Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2020



бет8/29
Дата04.10.2022
өлшемі399 Kb.
#151519
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
Лекция Практикалық психология

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Байбекова М.М.,Жантасова Ж.Н.Психологиялық кеңес беру.Шымкент,2015ж.
2. Джаздықбаева М.Б. Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқу құралы / М.Б. Джаздықбаева.- Түркістан, 2018ж.
3. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
4. Куанышбаева З.Б. Тұлғаны педагогикалық психологиялық диагностикалау. Оқу құралы. Шымкент,2017ж.
5. Байбекова М.М.,Ибраева П.М.Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,әдістемелер мен жаттығулар.Шымкент,2012.
6. Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы. Алматы, 2012.
7.Садуова Ж.Н. Психология. Оқу құралы / Ж.Н. Садуова, Т.А. Ырбаев, Н. Шалхарбекова.- Шымкент, 2018ж.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Идеалды психолог, идеалды клиент ұғымдарына сипаттама беріңіз.
2. Потенциалды тапсырыс беруші дегеніміз не?
3. Ұғымдарының шетел және отандық практик-психологтар еңбектерінде ғылыми талқылануы.
4. Клиентпен жұмыс жасау ерекшелігі неде?
5. Психологиялық кеңес берудің қағидаларына сипаттама беріңіз.
3 Лекция тақырыбы: Әлеуметтік психологиялық тренингтер.
Мақсаты: студенттерге Әлеуметтік психологиялық тренингтерге тапсырыс, әлеуметтік психологиялық тренинг ұйымдастыру принциптері туралы жалпы түсінік қалыптастыру.


Лекция жоспары:
1. Әлеуметтік психологиялық тренингтерге тапсырыс.
2. Әлеуметтік психологиялық тренингті психодинамика тұрғысынан түсіндіру.
3. Әлеуметтік психологиялық тренинг ұйымдастыру принциптері.
4.Әлеуметтік психологиялық тренинг әдістері.


Лекция мәтіні: 
Психокоррекция жүргізу мақсатымен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:
1. Нормативтерді құру коррекциясы.
2. Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы. Бұл мәселе «Тәжірибелік психология» оқулығының келесі бөлімінде қарастырылады. Өйткені бұл екі бағыт бір-біріне тәуелсіз жүзеге асырылады.
Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез-құлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі және клиентке өзінің жан дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеді.
Сонымен қатар әр жас кезеңінің және әлеуметтік ортадағы әр адамның атқаратын рольдер репертуарына, клиенттің алдында тұрған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекцияны жүргізудің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Мектепке дейінгі жас кезеңдегілердің негізгі проблемасы мектепте оқытуға даярлығымен байланысты екендігі жоғарыда айтылған. Сондықтан бұл жас кезеңіндегілермен коррекциялық жұмыстар олардың таным процестерін жетілдіру және мектеп режиміне үйрету, сыныптағы балалармен, оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемділігін қалыптастыру, қысқаша айтқанда оның барлық көрсеткіштері бойынша мектеп өміріне даярлау болып табылады. Бастауыш сыныптарда бұл бағыттағы психологиялық қызмет көрсету жалғастырылады.
Жеткіншек жас кезеңіндегілермен жүргізетін психокоррекция, басқа жас кезеңдегілерден жиірек орын ала. Оның себебі осы жас кезеңінің көптеген ерекшеліктерімен байланысты. Балалардың өтпелі жас кезеңінде басынан кештін қиындықтары психокоррекциялау және психологиялық кеңес берудің негізгі себетері болып табылады. Жеткіншектерде жиі кездесетін акцентуация, агрессия, дидоктогенді невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигііп, оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві, кей кезде, оқу ісінде басты болудан қалады, өйткені баланың құндылықтарды бағалауы, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде жүйкеліктің болмауы, кейінгі кезде орын алған аралық аттестациялауға баланың ішкі даярлығының төмен болуы олардың психологиялық жағдайының бұзылуына алып келуі мүмкін. Невроз - тұлғалық дамудың ауруы. Мектеп неврозының көріну шеңбері тым кең. Бірақ олардың невротикалық жағдайға апаратын себептерінің бастылары, мазасыздану, әуреге түсу және баланың жанының жарақаттануы. Бақылау нәтижелері көрсеткендей, егер оқушыларға невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударылса, адаптациялық қасиеттерін тұрақты етуге дер кезінде көмек көрсетілсе, ол кісіде психогендік ауытқулардың дамуын тоқтатуға болады.
Баланың жан дүниесінің жарақаттануына отбасындағы жағдайы да өз үлесін қосуы сирек емес. А.С.Спиваковская отбасындағы және мектептегі қарым-қатынастардың ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде олардың балаға позитивті және негативті әсерлерін зерттеу нәтижесінде отбасылық психологиялық климатты сыныптастырып, оларды «театр», «санатория», «қамал», «вулкан», «маскарад» деп атаған. Осы жағдайлар балалардың мінез-құлқында көптеген ауытқулар тудыруы мүмкін. Олар келесі кең тараған себептерге байланысты болуы мүмкін:
- отбасындағы психологиялық жағдайдың теріс мағнадалығы;
- балалардың созылмалы соматикалық ауруларға ұшырағандығы және оларға айналасындағылар, отбасындағылар уақытылы қолдау көрсетіп дұрыс тәрбие бере алмасағанымен байланысты оларда өз-өзін төмен бағалау, «жарыместік», «сапалы еместік» сезімнің орын алуы;
- мектепке қабылданған кезде мектеп режиміне адаптациядан өте алмағандығына байланысты мектептік мазасызданудың орын алуы;
- жеткіншектің қатарларымен достық, жолдастық қатынасты дұрыс құра алмауы, нәтижесінде оларда дараланып аномалды дамуы т.с.с. себептер.
Осы проблемаларды шешуге психологиялық көмек көрсету, психопрофилактика, психокоррекция жасау және басқа мұқтаждарға көмектесетін шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Оның ішінде баланың дамуын диагностикалау, оның барлық мүмкіндіктерін ашу және балалармен, олардың ата-аналарымен, мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде коррекциялық көмек көрсету қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет