Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Байбекова М.М.,Жантасова Ж.Н.Психологиялық кеңес беру.Шымкент,2015ж.
2. Джаздықбаева М.Б. Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқу құралы / М.Б. Джаздықбаева.- Түркістан, 2018ж.
3. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
4. Куанышбаева З.Б. Тұлғаны педагогикалық психологиялық диагностикалау. Оқу құралы. Шымкент,2017ж.
5. Байбекова М.М.,Ибраева П.М.Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,әдістемелер мен жаттығулар.Шымкент,2012.
6. Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы. Алматы, 2012.
7.Садуова Ж.Н. Психология. Оқу құралы / Ж.Н. Садуова, Т.А. Ырбаев, Н. Шалхарбекова.- Шымкент, 2018ж.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Психологиялық диагностика туралы жалпы түсінік.
2. Психологиялық диагностика принциптері мен оның тәжірибе жүзіндегі негізгі мәселелері.
3. Психологиялық диагностика кезеңдері.
4. Психолог жұмысының уақыттық жүктемелері
№8 Лекция тақырыбы: Психологиялық алдын алу
Мақсаты: студенттерге психологиялық алдын алу жұмысының мақсаты мен міндеттері және психологиялық алдын алу жұмысының мазмұны туралы білімін жетілдіру.
Лекция жоспары:
1. Психологиялық алдын алу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
2. Психологиялық алдын алу жұмысының мазмұны.
3. Әлеуметтік-психологиялық алдын алу жұмыстары.
Лекция мәтіні:
Көптеген психолог мамандар үшін оны ұстану және іске асыру міндетті болып табылатын өзіндік қағидалары мен талаптары бар. Психологиялық қызмет көрсететіндердің міндеттерін анықтайтын этикалық кодекстері бар. Психологиялық ықпал саласында адамдармен тікелей жұмыс жасайтындар үшін бұл нормалар елеулі шектеулер қояды. Психологиялық кеңес беру, коррекция жүргізу және психотерапия элементтерін пайдалану психологтің этикалық қағидаларына сай жүруі керек.
Кейде психолог жұмысында күрделі оқиғалар орын алса, оның ішінде, қабылдау барысында кеңес беруші клиентке асоциалды әрекет жасауды ойлап отырғаны туралы мәліметтер түссе, психолг баланың денесіне соққы мен жәбірлеудің іздерін түсірсе, немесе ата-ана өзінің тұйықтық көрсеткен жеткіншек баласына кеңес беру барысында рухани жарақаттанғаны туралы мәлімет алса және т.б. өрескіл мінез көрсетілсе, психолог кәсіби жарамсыз деп танылады. Кәсіби қағидалар мен талаптарды орындамау психологтың дипломынан, тәжірибеленуші құқығы мен өзінің кәсіби қызметінен босатылуына алып келуі мүмкін. Біздің елімізде психологиялық қызмет көрсету енді орын алып келе жатқандықтан бұл шарттар әлі толық заңдастырылған жоқ.
Дегенмен кәсіби серіктестің заңдастырылған лицензиясын алып, психолог ретінде қызмет көрсету тәжірибесі ұйымдастырылып келе жатқанымен байланысты рұқсат алу жолдары, психологиялық дайындықтың қалыптасқан жүйесі және т.б. сол секілді қажетті шарттары біртіндеп жүйелі салаға түсіп келе жатыр. Сондықтан психологиялық кеңес беру, коррекциялық тренингтер ұйымдастыру шаралары біздің ортамызда маңызды орын алуда. Олардың қызметінде А.А.Бодалев, В.В.Столин т.б. ұсынған этикалық талаптар мен қағидаларға сүйене отырып келесі басты қағидалар ұсынылған:
қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу;
клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану;
- кеңес беруге тыйым салу;
- кеңес берудің анонимділігі;
- жеке және кәсіби қатынастарды шектеу;
- клиентті кеңес беру процесіне кірістіру;
- психологиялық кеңестен өтіп жатқандарға жауапкершілікті өз мойнына алудыру;
- кенес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.
Әлеуметтік мақсаттар мен міндеттерді және құндылықтарды мойындайды, нақты объектілермен шұғылданады және оларды пайдалану жолдарын іздеп, құндылытарын арттырады: заттар, инструменттер, аңдар және машиналар. Ол абстрактілі ойлаудан, әлеуметтік қарым-қатынастан өзін алыс ұстайды. Бұл ер адам типі, социалды емес, эмоциасы тұрақты, заманына қарай бейімделе алады. Ол ұжымда белсенділік көрсеткендерді және басшыларды жоғары бағалайды, өзі басқарушы роліне жоламайды. Моторлық қабілеті мол, физикалық ептілігі жоғары, нақты кәсіппен айналысқанды жөн көреді. Бұл типтер көбінесе математикаға жақын, ауызша сезге жоқ, психомоторлық жұмыстарға қабілетті. Ол негізінен техника және спорт саласында көп табыстарға жетеді. Бұл тип өкілдері өмірге көзқарасы жайбарақат, шешім қабылдауда басқаларға тәуелді. Олар келесі мамандықтарда шеберлікке тез жетеді: механик, инженер, электрик, агроном, бағбан, жүргізуші және т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Байбекова М.М.,Жантасова Ж.Н.Психологиялық кеңес беру.Шымкент,2015ж.
2. Джаздықбаева М.Б. Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқу құралы / М.Б. Джаздықбаева.- Түркістан, 2018ж.
3. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
4. Куанышбаева З.Б. Тұлғаны педагогикалық психологиялық диагностикалау. Оқу құралы. Шымкент,2017ж.
5. Байбекова М.М.,Ибраева П.М.Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,әдістемелер мен жаттығулар.Шымкент,2012.
6. Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы. Алматы, 2012.
7.Садуова Ж.Н. Психология. Оқу құралы / Ж.Н. Садуова, Т.А. Ырбаев, Н. Шалхарбекова.- Шымкент, 2018ж.
Достарыңызбен бөлісу: |