Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


тарау. Балалардағы жұқпалы аурулар



бет87/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

16 тарау. Балалардағы жұқпалы аурулар.
16.1 тақырып. Скарлатина (Жәншау). Желшешек.
16.2 тақырып. Қызылша, қызамық. Көк жөтел.
16.3 тақырып. Індетті паротит. Дифтерия.
16.4 тақырып. Менингококкты инфекция. А,В,С,Д және Е вирустық гепатиттер.
16.5 тақырып. Иммунопрофилактика.

Скарлатина (Жәншау).
Скарлатина – стрептококпен шақырылып, жалпы интоксикация белгілерімен, жоғары температурамен, бадамша бездерінің іріңді қабынуымен және тері қабатында майда бөртпелер пайда болуымен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы.
Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы – бета гемолитикалық «А» тобының стрептокогы, 80-ге жуық иммунологиялық типтері бар. Қоздырғыштың кейбір типтері бадамша бездерінің қабынуын, рожа ауруын, отит, синусит, лимфаденит, сепсис, ревматизм, гломерулонефрит ауруларын шақырады.
Эпидемиология. Аурудың көзі – ауру бала, ауырғаннан бастап 7-8 күнге дейін, асқынған жағдайларда одан ұзағырақ уақытқа жұқпалығы сақталады. Ауру көзі – ауру бала, ауырғаннан бастап 7-8 кұнге дейін, асқынған жағдайларда одан ұзағырақ уақытқа жұқпалығы сақталады. Ауру көзі назофарингитпен және ангинамен ауыратын науқастар жатады. Алғашқы күннен бастап қоршаған ортада қауіпті болып саналады. Таралу жолдары – ауа-сілекейі арқылы, тікелей қатынас арқылы да жұғуы мүмкін. Ауру бактерия тасымалдаушы арқылы да беріледі. Инфекция күту заттары, ойыншық, киім арқылы берілуі мүмкін. Аурушандық күз-қыс айларында жоғары. Ауруға бейімділік 2-7 жас аралығы, ересектер мен емізулі балалар өте сирек ауырады.
Патогенез. Организмге қоздырғыш қалыпты жағдайда бадамша бездері арқылы (фарингеальды түрі), сирегірек жағдайда жарақаттанған, күйген тері қабаты арқылы (экстрафарингеальды немесе экстрабуккальды түрі), жатырдың кілегей қабығы (босанғаннан кейінгі скарлатина), сирек өкпе арқылы енеді. Стрептококтың енген жерінде қабыну ошағы пайда болады (ангина). Қоздырғыш өзінен экзотоксиндер және бірнеше ферменттер бөлінеді. Токсиндердің пирогенді, цитотксикалық, жасуша мембранасын өзгертеді. Токсиннің термолабильды функциясы интоксикация белгісін және бөртпелерді; термостабильды фракциясы аллергиялық өзгерістердің пайда болуына жағдай жасайды. Осымен қатар оррганизмде токсиндерге қарсы антиденелер түзіледі, соның арасында ауруға қарсы арнайы иммунитет пайда болады. Организмде бұл антиденелердің бар-жоғын, яғни скарлатинаға қарсы иммунитет бар-жоғын анықтау үшін Дик белгісін қойып тексеруге болады. Техникасы Манту белгісіне ұқсас, арнайы стрептокок токсинін тері ішіне егу арқылы анықталады. Егер ісік, қызару пайда болса, оң нәтиже деп есептеледі, токсинге қарсы иммунитет жоқ, ал дик белгісі теріс нәтиже көрсете, ауруға қарсы иммунитет бар деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет