Дені сау бала кабинетінің негізгі міндеттері:
от басында салауатты тұрмысты насихаттау;
ата-аналарға дені сау бала тәрбиелеу ережелерін үйрету, (БШАЫЖ) бала шақтағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу бағдарламасы бойынша жүргізу (тәртіп, тамақтандыру, сылау, гимнастика, шынықтыру және т.б.);
баланың гигиеналық тәрбиесі туралы ата-аналармен тазалық ағарту жұмысы, аурулардан және бала дамуында ауытқулардан сақтандыру;
Дені сау бала бөлмесінде орта буын қызметкерлерінің білімін жетілдіру курстарында балаларды алдын ала сақтандыру және тазалық-ағарту жұмысы жөнінде дайындықтан өткен біліктілігі жоғары фельдшер немесе мейірбике жұмыс істейді. 10 мың балаға қызмет ететін емханада бір штатты қызметкер орын болады, 10 мыңнан асса – 2 мейірбике ұстауға болады, бөлме жұмысына бөлімше меңгерушісі басшылық етеді, жұмысын бас мейірбике қадағалайды.
Баланың өсу кезеңдері
Баланың өсу кезеңдері – физикалық дамуы. Баланың өсу кезеңдері Н.П Гундобин схемасы бойынша 6 кезеңнен тұрады.
1 кезең – құрсақта өсуі. Ол 10 аймен немесе 40 апта немесе 280 күнге тең келеді.
А) эмбрионалдық дамуы 11-12 апта – бұл мезгілде ұрық органдары дами бастайды.
Б) плацентарлық дамуы – босанғанға дейінгі бұл кезеңде ұрық жан-жақтан дамып, денесінің ұзындығы мен салмағы өседі. Сондықтан егер анасы алғашқы 3 ай аяғы ауыр кезінде ауырған болса (салқын тию, тұмау, сүзек, қызамық), онда бала туа біткен ақаулармен өмірге келуі мүмкін.
2 кезең – жаңа туған кезең – ол баланың туғанынан бастап 4 аптаға дейін созылады, бұл кезеңде сәби сыртқы қоршаған ортаға үйренеді, сәбиде көп жағдайлар болады. Ол –
А) физиологиялық салмақ жоғалту, бірінші 3-4 тәулікте 6-9%-ке дейін
Б) физиологиялық эритема терінің қызғылт тартуы
В) физиологиялық сарғаю
Г) физиологиялық мастит
Д) физиологиялық диспенсия
Е) транзиторлық қызба
Бұл жағдайлар дәрігерлердің көмегінсіз өзінен өзі кететін жағдайлар. Осы кезде жаңа туған сәби септикалық жағдайларға бейімделген болады, (ішек аурулары, өкпе қабынуы, омфалит т.б) яғни олардың ауруға қарсы тұру қабілеті жоқ болуына байланысты (иммунитет). Туғанда баланың басынан зақымдануы асфиксия сияқты жағдайлар әдейіленген себептері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |