Агрессивті (III). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған бала өз-өзіне сенімі жоғары, өз ойын ашық айтуға ұмтылады, белсенді және өз бетімен қозғала алады. Баллдары өте жоғары болса баланың орынсыз белсенділігін, агрессивті кылықтары мен дромомания элементтері орын алатын, өзіне бағыныштылар алдында (импульсивті) қызба мінез-құлықты, тапсырмаларды орындауда ұқыпсыздықпен, олардан бас тарту үшін бұзақылық әрекеттерге дейін баратын көріністермен сипатталады. Бұл типтегі балалар әсіресе толық емес отбасыларда жиірек кездеседі. Мұндай балалар сәби кезінде ата-аналардың жылуын, мейірімділігін, қамқорлығын, ізгілігін бастан кешірмеген. Олар ерте балалық шақтан шыққан, кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен қарсы қойып және күресіп өмір сүруге үйренген. Бұл балалар педагогтарды ең үлкен қиындықтарға апарады. Оларға тәлім-тәрбие жұмыстары барысында мінез-құлқына байланысты қатаң жазалау әдістері пайдаласа (мектептен шығару, арнайы сыныптарға немесе арнайы мектептерге жіберу т.б.) бала өшігіп, тұлғалық деформация орын алады, яғни ашу-ыза орнын алады да ол шамадан тыс эмоционалды зорлану жағдайында болады. Барлық үлкендерге көңілі қалып, болашақта оларға қарсы агрессияның түрлерін көрсету кегі қалыптасады.
Ригидті (IV). Бұл шкала жоғары көрсеткіште болған балада табандылық (егер өз мақсатына жетуге қатысты болса) және қайсарлық (егер өз көзқарасын дәлелдесе) көрініс береді. Олар үшін жеке басының статусы ерекше маңызды мәселе болып табылады - басымдылық, билік позициясы және материалдық жетістікке жету жетекші мотивтер болып саналады. Сондықтан өзгелердің әдеттен тыс билікке ие болғанын және байлығын қызғанады, өздерін ерекше агрессивтілігімен қорғайды. Оқуда материалды біртіндеп, кейде тіпті жай ұғады, бірақ оны есінде жақсы ұстайды, жауап беруде жинақталған тәжірибеге сүйенеді. Оларға қиял және интуиция жетіспейді, ойлауы шектеулі болғандықтан мұндай балаларға материалды ұғу үшін жаттап алу қажет. Олар шыдамдылық пен қайсарлылық арқасында үлкен табыстарға жетуі мүмкін, ал қажырлылық көрсетіп, соңына дейін күрессе ол өз мінезінің кемістіктерін де жеңуі мүмкін.
Интроверсиялық (V). Бұл шкала бойынша жоғары көрсеткішке ие болған балалар үндемейтіндігімен, тұйықтығымен, оқшау жүруімен айырмашылығы көрініп тұрады. Олар қайырымды, достарды өте қатты таңдайды, оның есесіне үнемі ездері соларға үйірсек болып жүреді. Пәндерді оқу алдында өздерін бағалайтыны жөнінде ойланады. Олар жалғыз қалғанда ғана материалды жақсы меңгереді. Нақтылы ғылымдарға қарағанда олар әдебиеттік және гуманитарлық пәндерді жеңіл игереді. Бәрінен бұрын вербальды (жазбаша) интеллектілері жақсы дамиды. Олар сынып алдында тақтаға шығып жауап бергенді, көпшілік алдына шыққанды ұнатпайды. Қоршаған орта оларды ынтымақсыз жэне қабағы ашылмаған адам ретінде қабылдауы мүмкін, дегенмен олар басқа балалардың қаттылығынан және тұрпайылығынан жиі қорлық көреді, ал тұйықтығы олардың өздеріне әлеуметтік ортаның агрессиясынан қорғаныс реакциясы сияқты көрінеді. Оларда бәрінен бұрын өзіндік арман әлемі жақсы дамыған, сондықтан олар өмір тәжірибесінен гөрі, идеалданған қиялға бейім болып келеді. Жоғары интеллектіні сирек кездесетін қабілет ретінде бағалайды, интеллектуалдар ғана өмір ағымын терең ұғына алады және оларға өмір қызығырақ болады деп түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |