Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2020


Барлық 15 апталық сағат саны



бет6/29
Дата04.10.2022
өлшемі399 Kb.
#151519
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Лекция Практикалық психология

Барлық 15 апталық сағат саны

Дәріс



30

1 Лекция тақырыбы: Практикалық психология және психологиялық көмек туралы жалпы түсінік.
Мақсаты: студенттерге практикалық психологияның пәні, мақсаты мен міндеттері және практикалық психологияда жеке адамды зерттеу мәселелері туралы жалпы түсінік қалыптастыру.


Лекция жоспары:
1. Практикалық психологияның пәні, мақсаты мен міндеттері.
2. Практикалық психологияда жеке адамды зерттеу мәселелері.
3. Практикалық психология мен психотерапияның байланысы.
4. Әлемдегі психология дамыуының негізгі тенденциялары және психологиялық білім беру.


Лекция мәтіні: 
Психологияда жеке адамның психологиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуге пайдаланылатын әдістемелр жиынтығы мен технологиясын психокоррекция деп пайдаланады. Оларды баланың жас ерекшеліктеріне байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырып, жинақтағандардың бірі А.А.Бодалев және оның зертханасында істейтін ғалымдар болды. Психологиялық кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге, бастауыш сынып оқушыларына және жоғары сыныптағыларға деп жіктеліп көрсетілді.
Психологияны өмір тәжірибесіне кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуіда. Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру т.с.с. Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, семья бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.
Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі тиіс екендігіне бір жақты жауап беру оңай емес. Негізінде, маманның қабылдауында болған адам психолог туралы және психологиялық қызмет туралы пікірі жақсы болуы керек және психологпен кездескеннен кейін, егер ол адам шынында да өзін жақсы сезінсе, проблемаларын шешуге мүмкіндік бар екеніне көзі жетсе, онда кеңес берудің оң әсері бар екені қосымша дәлелдеуді талап етпейді. Кеңес берілгеннен соң клиент жете түсінбеген және дұрыс бағаламаған жағдайлар кездеседі. Бірақ уақыт өте келе, сол адам психолог сөзінің, оның берген кеңесінің дұрыс екеніне түсіне бастайды. Сондай-ақ кеңес беруші де, егер клиентпен кездесу одан әрі жалғасса, психодиагностика барысында анықталған проблемаларды түсіндіру кезінде кейбір мәселелерді клиент жете тыңдамағанын және қабылдамағынын байқауы мүмкін. Бұл жағдай психологтан өз қызметін клиентке жете түсіндіру қажет екенін көрсетеді.
Психологиялық кеңес берудің тиімділігінің басты көрсеткіші - клиенттің қанағаттанушылығы болып есептелінеді. Дегенмен көп нәрсе кеңес алуға келген адамның проблемаларының сипатымен анықталады. Мысалы, жапа шеккен адам кеңес беруден соң өзін біршама жеңіл сезініп, болашағы жақсы болатынына сенімі нығайуы мүмкін және тиіс, ал кеңес беруші оның қайғысын, тағы басқа эмоционалдық жағдайын жеңілдетуге тырысуы қажет. Келесі бір жағдайда эмоциалдық жағдайды жеңілдету кеңес берушінің тікелей мақсаты болмауы мүмкін: себебі психологпен жүргізген әңгіме пайдалы болғанын сезінген клиент өз проблемаларын өте терең, ауыр және өткір сезінуі мүмкін. Өткен проблеманы талдау барысында оның мән-мағнасына терең малшыну мен бірге келген өзінің сол оқиғаның орын алуына себекер болғанын түсіну, оқиғаға өзінің кінәлі екенін, жауапкершілік өз мойнына жүктелетіндігін сезіну, оны мойындау оңай емес. Бұл жағдайда клиент кеңес беру процесінен үлкен нәр алып, қанағаттанады деп айту өте қиын. Дегенмен себептерін толық талдау арқылы өз кінәсін мойындаудың өзі клиенттің басқаларды кінәлаудан бас тартып, біртіндеп эмоционалдық зорлану жағдайынан шығуына негіз болады.
Психологиялық кеңес берудің табысты болуы көбінесе кеңес берушінің клиентті мұқият тыңдауы және шағымданушының өзі жеке басында болған оқиғасы туралы түсінігін кеңейту секілді міндеттерді шешуіне тәуелді. Психологтың көмегіне сүйенген көптеген адамдардың шынайы проблемасы – олардың өздерін не толғандырып жүргені туралы сырын ешкімге айта алмауында. Кеңес берушінің оларды мұқият тыңдай алуы мен түсінетіндігі өте маңызды, осы қатынастың өзі белгілі оң өзгерістерге алып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет