Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


тақырып. Жедел ринит, баспа, жедел стенозды ларингит, бронхит, бронхиолиттер



бет42/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

8.1 тақырып. Жедел ринит, баспа, жедел стенозды ларингит, бронхит, бронхиолиттер.
Жедел ринит-мұрынның шырышты қабатының қабынуы.
Этиологиясы: вирустар, микроорганизмдер, аллергиялық, механикалық, химиялық, гипертермиялық тітіркендіргіштер. Осы этиологиялы факторларды әсерінен мұрынның шырышты қабатыны ісінуі және гиперсекрециясы дамиды.
Клиникалы көрінісінің 3 кезеңі бар:
1. катаралды ринит, ұзақтығы 1 тәулік.
2. Серозды бөліністер кезеңі- 2-3 тәулік.
3. Іріді бөліністер кезеңі- 3-4 тәулік, кейде бірнеше аптаға созылады.
Мұрыны бітеліп, тыныс алу қиындайды, су ағу, бас ауыру байқалады, иіс сезуі төмендейді. Жалпы жағдайы нашарлайды. Мұрынының бітелуі емудің нашарлауына, ұйқынуының бұзылуына, мазасыздыққа әкеледі. Дене қызуы жоғарлауы мүмкін.
Аллергиялы ринитте дене қызуыны көтерілуі болмайды. Мұрын бөліндісі іріді болмайды. Бала түшкіреді, көзінің және мұрнының қышуы болдады.
Емі:
1. Жергілікті ем-вирусқа қарсы сықпа майлар (оксалин майы, интерферон).
2. Қан тамырларын тарылтатын препараттар (нафтизин, називин, галазолин).
3. Антисептиктер.
4. Иммуностимуляторлар-тимоген.
5. Күрделі тамшылар-пиносол.
6.Қыша қағазын қолдану.

Баспа – жалпы инфекциялық, негізінен көмей бездерінің өзгерістерімен сипаталатын ауру. Бір жасқа дейінгі балаларда сирек кездеседі, өйткені олардың көмекей бездері әлі дамып жетілмеген. Баспаны әртүрлі микробтар туғызады.
Аурудың айқындалуы – баланың жалпы жағдайы бұзылады: дене қызуы
(38-40 С) көтеріледі, басы ауырады, буындары қақсайды, жұтынғанда тамағы ауырады, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, денесі тітіркенеді (озноб), жақ асты бездері ісінеді, шошиды.
Көмей бездеріндегі өзгерістерге байланысты баспаны 3 түрге бөледі:
1.Катаральды баспа – көмекей бездерін, таңдайды қан кернеп, ісініп кетеді.
2.Лакунарлы баспа – қан кернеп, ісінген көмей бездерінің үстінде, іріңді қабыршақ пайда болады, дене қызуы жоғарлайды.
3.Фолликулярлы баспа – инфекция көмекей бездерінің тканіне өтіп, оның ішіндегі фолликуляларды іріңдетеді. Іреңдеген фолликулдер сары іріңді нүктеге ұқсап көрініп тұрады. Бұл баспаның ең ауыр түрі.


Емдеу және күтім:
1.Балаға төсек режимін тағайындау
2.Балаға жылы сұйықтықтарды көп беру: малина салынған шай, сүт, компот және т.б
3.Сағат сайын баланың тамағын шайдырып тұру керек: ас содасы, фурациллин ерітіндісі, түймедақ (ромашка), эквкалипт, календула қайнатпаларымен
4.Тамақты ас содасы ерітіндісімен булау, аэрозолдармен (каминтон, ингалипт)
5.Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын баланың жасына қарай беру.
6.Дене қызуын басатын дәрі-дәрмектерді беру ( парацетомол, т.б.)

Жоғарғы тыныс жолдарының ауруларының профилактикасы:


1.Бала күтімінде режимді мұқият сақтау
2.Баланы жасына сәйкес витаминдерге бай тамақтармен тамақтандыру
3.Баланың организмін шынықтырып, төзімділігін көтеру
4.Ауру баланы колликтивтен оқшаулау, бұл балаға сүлгі, бет орамал, ыдыс-аяқты бөлек шығару.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет