Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет35/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Нервтік-артриттік диатез.
НАД-пуриндік зат алмасудың бұзылуынан, ОНЖ қозуның жоғарлауы, кейбіп ішкі органдлардың функциясының өзгеруі.
Этиология: кіші мектеп жасындағы балаларды кездеседі. Себептері тұқым қуалушылық, ауыр гестоздар, жүктілік кезінде пурині көп тағамдардар тамақтануы, медикаменттерді ретсіз қолдануы, стресстер.
Клиникасы: нервтік қозудың жоғарлауы, ұйқысы мазасыз, тәбеті төмен, нәжісінің тұрақсыздығы, салмақ қосуының бір келкі болмауы. Пуриндік заттардың алмасуының бұзылуы ОНЖ тітіркендіріп, баланың психикалық, эмоционалдық ерте дамуына әсер етеді. Балалар ерте сөйлеп бастайды, ерте әріп таниды, эмоционалды лабильді, анорексияға бейім, құсу, гиперкинез, энурез, себепсіз температурасының көтерілуі, мигрень тәрізді бас ауруы, жүрек ауруы, бронхоспазм, бауыр, бүйрек, ішек коликалары байқалады. Кіші мектеп, мектепке дейінгі балаларды ацетонемиялық криздер болуы мүмкін. Криз кенеттен басталады, алдында қозу, бас ауру, жүрек айну болады да, ол қоймастан құсу, ішінің түйіліп ауруы, тыныс шығару кезінде ацетон ісі шығады. Бірнеше сағатан, 1-2 тәулікке созылуы мүмкін.
Емі: дұрыс режим, рационалды тамақтану (шоколад, какао, бауыр, бүйрек, бұршақ тұқымдастарды бермеу), сілтілік минеральды суларды ішу, таза ауа, массаж, гимнастика. Баланы артық психикалық-эмоционалық жүктеме беруден қорғау. Криз кезінде 10-15 мин глюкоза ерітіндісі, тәтті шай, сок, сілтілі сұйықтар беру керек.

6 тарау. Анемиялар
6.1. тақырып.
Темір тапшылықты анемия. Шала туылған баланың анемиясы. Витамин- ақуыз тапшылықты анемиялар
Анемия- гемоглобиннің санының азаюы немесе қан көлемі бірлігінде эритроциттердің санының азаюынан, клеткалардың оттегімен қамтамасыз етілуінің бұзылуы. Эритроциттердің саны 3,8-3,6*10/л-ден, гемоглобин 115-110 г/л-ден төмен болғанда анемия деп есептейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша гемоглобиннің төменгі шегі:
6 жасқа дейін110 г/л, Ht=33;
6-12 лет - 115 г/л, Ht=34;
12-13 лет - 120 г/л, Ht=36;
Анемияның жіктелісі:

  1. қан түзу жүйесінің бұзылуы нәтижесінде пайда болған анемиялар (апластикалық, дефицитті анемиялар);

  2. гемолитикалық (эритроциттердің ыдыраунан);

  3. постгеморрагиялық (қан кетуден кейінгі);

Гемоглобиннің деңгейіне байланысты жіктелуі:

  1. жеңіл дәрежесі Нв- (90-100г/л);

  2. орташа дәрежесі Нв -90-70г/л;

  3. ауыр дәрежесі Нв-70г/л төмен;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет