Белок жетіспеушілік анемия
Аурудың негізгі себебі- тамақтандыруды дұрыс ұйымдастырылмауы. Сол себептен дистрофиялық анемиямен бірге жүреді (Квашинкор). Клиникасы: жалпы дистрофиялық белгілер, полигиповитаминоз белгілері, пигмент алмасуының бұзылуы (блефарит, терінің, шаштың дисхромиясы, бауырдың қатайып, ұлғаюы, ЖҚА- анизо-пойкилоцитоз, қаның биохимиялық анализінде диспротиенемия. Алдын-алу басқа жетіспеушілік анемиялардағыдай болады.
7 тарау. Тамақтанудың және асқорытудың жіті бұзылыстары.
7.1 тақырып. Диареялар.
Ерте жастағы балалалар арасында ас қорыту мен тамақтанудың бұзылуы жиі кездесуін ас қорыту жолдарының функциональдық және нейрогумаральдық жетілмеуімен түсіндіруге болады.
Тамақтанудың жедел бұзылыстырының негізгі клиникалық белгілерінің бірі - диарея. Диарея, басқаша айтқанда «іш өту», яғни балада тәулігіне 3 рет және одан да көп сұйық немесе сулы нәжістің болуымен сипатталады. Бұл 2 жасқа дейінгі балаларда жиі кездесетін жағдай және балалар арасындағы өлімнің себептерінің бірі болып табылады.
Себептері инфекциялық және инфекциялық емес. Инфекциялық бұл әртүрлі вирустар, бактериялардың әсерінен болса, инфекциялық емес асқорыту жолдарының басқа ауруларының әсерінен, балаға жасына сай келмейтін тамақтарды беру себеп болады.
ДДҰ диареялар жіктелісінде 4 клиникалық түрге бөлінген:
жедел секреторлық диарея (сулы диарея)
жедел инвазивті диарея (дизентерия)
созылмалы диарея
ауыр диарея, тамақтанудың бұзылуы фонында болады (кахексия, квашиокор)
Жедел диареялар. Жедел диареялардың ұзақты 14 күнге созылады, ол секреторлы және инвазивті болуы мүмкін. Желе сулы диарея организмның сусыздануы мен тамақтанудың бұзылуына әкеледі.
Секреторлы диарея - бірнеше сағатқа немесес бірнеше күнге созылған патологиялық қоспалары жоқ сулы нәжістің болуымен сипатталады. Секреторлы диареяның себебі вирусты немесе анықталмауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |