Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет90/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Асқынулары: энцефалит, круп, лимфоаденит, тері қабатының пиодермия, абцесс және флегмона сияқты іріңді асқнулары.
Диагноз қою үшін эпидемиологиялық анамнез, клиникалық белгілер (бөртпелер полиморфизмі т.б. белгілері) ескеріледі.
Емі. Аурудың емі негізінен үй жағдайында жүргізіледі. Стационарда тек аурудың асқынулары мен ауыр түрлері емделеді.
Емдеу принциптері:
- Баланың жеке басының, киім-кешегінің, төсек орнының, бөлменің тазалығын қатаң сақтау;
- Гигиеналық ванна жасап тұру (дене қызуы нормада болса), бөртпелерді 5% перманганат 2% бриллиант жасылы, 1% метилен көмегімен жеке-жеке күйдіріп тұру;
- Симптоматикалық ем жүргізу, аурудың асқынған түрлерінде жергілікті еммен қатар синдромдар бойынша жалпы ем тағайындау.
Алдын алу жолдары. Арнайы шаралар: желшешекке қарсы вакцина шығарылған, бірақ вакцинация жүргізілмейді, өйткені ауру көбіне жеңіл түрде өтеді.
Жалпы шаралар:
- Мүмкіндігінше ерте ауыру баланы 10 күнге дейін оңашалау;
- Қарым-қатынаста болған 7 жасқа дейінгі балаларға 21 күнге карантин тағайынаду.
Ауырып өткеннен кейін тұрақты иммунитет қалады.

Қызылша (корь)
Қызылша – вирустармен шақырылып, жоғары температурамен, интоксикация-
мен тыныс жолдарының кілегей қабатының қабынуымен, теріде дақты-папулезды бөртпелерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауруы.
Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы – парамиксовирустар, құрамында РНК бар. Қызылша вирусының күрделі антигенді құрылысы бар, гемолиз, гемагглютинация және комплемент-байланыстырушы қасиеті бар. Қызылша вирусы сыртқы ортада өте төзімсіз, тез тарағыш, өте жұқпалы (ауру бала отырған бөлімдегі ауа арқылы басқа бөлмелерге, этаждарға тарап, басқа балалрға жұғылады).
Эпидемиологиясы. Аурудың көзі – ауру бала, ауырғаннан бастап, бөртпе шығу кезеңінің 5-ші күніне дейін, 10-шы күнге дейін қоршаған ортада жұқпалы болып есептеледі. Вирус науқас жөтелгенде және түшкіргенде қоршаған ортаға сілекейі-мен бөлінеді. Вирус ауа арқылы тез таралатындықтан науқасты толық оңашалау өте қиын. Аурушаңдық 3 айдан (пассивті анасынан алған иммунитет) асқан балалар арасында төмен. 6-10 айдан кейін балалар қызылшаға өте сезімтал. Анасы қызылшамен ауырмаса және егу алмаса балалар алғашқы күннен бастап қызылшаға сезімтал. Жүкті әйел ауыратын болса, ұрыққа жұғуы мүмкін. Таралу жолдары – ауа-сілекей арқылы. Қызылшамен ауырған балады тұрақты иммунитет пайда болады.
Патогенезі. Вирустың ағзаға енетін қақпасы жоғары тыныс жолдарының кілегей қабығы. Вирустың алғашқы көбейетін орны тыныс циттары. Лимфоидты жүйе (лимфа түйіндері, талақ, бауыр), қан атмырлары зақымданады. Инкубациялық кезеңде вирусемия пайда болады. Зақымданған лейкоциттар құрамындағы вирус- тер әртүрлі мүшелер мен жүйелерге таралады. Қызылша вирусы ағзада эненергия немесе ағзаның сыртқы орта әсеріне рекциясын төмендетеді. Ағзаның қорғаныштық қасиеті төмендегенде патогенді және шартты патогенді микрофлораның дамуына, әртүрлі интеркурренты аурудың пайда болуына қолайлы жағдай болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет