Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет41/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Регидратациялық терапия.
Сусыздану дәрежесіне қарай емдеудің 3 жоспары бар: А, Б, В.
- «А» жоспарымен сусыздану дәрежесі жоқ болғанда, үйде емделеді. 4 ережісі бар:
1. сұйықты мол беру (жиі емізу, жасанды тамақтанудығы балаға қайнаған су, оральды регидратациялық тұз, сұйық тамақтар. ОРТ ерітіндісін 2 жасқа дейін әрбір сұйық нәжістен соң 50-10 мл; 2-10 жасқа – 100-200 мл сұйықтықты шай қасықпен ішкізу;
2. мырыш препаратын беру, 6 айға дейін ½ тб (10 мг), 6-дан жоғары 20 мг-нан 14 күн беру;
3. тамақтануды жалғастыру;
4. қай кезде жедел қайта келуін білу ( науқастың жағдайының нашарлауын білдіретін жағадайлар).
- «Б» жоспарымен орташа сусыздану дәрежесінде ПОР бөлмелерінде емделеді.
1. алғашқы 4 сағатта берілетін сұйықтық мөлшерін анықтау. ОРТ ерітінісінің мөлшері анықтау үшін баланың салмағын 75-ке көбейтеміз.
2. ОРТ анасына қалай беру керектігін көрсету.
3. 4 сағаттан соң баланың жағдайын қайта бағалау.
4. амбулаториядан кетер алдында анасына 2 қалта ОРТ беріп, «А» жоспарымен қалай емдеу керектігін түсіндіру.
- «В» жоспарымен ауыр сусыздану дәрежесінде ауруханада емделеді. Тез арада тамшылатқыш арқылы көк тамырға тұзды ерітінділерді 100 мл/кг тамызылады. Егер іше алса қосымша ОРТ ерітінідісін ауыз арқылы беру керек.


Диарея профилактикасы :
1. Алғашқы 6 айда тек қана емшек сүтін беріп, оны 2 жасқа дейін үзбей беру арқылы
2. 6 айдан бастап қосымша тамақ құрамына дәнді дақылдардан немесе крахмалы бар азықтардың көкөніспен, етпен, балықпен аздап май қосылған қоспадан жасалған тамақ. Тамақ жақсы езіліп, жақсы жұмсақталып дайындалуы тиіс.
3.Жаңадан жасалған тамақ және таза ішетін су беру арқылы.
4.Сүт пен басқа сұйықтарды балалардың бөтелкесінсіз кесе мен қасықты пайдалану арқылы.
5.Жеке басты гигиенаны сақтау (тамақ дайындау және ішу алдында, дәрет алудан соң қолын жууды міндеттеу).

8 тарау. Балалардағы жоғары тыныс алу жолдарының аурулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет