Ларинготрахеит – көмейдің және трахеяның шырышты қабығының қабынуы. Көбіне аллергияға бейім балаларда кездеседі.
Этиологиясы: көбіне парагрипп вирусы, сирек респираторлы-синцитиальды және аденовирус туғызады.
Клиникасы: Баланың жалпы жағдайы бұзылады, даусы қарлығып шығады, «иттің үргеніне ұқсас» құрғақ жөтел пайда болады, қақырық аз мөлшерды, дене қызуы көтеріледі, қарағанда көмейдің артқы қабырғасының гиперемиясын көруге болады. 4-5 күннен кейін бала жазылып кетеді.
Емі: қатты сөйлеуге, айқайлауға болмайды. Көп мөшерде жылы сұйықтық ішу, тамағын сілітілі ерітінділермен шаю, алаңдатушы терапия (аяққа –қолға ыссы ванналар, кеудеге қыша қою).
Стеноздаушы ларингит
Балаларда дыбыс желбезектері астының клечаткасы ісініп, тыныс саңылауы тарылып бітеді – бұны көмекей стенозы (ларингостеноз) немесе жалған круп деп атайды.
Жіктелісі: көмейдің стенозының 4 дәрежесі бар
1 дәреже (компенсация)
2 дәреже (субкомпенсация)
3 дәреже (декомпенсация)
4 дәреже (асфиксия)
Клиникасы: Стеноз симптомдар триадасымен сипатталады: стридорлы тыныс, тынысты ішке алудың қиындауымен, даустың өзгеруі, жөтел. Көбіне түнде кенеттен дамиды, баланың тыныс алуы қиындап, стридорлы тыныс пайда болады, бала терлеп, көзіне үрей пайда болады, еріндері, мұрын-ауыз үшбұрышы көгілдір тартады, дауысы қарлығып шығады.
1-дәрежесінде «иттің үргені» сияқты жөтел, дауысының қарлығуы, шулы тыныс, мазасызданғанда қабырға аралықтарының ішке тартылуы байқалады.
2-ші дәрежесінде мазасыздану, жөтел жиіленеді, ентігу, мұрын-ауыз үшбұрышында көгеру, тершеңдік байқалады
3-ші дәрежесінде- баланың жалпы жағдай ауыр, өте мазасыз, төсекте бір орынында жата алмайды. Денесінде жабысқақ тер, еріндерінің көгеруі, акроцианоз пайда болады. Айқын ентігу.
4-дәрежесінде жағдайы өте ауыр, ауызын ашып, қарманып, тыныс ала алмай қиналады. Цианоз арта түседі, құрысып-тырысу болуы мүмкін. Қан қысымы төмендейді, брадикардия, біртіндеп тыныс, содан кейін жүрек соғысы тоқтайды.
Бұндай жағдайда балаға шұғыл көмек көрсету керек.
1.Баланы жұбатып, алдандыру керек, мүкіндігінше мазаламау, таза ауамен қаматамасыз ету.
2.ыстық бумен ингаляция.
3.Жалпы ыстық ванна жүргізу
4.Табанына, кеудесіне, балтырына қыша қағазын қою
5.Жалпы сілтілі минерал (щелочные) суын ішкізу
6. Бұл шаралар көмек бермесе гормондық препараттар (преднизолон, гидрокортизон) қолданылады, болмаған жағдайда трахеостомия немесе интубация трубкасы қойылады
8.Негізгі ауруды емдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |