Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет6/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек
студенттер тізімі 461..
Ярочкина Нина Павловна – 1938 жылы Шымкенттегі медицина техникумын бітірген. 1947 жылы Москва медицина институтын бітірді. 1952 жылдан педиатрия кафедрасының ассистенті, 46 жыл жұмыс жасаған. Кадидаттық және докторлық диссертациялар қорғаған.
Огай Елена Александровна – профессор, 1956 жылы АММИ бітірген, ассистент, жұқпалы аурулар кафедрасының доценті.
Қазақ қыздарының ішінен шыққан ең алғашқы дәрігерлердің бірі, Гүлсім Асфендиярова 1908 жылы Шымкент уезінде дәрігер, 1913 жылы Ташкент қаласында перзентхананың бас дәрігері жұмысын атқарған. Осы қалада алғашқы рет акушер мамандарын дайындайтын курс ұйымдастырып, дәріс берген. Орал қаласының түлегі Ниязова Мүбина 1917 жылы Саратов медучилищесін бітіріп, алғашқыда тіс дәрігері болып жұмыс істейді. 1934-1936 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының аналарды қорғау басқармасының бастығы болады, ал 1936 жылы Алматыда алғашқы фельдшерлік-акушерлік мектеп ұйымдастырады және оның алғашқы директоры қызметін атқарады.
Осындай атақты ғалымдармен қатар, жер-жерлерде балалардың денсаулығын қорғау жұмысында қарапайым, қатардағы педиатр дәрігерлеріміз де еңбек етуде. Дәрігер мамандары жоқ, ауылдық елді мекендерде ересектерге болсын, балаларға болсын, алғашқы болып қабылдап, алғашқы, дәрігерге дейінгі көмек көрсететін болашақ фельдшерлер – сіздер боласыздар. Сондықтан, «Педиатрия» пәнін жақсы оқып, меңгерудің маңызы зор.
Балаларды емдеу және профилактикалық көмекті ұйымдастыру.
Біздің елімізде балаларға профилактикалық – емдеу жұмыстарын ұйымдастыру Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары негізінде жүргізіледі (№1 қосымша). Балаларды емдеу және профилактикалық көмекті көрсетуші мекемелердің бірнеше типі бар. Бұлар өзара тығыз функционалды байланыста болып, балаларға қажетті медициналық көмек көрсетеді: емхана – аурухана – санаторий (қалыпқа келтіру орталықтары).
Балалар емханасы – ірі көппрофильді, мамандандырылған емдеу-сақтандыру мекемесі, медициналық көмек көрсетеді және балаларды сауықтыру және аурулардың алдын алудың жиынтықты шараларын жүргізеді.
Емхана жұмысы аймақтық принципке сүйенеді, осы принципке сәйкес елдімекен территориясы емханаларға бөлініп, емханаға бөлінген террритория өз кезегінде аймақтарға бөліп беріледі. Әр аймақта 800-ге дейін бала болады, қаладағы әр аймақтың ұзындығы 1-1,5 км-ден аспауы керек. Әр аймақтың жеке аймақтық педиатры немесе жалпы тәжірибелі дәрігері және екі мейірбикесі болады.
Балалар емханасы құрлымының үлгісі:

  • жеке есікті фильтр және боксты изоляторлар

  • педиатрлық бөлім (бөлімшелік дәрігерлер бөлмесі)

  • маман-дәрігерлер бөлмелері

  • қалпына келтіру ем бөлімі

  • лаборатория-диагностика бөлімі

  • балаларды аурудан сақтандыру бөлмесі (ДСБ- дені сау бала бөлмесі, сылау және гимнастика бөлмесі, егу бөлмесі)

  • тіркейтін жер (регистратура), киім ілгіш, күтетін жер

Емханадағы фильтрдің ролі: жұқпалы ауруларды басқа балаларға жұқтырмау. Фильтрде дәрігерге дейінгі қабылдау жүргізіледі (мейірбике, фельдшер). Жұқпалы ауруға күмән болғанда ауруды боксқа орналастырып, дәрігер диагнозын анықтап, қажет шараларын жасайды-ем тағайындап, үйге жібереді немесе ауруханаға жібереді.
Емханада аймақтық педиатрдің балаға қажетті тексерістер жүргізіп (лабораториялық, рентгендік), мамандармен кеңесу мүмкіндігі (отоларинголог, офтальмолог,дерматолог, психоневролог) болады және дені сау балаларды үздіксіз бақылауда ұстайды (№164 бұйрық 31 наурыз 2011 жылғы «Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында медициналық көмекті жетілдіру бойынша шаралар туралы» бұйрығы, №1-6 қосымша).
Емханаға қарасты барлық балалар жалпы диспансерлік бақылауда болып, тек педиатрмен ғана бақыланып қоймай өзге мамандармен де бақыланып отырады.
Балалар емханасында дені сау бала бөлмесінің (ДСБ) алатын орны зор, ерте жастағы балалармен алдын ала сақтандыру жұмысын жүргізетін бөлме. Бала дамуы, оларды тәрбиелеу және денсаулығын қорғау жөніндегі әдістемелік орталық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет