Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2020


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет19/29
Дата04.10.2022
өлшемі399 Kb.
#151519
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
Лекция Практикалық психология

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Психологиялық алдын алу жұмысының мақсаты мен міндеттері қандай?
2. Психологиялық алдын алу жұмысының мазмұны қандай?
3. Әлеуметтік-психологиялық алдын алу жұмыстарына тоқталыңыз.
9 Лекция тақырыбы: Психологиялық кеңес беру.
Мақсаты: Студенттерге психологиялық кеңес берудің тарихы, психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері және кеңес берудің мақсаттары туралы білімін жетілдіру.


Лекция жоспары:
1. Психологиялық кеңес беруге кіріспе.
2. Психологиялық кеңес берудің тарихы.
3. Қазіргі кездегі психологиялық кеңес беру туралы түсінік.
4. Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері.
5. Кеңес берудің мақсаттары.


Лекция мәтіні: 
Кеңес беру кеңес беруші-психолог пен клиенттің жеке кездесуінен басталады. Кеңес беруші немесе оның көмекшісіне клиентті кеңес беру өтілетін ғимараттың есік алдында күтіп алу ұсынылады. Кеңес беруші клиентке өзін бірінші таныстырып, қажет болса кеңес беру кезінде отыратын орнына әкеліп отырғызуы қажет. Содан соң клиентпен оның психологиялық кеңес алу үшін келген мәселесі бойынша әңгіме бастамас бұрын, клиенттің қасына отырып, әңгімеде аздаған үзіліс жасау қажет, бұл клиент өзіне-өзі келіп, алдағы сұхбатқа көңілін орнықтыру үшін қажет. Клиенттің көңілі жайланып, кеңес берушіні тыңдауға психологиялық дайын бола салысымен, клиенттің мәселесі туралы әңгіме мазмұнын бастауға болады.
Клиентпен әңгімені онымен адам ретінде таныстықтан бастаған жөн және клиенттің карточкасында жоқ, бірақ кеңес беруде маңызды боп табылытын клиент туралы мәліметтерді нақтылау керек қажет болса кеңес беруші клиентке өзі туралы бір-екі нәрсе айта алады. Жалпы танысу процедурасы аяқталған соң кеңес беруші клиентке оны не толғантып жүргенін айтуды ұсынып, оны мұқият шыдамдылықпен тыңдауы қажет. Ара – тұра психолог – кеңес беруші клиентке өзі үшін кейбір нәрселерді нақтылып сұрақтар беруіне болады, бірақ клиенттің сөзіне кедергі жасалуы керек.
Психолог - кеңес берушінің сұрақтары клиентті ойынан жаңылдырмауын, онда ашу, қысым, қарсылық тудырмауын, әңгімені тоқтату немесе тақырыпты өзгертуге деген қалауының оянбауын қадағалап отыру керек.
Кеңес беруші клиентті тыңдау кезінде есімдерді, даталарды, фактілерді, оқиғаларды және көптеген басқа да нәрселерді есте сақтау керек. Бұл клиент тұлғасын түсінуде, оның мәселесіне тиімді шешім іздеуде, дұрыс және тиімді қорытындылар мен ұсыныстар жасауда маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет