Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет83/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Диспансерлік бақылау. Жедел гломерулонефритпен ауырған бала педиатр, нефролог бақылауында 5 жылга дейін тұрады. Бастапқы 3 айда айына 2 рет, одан кейін жылдың аяғында дейін екі айда 1 рет, келесі жылдары бәрі өзгеріссіз болса, 3 айда 1 рет қаралады. Бұл кезде қан қысымы өлшенеді, зәр, қан анализдері жүргізіледі. Бүйрек жұмысы жағдайын эндогендік креатинин клиренсі мөлшері және Зимницкий әдісі бойынша тексереді. Аурудан кейінгі алғашқы жылы ауыр көтеру, физкультарадан босатылады. Режим бірте-бірте кеңітіледі. Санаторий емі тек жергілікті жерлерде жүргізілуі мүмкін. Оған толык ремиссиядан кейін 6 ай өткесін ғана рұқсат етіледі.

Алдын алу. Дұрыс режим, тамақтану, күтім, шынықтыру арқылы баланың ауруға қарсы тұру қабілетін жоғарылату. Стрептококк инфекциясын уақытында емдеу. Ауыз қуысындагы созылмалы инфекция ошақтарын дер кезінде анықтап, мұқият сауықтыру.

15 тарау. Балалардағы эндокринді жүйесінің аурулары.
15.1 тақырып. Қанатты диабет.
Қант диабеті


Қант диабеті – ұйқы безінің клеткаларының инсулинді аз мөлшерде бөлуімен және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің бұзылуымен, созылмалы гипергликемия және қан тамырлардың зақымдануымен сипатталатын ауру.
Қанда инсулин аз болған кезде тканьдер қантты сіңіре алмайды, сондықтан қанда қант мөлшері өседі. Бұл гипергликемия деп аталады. Нормада қант мөлшері ашқарынға – 3,3-5,5 ммоль/л.
Қант диабетінің 2 типі бар. 1-ші типі инсулинге тәуелді, 2-ші типі инсулинге тәуелсіз. Балаларда негізінен 1-ші типі кездеседі.


Қант диабетінің себептері:
1. Тұқым қуалау 5% дейін.
2. Балалардың вирусты жұқпалы аурулары (қызылша, эпид паротит, желшешек,тұмау т.б)
3. Қанттар мен майларды тамаққа көп қолдану.
4. Психикалық және күш стрестері.


Клиникасы: ауруды 3 сатыға бөледі. 1-ші сатысы потенциальды диабет, 2-ші латентті (жасырын) диабет, 3-ші айқын диабет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет