Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет9/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек
студенттер тізімі 461..
2 тарау. Дені сау бала.
2.1. тақырып.
Нерв жүйесінің, тері, тері асты май қабатының, лимфа түйіндерінің, жүйелерінің АФЕ, зақымдану семиотикасы. Сүйек-бұлшық ет, тыныс алу жүйелерінің АФЕ, зақымдану семиотикасы.. Балалардың қан айналым, қан түзу жүйелерінің АФЕ, зақымдану семиотикасы. Ас қорыту жүйелерінің АФЕ, зақымдану семиотикасы. Зәр шығару, эндокрин жүйелерінің АФЕ, зақымдану семиотикасы.


Нерв жүйесінің АФЕ. Баланың миы туған кеде салыстырмалы үлкен болады, бірақ ирімдері мен сайлары жетілмеген, олар алғашқы жылы қарқынды дамиды. Мидың сұр заты ақ затынан нашар ажыратылады, олардың дифференсациясы 3 жасқа дейін жүріп, 8 жаста ересектердің миының құрлысына ұқсайды. Ми тіндері суға бай, арнайы заттар аз болады. Нерв талшықтарының толық миелинизациясы ерексек кезде аяқталады. Жұлын функциясы мен құрлысы жағынан миға қарағанда жақсы жетілген. Салыстырмалы ұзын, бұл ерекшелігін люмбальды пункция (жұлын сұйықтығын алу) жасау кезінде ескеру керек. Бала туған кезде көптеген шартсыз рефлекстерімен туады (сору, жұту, қорғау). Кейбір рефлекстер уақыт өте келе жойылып кетеді (тіреу, автоматты жүру, іздеу, Моро, Бабинский, Бауэр рефлексі). Шартты рефлекстердің қалыптасуы баланың миын тез шаршатып, тежелу туғызып, соның әсерінен бала ұйқыға кетеді. Соған байланысты бала алғашқы айларында уақытының көп бөлігін ұйқымен өткізеді. 3 айдың аяғына қарай шартсыз рефлекстер күрделене түсіп, сезім органдары дамиды (сезіу, иіс сезу, көру және есту). Жаңа туған балада иіс сезу мен дәм сезу жақсы дамыған. Есту мен көрудің дамуы ұзақ жүреді.
Тері және тері асты май қабаты. Тері балада қорғаныш, темература реттеу, бөлу, витамин түзу дем алу функцияларын атқарады. Дені сау баланың терісі тегіс, нәзік, ақшыл-қызғыш түсті, барқыт тәрізді болып келеді. Тері ірі, өткізгіштігі жоғары капилярлар торымен жақсы қамтамасыз етілген. Терінің морфологиялық тұрғыдан қалыптаспауы салдарынан оның қорғаныш функциясы нашар жетілген. Тері жеңіл жарақаттанғыш, жұқа, тері арқылы инфекцияның ену мүмкіндігі жоғары келеді. Сондықтан жас нәрестеге күтім жасағанда, асептика ережелерін қатаң сақтаған жөн.Онай сіңірілетін, тітіркендіргіш заттарды жас баланың терісіне жағуға болмайды. Терінің температура реттегіш функциясы да жетілмеген. Бұған орталық жүйке жүйесінің толық жетілмеуімен қатар, терінің жылу және ылғалды оңай беруі себеп болады. 1-жасқа дейінгі бала ағзасы тұрақты дене температурасын ұстай алмай, тез қызып, әлде тез тоңып кетіп отырады. Дене температурасын реттеуге тер бөлуші бездер де қатысады. Бірақ, жас нәрестеде орталық жүйке жүйесінің тер бөлдіру орталығының жетілмеуі салдарынан бұл бездер қызмет атқармайды. Терінің дем алу функциясы да жақсы жетілген және балаларда бұл функцияның қалыпта болуының мәні зор. Терінің бөлу, дем алу функцияларының ойдағыдай іске асуы, тек бала терісіне жүргізілетін күтім мұхият орындалып отырса ғана /жүйелі түрде гигиеналық ванналар жүргізіп отыру/ мүмкін болады. Терінің витамин түзу функциясы. Теріде ультракүлгін сәулесі әсерінен ағзада бар белсенсіз «Д» витамині белсенді күйге айналып, фосфор –кальций алмасуына қатысады. Тері асты май қабаты. Тері асты май қабаты мезгілінде туылған жас нәрестеде жақсы жетілген және бала өмірінің алғашқы 6 айында жылдам қалыңдайды. Баланың тері асты май қабаты майының құрамының ересектердікі нен айырмашылығы – негізінен қатты май қышқылдарынан тұратындығында болып табылады /жас балаларда тоңазығанда склереме, склередеманың кездесу себебі осында/. Бала арықтағанда тері асты май қабаты ең бірінші болып –ішінде, екінші – аяқ – қолдарында, соңынан ғана бетінде жоғалады. Ерте жастағы балалардың тері және тері асты май қабаты бағаланған кезде негізінен екі қасиетіне назар аударылады: созылғыштығы және серпімділігі /эластичность, тургор/. Ерте жастағы балалардың шел май қабатының қалыңдығ кеудеде 1,5-2,0 см., ішінде 2-2,5 см., иықта 1,6 см., санында 3-4 см. дейін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет