Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2020



бет11/29
Дата04.10.2022
өлшемі399 Kb.
#151519
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
Лекция Практикалық психология

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Байбекова М.М.,Жантасова Ж.Н.Психологиялық кеңес беру.Шымкент,2015ж.
2. Джаздықбаева М.Б. Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқу құралы / М.Б. Джаздықбаева.- Түркістан, 2018ж.
3. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
4. Куанышбаева З.Б. Тұлғаны педагогикалық психологиялық диагностикалау. Оқу құралы. Шымкент,2017ж.
5. Байбекова М.М.,Ибраева П.М.Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,әдістемелер мен жаттығулар.Шымкент,2012.
6. Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы. Алматы, 2012.
7.Садуова Ж.Н. Психология. Оқу құралы / Ж.Н. Садуова, Т.А. Ырбаев, Н. Шалхарбекова.- Шымкент, 2018ж.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Гештальт-топ дегеніміз не?
2. Психодрамалық топқа сипаттама беріңіз.
3. Комуникативтік тренинг қандай тренинг түрі?
4. Кикілжің бойынша тренинг. Қайғы психотерапиялық тренингтеріне тоқталыңыз.
5.Трансакция ұғымы дегеніміз не?

5 Лекция тақырыбы: Арттерапия.


Мақсаты: студенттерге арттерапияның негізгі бағыттары және даму тарихы, Арттерапиядағы негізгі процедуралар: сурет салу, жабыстыру туралы білімін жетілдіру.


Лекция жоспары:
1. Арттерапия туралы ұғым.
2. Арттерапияның негізгі бағыттары және даму тарихы.
3. Арттерапиядағы негізгі процедуралар: сурет салу, жабыстыру.
4. Денеге бағытталған терапия.


Лекция мәтіні: 
оғамның экономика мен рухани саласындағы түбегейлі өзгерістері мен олардың жағымсыз салдары көптеген адамдарда үрей туғызады, ертеңгі күнге деген сенімсіздік пайда болады, адамның ішкі әлемі ауыр уайымдарға толады, ал бұлардың барлығы отбасылық қарым-қатынасқа кері әсерін келтіреді. Бұл дегеніміз халыққа әлеуметтік көмек көрсету формалары мен әдістерін жан-жақты дамытуға қажеттіліктің жоғарылауын білдіреді.
Әлеуметтік жұмыс саласындағы маман ғана қазіргі терапевтік ықпал ету әдістерін меңгере отырып, соматикалық және психикалық ауытқулардың шешімін түсіндіре алады. Адамды өзінің мәселелерімен, уайымдары және қиындықтарымен бірге индивидуалды біртұтастық ретінде қабылдау арқылы, әлеуметтік қызметкер өз тәжірибесінде мақұлданған әдістерді пайдаланумен терапевтік көмекті әсерлі ете алады.
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия әдісі болып табылады. Арт-терапия әдісі даму үстіндегі психотерапия әдістерінің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде, яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш Адриан Хилл енгізген болатын. Осы психотерапияның түрі, яғни арт-терапияның мән жайын ашу және оны қазақ тіліндегі ортада бейімдеуді іске асыру. Сонымен қатар осы арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар туралы айтылады.
Арт-терапия терминін (art-therapy тікелей аударғанда қазақша баламасы “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді) қолданысқа 1938 жылы Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылармен жұмысында алғаш рет енгізген. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулық сақтау орталықтарда жүргізілетін өнерге қатысты қызметтердің барлық түріне қолданыла бастады. Бірақ көбісі бұл анықтаманы өте кең мағынада және нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Символдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерден және кейінгілерден бақылауға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз символикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрлыспен пайда болған көрініс болып табылады. Біздің дәуірімізде бұл өнердің жаңа стильдерінің пайда болуы моральдық, мәдениетті құндылықтардың өзгеруінің дәлелденуіне себеп болды.
Ендігі кезекте арт-терапия әдісінің дамуына және оның бағыттарына толығырақ тоқталып өтсек. Арт-терапия әдісі дамуының бастауы- на психоанализдік көзқарастар әсер етті. Осы көзқарастар бойынша соңғы өнім, көркемдік емделушінің іс-әрекеті ол сурет немесе мүсін, ол бейсаналы психикалық процестердің көрінуі болып саналады. 20-жылдардағы осы салада көп зерттеулер жүргізген Принцхорн өзінің ауруларды емдеушілерінің шығармашылығын және психикалық, классикалық зерттеулерінен мынадай қорытындыға келді: өнер – ауру адамдардың көбінесе олардың интенсивті ішкі шиеленістеріне әсер етеді.
Америка Құрама Штаттарында өнерді терапиялық мақсаттарда алғаш қолданғандардың бірі Маргарет Наумбург болды. Бұл саладағы еңбек етуін ол Нью-Иорк штатындағы психотерапиялық институтында мінез-құлқында ауытқуы бар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау арқылы бастаған. Кейіннен Маргарет Наубург Нью-Йорк штатында арттерапия саласында мамандар дайындау үшін психоаналитикалық бағдарламаларды жасайды. Маргарет Наубург жұмыстары психоанализ бағытының психологиядағы негізін салушы З. Фрейдтің көзқарастарына негізделген: ондағы алғашқы ойлар мен қобалжулар, санадан тыс вербалды емес түрде пайда болады және бейне мен символдар формасында көрініс береді. Арт-терапия терапевтпен емделушінің арасындағы символикалық деңгейдегі қарымқатынастың тәсілі ретінде қолданылады.
Көркемдік шығармалардың бейнелерінің барлық түрі бейсаналық үрдістер, яғни қорқыныш, ішкі шиеленістер, балалық шақтағы елестер, естеліктер, түс көру және тағы басқа көріністер, психотерапевтермен З. Фрейдтік бағдарларды талдайды. Ал З. Фрейдтің өзі болса өз емдеу жұмыстарында арт-терапияны қолданбайды. Көру бейнелері көп бөлікте біз түс көру арқылы қобалжимыз. Түскөрудесезімнемесеқобалжулар орын алады, одан ойлар сонымен бірге түс көру - ең басты орында көру бейнелері. Бақытымызға орай түс көруді суреттегенде қиындықтармен мынадай байланыстар туындайды және олар көбінесе мынадай сөздерді қолданады. Мысалы, “Түс көрген адамның сөзі: мен сурет сала аламын, бірақ мен оны қалай сөзбен жеткізе сипаттауды білмеймін”. Арт-терапия әдістемесін негізге ала отырып, сендіру, адамның ішкі “менін” бейнелерден көру, әр кезде ол сурет салғанда және мүсін соққанда өз еңбектерінде ойланбастан, яғни ол спонтанды пайда болады. Бірақ Фрейд кейіннен мойындағандай, бейсаналық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі практикада көркемдік шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын тудырмаған. Бірақ психологиядағы аналитикалық теорияның негізін қалаушы Карл Юнг болса өзінің емдеушілеріне өздерінің түстерін, армандарын және қиялдарын сурет арқылы бейнелеулерін талап еткен. Карл Юнгтің идеялары бойынша персоналды және әмбебаптық символдардың бар болуы және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі кезде арт-терапиямен айналысатындарға тереңнен әсер ететіндігін сипаттайды. Арт-терапиямен айналысатын мамандар тек қана психологтармен және психиатрларға қойылған диагнозды нақтылауға немесе емдеу тәсілін таңдап алуға, балалармен немесе стационарлардағы емделіп жатқан үлкендермен жасалған жұмыстардың талдауларына сүйене отырып, көмектескен. Кейінгі мазмұнынан көрінетіндей шығармадағы материалды осылай қолдану проективті мәтіндерді қолданудан айырмашылығы, мысалы, Доршак мәтінді болмаса тақырыптық аперцепциялық тесті жүргізгенде тест тапсырушы адам ерікті формада немесе суреттегі дақтар арқылы жауап қайтаруы керек.
Арт-терапияның дамуындағы жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғы мен 70-ші жылдардың басынан басталады. Әсіресе осы жылдардың бас кезінде арт-терапиялық топтардың жұмысының мынадай формасы, топтық интерактивті арт-терапияның бастауы қалана бастады. Мұндай топтық арт-терапияның жұмысының формасы пайда болуына өмірдегі көптеген жағдайлармен байланысты, олардың қатарында:

  • әлеуметтік-саясаттық, институционалды және мәдениеттік контекстердің өзгеруі;

  • клиенттердің психотерапиялық тілектерінің және қажеттіліктерінің өзгеруімен, оған қоса эмоциялық құрылымдық бұзылулары;

  • топтық психотерапияларының практика және теориялық тез дамуы және арт-терапиялық іс-әрекетке жетудегі біртіндеп ассимиляциялау;

  • арт-терапиялық топ жүргізушілерінің кәсіби өсуімен және арт-терапиялық білім беру жүйесінің дамуымен байланысты.

ХХ ғасырдың екінші жартысында алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда, арт-терапия техникасының даралануы және тым қиындығын айтуға болады. Сонымен қатар айта кететін жайт арт-терапия психотерапияның ішіндегі жаңа әдістердің бірі. Арт-терапияның дамуы- на Америка Құрама Штаттарында Маргарет Наубург көп әсерін тигізді. Маргарет Наубург З. Фрейдтің көзқарастарына сүйенді, яғни бейсаналы көріністер спонтандық шығармашылық үрдісінде көрініс беруі, мысалы, мүсін соғу және сурет салуда. Арт-терапияның дамуына едәуір әсер еткен З. Фрейдтің бейсаналық туралы ілімі, персоналды және әмбебаптық символдар туралы ілімі болып табылады [3].
Қазіргі кезде арт-терапия өнерге қатысты барлық қызмет түрлерінде психотерапиялық мақсаттарға қолданылып келеді. Бұл әдістің артықшылықтары мен жетістіктері туралы келесі тараушаларда толығырақ талдау жасалады. Жоғарыда атап өткеніміздей, арт-терапия әдісі Қазақстанда енді ғана қолданылып жүрген әдістердің бірі және әлеуметтік жұмыстың әдісі ретінде арт-терапия жан-жаты талдау мен зерттеуді қажет етеді. Кез келген азаматтың міндеті ана мен баланы қорғау болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, арт-терапия әдісі мектеп жасына дейінгі балаларды қорғау мен қолдауға ықпал ететін бірден-бір әдіс болып табылады. Сондықтан да арт-терапия әдісін шығармашылық іс-әрекет емес, балалардың психологиялық бұзылуларын реттеу құралы ретінде қарастыруымыз қажет.
Арт-терапия әдісін мектеп жасына дейінгі балаларға жүргізу арқылы, бірнеше жетістіктерге жетуге болады. Ендігі кезекте арт-терапия әдісін жүргізуде қол жеткізетін негізгі мақсатына тоқталып өтсек:

  • Агрессияға болмаса басқа да негативті сезімдерге әлеуметтік шығар жолды табуға мүмкіндік береді. Суреттермен, мүсіндермен жұмыс жасау күштеуді бәсеңдетудің қауіпсіз түрі болып табылады.

  • Емдеу процесін жеңілдетеді. Түсініксіз ішкі шиеленістер және қобалжулар көбінесе көру бейнелерінің көмегімен вербалды психотерапия кезінде сөзбен айтқанға қарағанда көрсету оңай болып табылады. Вербалды емес қарым-қатынас санадан тез шығады.

  • Интерпретацияға және диагностикалық қорытындыларға материалдар алуға болады. Көркем шығарманың өнімі арқылы емделуші мәселенің бар екенін жоққа шығарады, яғни оны жеңілдетеді. Терапевтке емделушінің көркем жұмыстың стилі және мазмұны, емделуші туралы ақпарат береді, сол арқылы терапевт өзінің еңбектеріне интерпретация жасау арқылы емделушіге көмек көрсетеді.

  • Емделушінің дағдыға айналған ойлары мен сезімдерімен жұмыс жасау. Кей кездері вербалды емес амал, бірден-бір күшті қобалжулармен сендірулерді анықтауға, көрсетуге мүмкіндік береді.

  • Терапевт пен емделушінің арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін көркем ісәрекетке бірлесіп қатысу олар арасындағы тиімді қарым-қатынасқа, эмпатия және өзара түсінушіліктің туындауына алып келеді.

  • Клиенттің ішкі қадағалау сезімін жоғарылату. Суреттермен картиналардан жұмыс болмаса, мүсін соғу жұмыстарында түстерді және формаларды тәртіпке салу қарастырылмайды.

  • Клиентті зейінді қабылдауға және сезімдерді шоғырландыруға бейімдеу. Таңдамалы өнермен жұмыстар ауқымды мүмкіндік тәжірибе жасауға, кинестетикалық және көру түйсіктеріне, қабылдау қабілеттіліктерінің дамуына қолайлы жағдай жасайды.

  • Клиенттің көркемдік қабілеттерін дамыту және өзін-өзі бағалауын арттыру. Арт-терапияның соңғы өнімі клиентті қанағаттану, рахат алу сезімі, ол жасырын таланттың көрінуінің және олардың дамуының нәтежесі [4].

Жоғарыда аталған әсерлерден басқа көркем өнерді психокоррекциялық топпен жұмыста қолданудың қосымша нәтежесі, қиялға түрткі және дау-дамайға топ мүшелерінің қарымқатынасын ретке келтіруге көмектеседі. Өнер қуаныш әкеледі, бұл ешқандай жағдайға тәуелсіз (өзінен-өзі маңызды), бұл қуаныш біздің санамыздан тыс пайда болады ма, болмаса ол саналы әрекеттің нәтежесі ме ол әлі күнге дейін бізге белгісіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет