Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет91/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Клиникасы. Қызылшаның инкубациялық кезеңі 7-17 күн, профилактикалық мақсатта иммуноглобулин алғанда – 21 күнге созылады. Клиникасында 3 кезең бар:
1. Катаральды кезең – дене қызуының 38, 5 - 39C, жоғары тыныс жолдары қабынады, коньюнктивт пайда болады. Мұрын қуысынан алғашқыда кілегейлі, сосын кілегейлі-іріңді бөлініс, дауысы қарлығып, құрғақ жөтел пайда болады, бала мазасызданады. Науқас жарыққа қарай алмайды коньюнктивит, қабығы ісініп, склера қан тамырлары қызарып, ісінеді. Кейінірек іріңді бөлініс пайда болады, бала мазасызданады. Науқас жарыққа қарай алмайды, коньюнктивит, қабағы ісініп, склера қан тамырлары қызарып, ісінеді. Кейінірек іріңді бөлініс пайда болады; жалпы жағдайы нашарлайды; әлсіздік, мазасыздық, тәбеті және ұйқысы бұзылады. Катаральды, продромальды деп те аталады, 3-4 күнге, кей жағдайда 5-7 күнге созылады. Ауыз қуысының кілегейлі қабығында Бельский-Филатов-Коплик белгісі пайда болады: ұрттың кілегейлі қабатында, кіші азу тістерінің тұсында ақ жарма тәрізді бөртпе, айналасы қызыл доғамен қоршалған, 3-4 күнге дейін сақталады. Таңдайда қызыл түсті дақтар – энантема байқалады. Бала өте мазасыз, ұйқысы бұзылып, тәбеті төмендейді, кейде құсып, іші өтуі де мүмкін.
2. Бөртпе шығу кезеңі – аурудың 4-5 күнінде басталады, қызылшаға тән дақты-папулезды бөртпенің пайда болуымен сипатталады. Бөртпелердің алғашқы элементтері құлақ артында, мұрын қырында майда қызғылт дақ түрінде пайда болып, көлемі ұлғайып, бір-бірімен қосылып, әртүрлі пішінді бөртпеделге айналады. Алғашқы тәулікте бөртпелер тез таралып, бетінде, мойынында, кеудесі мен арқасының жоғары бөлігінде пайда болады. Аурудың екінші күнінде бөртпелер денесінің барлық жерінде, қолының проксимальды бөлігінде, 3 тәулікте қолы мен аяғына толық таралады. Бөртпелердің сатылап шығуы қызылшаға тән диагностикалық белгі. Бөртпелер арасындағы тері қабаты өзгермейді, бірақ бөртпелер бір-бірімен қосылып, тұтасып кетеді. Бөртпелер шығу кезеңінде баланың түрі: беті ісіңкі, қабықтары қалың, мұрыны жоғары еріні ісіңкі, көзі қызарған, мұрынынан іріңді бөлініс, кілегей қабығы жарақаттанған. Бөртпе шығатын алғашқы күндері дене температурасы жоғары көтеріледі, бөртпе толық шығып болғанша жоғары болады, 3-4 күннен кейін төмендейді. Науқас жағдайы біртіндеп жақсарады.
3. Жазылу кезеңі пигментация кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде баланың жалпы жағдайы дұрыстала бастайды, тері қабатындағы бөртпелер солғындай келе, орнында қошқыл қоңыр түсті дақтар қалады. Бөртпелер алғашқыда бетінде, сосын денесінде, қол-аяқтарында өзгере бастайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы 1-1,5 аптаға созылады. Бөртпелер кеткен кезде тері қабатында ұсақ түлеу байқалады. Баланың жалпы жағдайы біртіндеп жақсарады.
Қызылшаның жеңіл, өзгерген (митиггирленген) түрі аурудың инкубациялық кезеңінде иммуноглобулин алған балаларда кездеседі. Жеңіл өтеді, дене температурасы аздап көтеріледі; көп жағдайда Бельский-Филатов-Коплик дағы болмайды. Бөртпелер ақшыл, ұсақ, көп емес және сатылап шықпайды. Асқынулар байқалмайды.
Асқынулар аурудың кез келген кезеңінде байқалады. Асқынулар екіншілік инфекциясының қосылуымен сипатталады. Қызылшадан өлім асқынулар әсерінен болады. Жиі кездесетін асқынуларға: ларингит, ларинготрахеобронхит, пневмония жатады. Отит, стоматит те жиі кездесетін асқынуларға жатады. Қызылша энцефлиті сирек кездеседі. Энцефаломиелит параплегия және жұлынның зақымдану симптомдарымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет