Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет88/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Клиникасы. Аурудың жасырын кезеңі 7 күннен аспайды. Экстрафарингеальды түрінде бірнеше сағатқа ғана созылуы мүмкін. Ауру өткір басталады. Дені сау баланың температурасы көтеріліп, құсады және тамағы ауырады. Бірнеше сағаттан кейін науқас терісінде бөртпелер пайда болады, бетіне, мойынына, денесі мен қол-аяқтарына таралады. Скарлатина бөртпелері қызарған теріде майда нүкте тәрізді болып орналасады. Бөртпелер науқастың бетінде тығыз болғандықтан ауыз, мұрын үшбұрышы ақшыл түсті болып көрінеді. Бөртпелер денесінің екі бүйірінде, ішінің төменгі бөлігінде, қол-аяқтың ішкі (бүгу бетінде), табиғи қыртысты жерлерде (қолтықта, шаш аралығында, шынтақ ойысында, тізе асты ойыста) көп орналасады. Дермаграфизм ақ, қайын білінеді. Терісі құрғақ. Бөртпелер 3-7 күннен кейін кете бастайды, дақ қалмайды. Бөртпелерден кейін науқас терісінде жалпақ табақшалы түлеу «қолғап тәрізді» пайда болады.
Бадамша бездерінің қабынуы скарлатинаның негізгі симптомдарының бірі. Бадамша бездері ісініп қызарған, қабыну процесі тілшіге, тіл доғаларына таралады, бірақ қатты таңдайдың кілегейлі қабығына таралмайды. Ангина: катаральды, фолликулярлы, некроздық және жалған фиброзды болып бөлінеді. Ангина аурудың 2-4 күндері пайда болады. Некроз беткей арашылық түрінде орналасады, кейбір жағдайда терең, бадамша бездерін түгел қамтиды. Некроз жайлап, 7-10 күнде кетеді.
Ауыз қуысының кілегей қабығы құрғақ. Тіл арқасында сұр қабыршақ байқалады және қабыршақ аурудың 2-3 күндерінде тіл ұшынан, жиектерінен бастап бірітіндеп кете бастайды. Бұл симптом 1-2 аптаға созылады. Мойын лимфа түйіндері ұлғайған және қатты, пальпация кезінде ауырсынады. Аурудың ауырлғына байланысты интоксикация белгілері және дене температурасының жоғарылау анық білінеді. Скарлатинаның жеңіл түрінде субфебрильді температура, интоксикация белгіллері болмайды. Ауыр түрінде дене температурасы жоғары көтеріледі (39-40С), қайталап құсады, басы қатты ауырады, әлсіз, ұйқышыл, кейде тырысу, менингеальды симптомдар болуы мүмкін. Дене температурасы аурудың жеңіл түрінде 7-9 күнде қалпына келеді. Жүрек қан тамырлар жүйесіндегі өзгерістер ұзақ 2-4 аптаға дейін сақталады. Жалпы қан анализінде алғашқыда лейкоцитоз анықталады, ЭТЖ жоғарылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет