Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет84/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Потенциальды диабет глюкозға толеранттылығынаның бұзылуы, диабет ауруының даму қауіптілігі жоғары болумен сипатталады.ашқарынға және глюкоза жүктемесінен кейін глюкоза деңгейі қалыпты болады.
Латентті диабет клиникалық белгілері болмайды, глюкоза деңгейі ашқарынға қалыпты, бірақ глюкоза жүктемесінен кейін 2 сағатттан соң глюкоза деңгейі қалыпына келмейді.
Айқын диабет негізгі симптомдар триадасымен (3 «П») көрінеді: полидепсия (шөл тәулігіне 5-6 литр сұйық ішеді), полиурия (зәрдің көбейуі тәулігіне 2-6 литр) және полифагия( тәбетінің жоғарлауы). Тәбетінің жоғары болғанына қарамастан салмағы төмендейді. Бетінде диабеттік қызыл шырац, терісі құрғақ, қабыршақтану, қышу, шашында қайызғақ байқалады. Зат алмасу процесінің бұзылу себебінен бала организмінің төзімділігі нашарлайды, сондықтан бұл балаларда терінің іріңді аурулары жиі кездеседі, өкпе қабыну,жұқпалы ауруларменде жиі ауырады
Қан тамырларында ерте склероздық процесстер пайда болады:
А) бас миының қан тамырларының склероздануының себебінен бала тез шаршағыш,ұмытқыш болады.
Б) көздің торлы қабығының тамырларының склероздануынан алыстан көрмеушілік дамиды.
В)бүйректе – созылмалы бүйрек тапшылығы(ХПН)
Г)жүректе –жүрек соғу дыбысы тұншығып шығады, жүрек шекарасы кеңейеді,жүректе сырыл пайда болады.
Д)теріде –екі бетінің ұшы қызарады.
.
Емшек жасындағы балаларда мазасыздық, шөл (жиі ему), салмағының төмендеуі, терісінің баздануы, жаялығының «крахмалдаған» тәрізді болуы, ақ кристалдардың байқалады.
Қант диабетінің балалардағы ерекшеліктері
1. Ауру қатты, екпінді басталады.
2. Ауру ауыр түрінде өтеді, балаларда қантты диабеттің жеңіл түрі болмайды.
3. Асқынуға бейім.
Бұл қауіпті асқынулар гипергликемиялық және гипогликемиялық кома (кома –терең ұйқыға кету).Кома шұғыл көмекті қажет етеді, сондықтан мейірбике бұл комалардың айқындалуын және олар дамыған кездегі шұғыл көмекті білуі керек.
Гипергликемиялық(диабеттік кетоацидоз) кома
Себептері: 1. Инсулиннің дозасының кем болуы.
2. Майлы тамақты және тәттілерді мөлшерден көп жеу.
Осы себептердің әсерінен зат алмауының барлық түрі бұзылады,организмде шала тотыққан қосылыстар жиналып организм уланады.
Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдеу күшейеді, зәрдің мөлшері көбейеді,тәбеті төмендеп, ұйқышыл болады,терісі,шырышты қабықтары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады,дем алысы шуылдаған,бала есінен айырылады,көз алмасы жұмсақ.
Шұғыл көмек:
1. Венаға 150-300мл физиологиялық ерітіндісіне қосып 1 кг дененің салмағына 0,1ЕД үздіксіз ерітіп инсулин құйылады. Сонан соң осы есеппен сағат сайын әр кг салмағына 1сағат бойы тамшылатып құйылады.
2. Асқазан 5% сода ерітіндісімен жуылады.
3. 4% сода ерітіндісімен тазартқыш клизма қойылады.
4. Рингер, физиологиялық, 5% глюкоза ерітінділерін венаға тамшылатып 2-3 литрге дейін құю.Бұл ерітінділермен бірге кокорбоксилаза, витамин С құйылады.
5. Тамшылатып сұйықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып,аузынан да көп сұйықтар: жылы минералды сулар, кептірілген жемістерден жасалған компотты әр 5-10 мин сайын шай қасықпен 1-2 рет беру керек.
6. 3-4 сағаттан кейін баланы оңай сіңірілетін тамақтармен тамақтандырады: айран, жеміс пюресі,шырындар.
Мейірбике ондағы қант мөлшерін айқындау үшін баланың тәуліктік зәрін жинап, қан алуы керек. Қандағы қант мөлшерін 2-4 сағат сайын тексеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет