданады. Клиент тұрғысынан аталған проблемалардан бірден нәтиже шығаруы мүмкін емес. Оған кеңес беруші жағынан да көмек болуы керек. Егер кеңес беруші клиентке деген яғни, оның проблемаларынан арылуға деген сенімділігі жеткіліксіз болса, онда ол клиенттен болмақ. Себебі, ол өз эмоциясын және мінез-құлқын басқара алмайды деген сөз. Көбінесе, психологконсультантқа адамдар физиологиялық-психологиялық денсаулығы жағынан да келуі мүмкін. Психологиялық кеңес беру практик- психологтың кәсіби іс-әреккетіндегі негізгі бағыт: адамға танымдық деңгейі жоғары, өзіндік таңдалған өмірлік стратегиясын жүзеге асыра алатын, өзз өміріне жауапты тұлға ретінде қалыптастыру. Психологиялық кеңес беру психотерапиядан шартты түрде бөлініп шыққан ғылым саласы. Себебі, кеңес беру кезінде психотерапиялық әдіс тәсілдер жиі қолданылады. әйтсе де, кеңес беру психологиясы психотерапия саласынан жоғарылау болып есептелінеді.
Психолог-кеңес берушіге қойылатын жалпы талаптар:
- Психолог-кеңес беруші өзінің клиентке берген ұсыныстарына толық жауапкершілікте болуы керек.
- Психолог-кеңес берушінің практикалық қызметі моральді этикалық және юристтік негіздерге сүйене білу керек.
- Психолог-кеңес беруші қызметі адамгершілік мақсаттарға бағытталады. Клиенттің интелектуалды және тұлғаның даму жолындағы кедергілерді жоюға, көмектесуге бағытталады.
- Психолог-кеңес беруші өзінің жұмысын клиент жеке тұлғасын, құндылықтарын сыйлау арқылы жүзеге асырылады. Психолог-кеңес беруші адамгершілік құқықтарын сыйлау керек.
- Клиентпен жұмыс барысында психолог-кеңес беруші шыншылдық пен ашықтық принциптерін басшылыққа алады. Сонымен қатар ол өзінің берген ұсыныстарында өте сақ болуы қажет.
Кеңес беру психологиясы практикалық психологияның түрі ретінде мынадай мақсаттар қояды:
1. Клиентке пайда болған проблемаларды оперативтік тұрғыда шешу.Адамдарда көмекті қажет ететін,тығырықтан шыға алмайтын жағдайға көп түсіп жатады. Сол жағдайда клиент психолог-консультанттың алдында көп күш жұмсап, көп уақыт алуға болмайды. Жалпы ауыр проблемаларды оперативті деп атайды. Осындай оперативті проблемаларға тез арада психологиялық көмек көрсету, яғни ауызша кеңес белу немесе проблемасын шешу ауыстырылмайды.Мысалы,бала мен ата-ана арасында маңызды проблема болуы мүмкін, сол кезде олар өзара қарым – қатынас ұйымдастыра алмайды. Бұл баланың физикалық және психологиялық жағынан да зиян болады.
2. Психолог-консультант өзінің жоғары психологиялық білімінің негізінде клиентте пайда болған сұрақтарына толықтай жауап іздеуі және өзінің проблемасын баска адамдардың араласуына жол бермей, өзі шығуын қамтамасыз етуі керек. Психолог тек кеңес,бағыт қана береді.
3. Клиентке көмек беру кезінде психолог-консультант клиентке ішіндегі жағымсыз эмоцияларын сыртқа шығаруға көмектесуі керек және ол тек психолог пен психотерапевт алдында ғана емес,жеке өзара іс-әрекетте де шығара білуі қажеттігін ескертеді.
4. Клиентте өзінің прблемасына деген дұрыс түсінік қалыптасқан кезде, бірақ толықтай дұрыстығына көзі жетпесе,онда психолог-консультант клиентке кәсіби және моральді көмек беріп, өзіне толықтай сенім қалыптастыру керек.
5. Клиентпен жұмыс кезінде психолог тек кеңес берудің ғана қажеттілігімен шектелмей,психокоррекциялық және психотерапиялық көмектің де жеткілікті түрде проблемесын шешуде оңтайлы көмек болатынын түсіндіруі керек.
Отбасына кәсіптік әлеуметтік – психологиялық көмек көрсетудің негізін құрғандар – психиатрлар мен психотеропевттер. Отбасына кеңес берудің психологиялық моделі психоанализ негізінде пайда болды. Оны құрушылар теориялық көзқарастарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
1. Психодинамикалық көзқарас. Бұл топқа М.Боуеннің отбасына психологиялық кеңес беру тұжырымдамасы мен М.Ульрихтің отбасына тиянақты психологиялық көмек көрсету концепциясын жатқызуға болады.
2. Бихевиористік көзқарас. Бұл көзқарас шеңберіндегі нәтижелі кеңес берудің анықтаушы шарты себептерге емес, «қалай», «қашан», «қайда», «не» деген қамқорлық көрсетумен шектеледі. Негізін құрушылар Д.Тиболт, Г.Кенлей жақсы отбасы ұтылыс пен ұтыстың, жаза мен ынталандырудың арасындағы теңдік жағдайында болады деген болжам ұсынған.
3. Гуманистік көзқарас. Отбасына көмек көрсетудің психотерапевтік моделін АҚШ ғалымы Карл Роджерс ұсынған. Ол кеңес алушы проблемаларына бағытталған әрекеттерге негізделген.
4. Психологиялық кеңес берудің моделі. Отбасына психологиялық кеңес берудің моделі В. Кемплердің жасаған сынақ тәжірибелеріне негізделген. Мұндағы отбасына кеңес берудің мақсаты – мейлінше нәтижелі кездесулердің сынағынан өтуге көмектесу. Психологтың ұйымдастырған кездесулері отбасын қолдайтындай хал-ахуал туғызады, өзінің жекелігі мен тілегін білдіру мүмкіндігін ғана беріп қоймай, сонымен бірге басқа да ойлағаны мен тілегін білу, қажеттілігінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Отбасының қиындықтары «осы жерде және қазір» деген жағдайда талқыланады.
5. Құрылымдық моделі. С.Минухиннің отбасына кеңес берудің құрылымдық моделі бойынша отбасылық жүйе құру мен қайта құру жөніндегі үздіксіз эксперимент ретінде түсіндірілді. Отбасы құрылымын отбасындағы өзара әрекеттестік әдістерін қалыптастыратын талаптар мен функциялар торабы құрады. Отбасы келесідей жүйеліліктерден тұрады: ерлі-зайыптылар жұбы, олардың ата-аналары, балалары.
6. Кеңес беру моделінің стратегиясы. Кеңес берудің бұл моделі Дж.Галлей, адамдар өздерінің жеке көзқарасы жүйесінің құрылымдары шеңберінде өзін-өзі қисынды ұстау туралы ережелерінен туындайды. Көзқарасы жүйесінің құрылымы – бұл дүние, басқа адамдар, өзі туралы қорытындылардың жиынтығы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Байбекова М.М.,Жантасова Ж.Н.Психологиялық кеңес беру.Шымкент,2015ж.
2. Джаздықбаева М.Б. Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқу құралы / М.Б. Джаздықбаева.- Түркістан, 2018ж.
3. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
4. Куанышбаева З.Б. Тұлғаны педагогикалық психологиялық диагностикалау. Оқу құралы. Шымкент,2017ж.
5. Байбекова М.М.,Ибраева П.М.Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,әдістемелер мен жаттығулар.Шымкент,2012.
6. Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы. Алматы, 2012.
7.Садуова Ж.Н. Психология. Оқу құралы / Ж.Н. Садуова, Т.А. Ырбаев, Н. Шалхарбекова.- Шымкент, 2018ж.
Достарыңызбен бөлісу: |