Лекциялар жинағы Оқу түрі: күндізгі, кешкі, қашықтықтан Құрастырған: Тұрмаханова С.Ә. Шатаева А. М


-апта. Инклюзивті үрдістің тиімділігін талдау жасау құралы ретіндегі мониторингтік зерттеулерді жүргізу технологиясы



бет19/24
Дата08.02.2022
өлшемі178,17 Kb.
#119822
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ЛК Ин бб арн пед техн 2021

11-апта. Инклюзивті үрдістің тиімділігін талдау жасау құралы ретіндегі мониторингтік зерттеулерді жүргізу технологиясы
21 лекция тақырыбы: Инклюзивті үрдістің тиімділігін талдау жасау құралы ретіндегі мониторингтік зерттеулерді жүргізу технологиясы
Жоспар:
1. Инклюзивті үрдістің тиімділігін талдау жасау құралы ретіндегі мониторингтік зерттеулерді жүргізу технологиясы
2. Ерекше білімге қажеттілігі бар балалардың білім алу нәтижелерін бағалаудың негізі мен маңыздылығы
3. Ерекше білімге қажеттілігі бар балалардың білім алу нәтижелерін анықтауға қойылатын талаптар
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдері.– Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2015. – 13 б.
2 Тебенова К.С. Основы инклюзивного образования: учебное пособие / К.С. Тебенова, С.Т. Каргин, Л.С. Заркенова и др. – Алматы: издательство «Эверо», 2016.-304с.
3 Жубанова С.С. Теория и практика инклюзивного образования. Учебное пособие. – Алматы: Эверо, 2016.-148с.
4 Байменова Б.С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом: учебное пособие. – Алматы: издательство «Эверо», 2016. -148с.
5 Михальчи Е.В. Инклюзивное образование: учебник и практикум для бакалавриата и магистратуры. – М: Издательство Юрайт, 2018.-177с.
Мониторингтің функциялары:
- диагностикалық,педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесінің жағдайы мен болып жатқан өзгерістерді диагностикадан өткізуге жол береді;
-түзету, білім беру қызметін жүзеге асырудың көптеген болжалмайтын, күтпеген нәтижелердің анықталуы мен бекітілуін болжайды, олардың арасында оң және теріс нәтижелер болуы мүмкін;
-болжамды, жағдайларды шешу кезінде максималды дәйекті және тиісті, ең бастысы басқарушылық талаптарды қабылдау кезінде мониторингтік ақпаратты пайдалануға жол береді.
Мониторингтің принциптері:
үзбеушілік;
жүйелілік;
ғылымилылық;
тұтастық;
дарашылдық;
объективтілік;
вариациялық.
Мониторингтік зерттеулерді жүргізу технологиясы:
«Өрлеу» БАО» АҚ ПҚ БАИ мониторинг және талдау бөлімімен біліктілікті арттыру курстарының тиімділігі бойынша мониторингтік зерттеулерді жүргізуге бірыңғай талаптары, диагностикалық инструментарийі, зерттеулерді жүргізу технологиясы жетілдірілген.
Мониторингтік зерттеулердің бағыттары:
-қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының сапасы (кіріс және шығыс диагностика);
-деңгейлік бағдарламалар бойынша сертификатталған мұғалімдердің кәсіби қызметінің сапасын бағалау (курстардан кейінгі уақытта сертификатталған мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі өзгерістерді қадағалау механизмы негізінде);
-курстардан кейінгі уақытта қысқа мерзімді курстарынан өткен мұғалімдердің кәсіби қызметінің сапасын бағалау (жыл сайын оқу жылдың нәтижелері бойынша) 9 критерийі бойынша.
Бағалау үшін ақпарат көздері:
-курстық дайындықтан өткен тыңдаушылар;
-«Өрлеу» АҚ ПҚ БАИ филиалдарының әкімшілігі;
-біліктілікті арттыру курстарының аяқталысымен тапсырылатын есептердің нәтижелері.
Курстардан кейінгі кезеңде – 3 айлық курстары:
-мұғалімдермен бірге бір мектепте жұмыс істейтін, олардың әріптестері;
-білім беру мекеменің басшылығы, білім беру саласының басқа да мамандары;
-оқушылар, ата-аналар.
Ақпаратты алудың әдіс-тәсілдері:
-сауалнама жүргізу, тестілеу, жобаларды және портфолио қорғау;
-жеке сұхбат;
- біліктілікті арттырудың нақты курстарының тиімділігін зерттеу шеңберінде, сондай-ақ қалалық немесе облыстық масштабта өткізілетін іс-шараларды өткізу процессінде де ұжымдық талқылау;
-педагогикалық қызметі мәселелері жөнінде мұғалімдер өздерінің сұрақтарын немесе тілектерін электрондық пошта арқылы жіберуге болатын сайттарды, форумдарды, чаттарды, хабарламалардың электрондық тақталарын және т.б. ұйымдастыру;
-білім берудегі оқушылардың жетістіктеріне мектеп ішіндегі мониторинг жүргізу.
Курстық дайындық кезінде тыңдаушыларға ұсынылатын диагностикалық инструментарийдің ішінде, олар үшін педагогикалық қызметінің ең өзекті мәселелерін, сондай-ақ курстардың ұйымдастырылуы мен құрамы бойынша тілектерін жеткізуге мүмкіндік беретін сұрақтары бар.
Алынған ақпараттың негізінде біліктілікті арттыру бағдарламалардың міндеттері анықталып, білім берудің құрамы мен әдістері іріктеледі, мектеп үшін негізгі маңызды критерийлері және білім беру сапасының көрсеткіштері анықталады.
Педагогтардың өзгеше талаптарын қанағаттандыру оларға көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасының дәлелі болып табылады.

22 лекция тақырыбы: Интеграциялық оқыту жағдайында ерекше білімге қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру


1.Жалпы білім беру мектептерінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
2.Қолдау көрсетуші топтардың қызмет жағдайлары.
3.Қолдау көрсетуші топтар мүшелерінің қызметтік міндеттері.
Жоспар:
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдері.– Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2015. – 13 б.
2 Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2010 ж
3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ерекше білім беруге кажеттілігі бар балаларды жалпы бiлiм беру ұйымында оқуға даярлық деңгейін өлшеуіштерді жасау және енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. – 2018ж.
4 Жалпы білім беру процесінде ерекше білім беруге кажеттілігі бар
балаларды қолдау бойынша педагог-ассистенттерге арналған әдістемелік
ұсынымдар – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. – 96 б.
Интгерациялау үрдісінің өнімділігіне сыртқы және ішкі жағдайлар әсерін тигізеді. Дамуында ауытқуы бар балаларды тиімді интеграциялдауда қамтамасыздандыратын сыртқы жағдайларды жатады:

  • Бұзылысты ерте анықтау (өмірінің алғашқы кезінде) және өмірінің алғашқы айларынан бастап түзетушілік жұмысты жүргізіу;

  • Ата-аналардың өз балаларын сау балалармен бірге оқытуға деген ұмтылысы мен дайындығы;

  • Интеграцияланған балаға тиімді,топтастырылған түзетушілік көмекті көрсету мүмкіндігін қамтамасыздандыру. Интеграцияның өнімділігін тәуелді ішкі жағдайларға мыналар жатады:

  • Баланың дамуының психо-физикалық деңгейі (қалыптыға жақындаған сайын бірлесіп оқу өнімділігі арта түседі);

  • Қалыпты балалараға қарастырылған белгілі бір уақыт аралығында баланы жалпы білім беру стандартын меңгеру мүмкіндігі;

  • Дамуында ауытқуы бар баланы біріктіріп оқытуға психологиялық дайындау және т.б. Қазіргі таңда мүмкіншіліг шектеулі балаларға білім және әлеуметтік инклюзивті қамтамасыздандыруда белгілі бір қиындықтар кездеседі;

  1. Дамуында ауытқуы бар балаға психологиялық-медициналық педагогикалық көмек көрсету және ерте анықтау кешенді жүйесінің жоқтығы.

  2. Интеграцияланған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту үшін балаларды негіздеп іріктеу мәселесі, олар мүмкіндіктерін ескере отырып оның формаларын таңдау.

  3. Жалпы білім беру ұйымдарының педагогтарының даму бұзылыстары бар балалармен өнімді педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға дайын болмауы.

  4. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне біріктіру үрдісін жүзеге асырудың маңызды мәселесіне белгілі бір білім,білік және дағдыларды балалардың тікелей меңгеруін қарастыратын біілім беру стандарттары менбілім беру ұйымдарының бағдарламалары жатады, олар абстрактілі физикалық, эмоциянальдық жіне интеллектуалдық «сау» балаларға бағдарланған және олардың мүмкіншіліг шектеулі балалардың мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен айқын көрініс береді.

  5. ГОСО-да берілген және білім беру ұйымсдарының тәжірибесінде қолданылатын балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сыныптар мен топтарға бөлудің регламентациясы. Жас ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөлу қалыпты балалар мен дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы дамуына қарамастан қолайсыз себебі бірдей жастағы біріңғай бұзылыстары бар балалардың психикалық даму деңгейіңнде тіртіп дағдылары мен психикалық функциялық дамуында үлкен айырмашылық бар.

  6. Мүмкіншілігі шектеулі балалармен регламентацияланған жұмысты жүргізуге арналған нормативті-құқықтық, бағдарламалық және оқу – әдістемелік материалдардың мүлдем жоқтығы.

  7. Психо-физикалық дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған жалпы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қажетті материалдық-аппараттық-техникалық жабдықтың болмауы.

  8. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен дамытуға байланысты психологиялық комфортты жағдайлардың жоқтығы. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеші-педагогтары, қалыпты балалардың ата-аналары мен балалардың өздері психофизикалық дамуында ауытқуы бар балалардың біріктіріп оқытуына негативті қарым-қатынас танытуы мүмкін.

  9. Жалпы білі беру ұйымдарының штаттарында логопедтердің, психологтардың жіне педагог дефектологтардың жетіспеушілігі яғни арнайы түзетушілік-педагогикалық көмекті қажетсінетін балалармен педагогикалық іс-әректті арнайы білімдері біліктіліктері және дағдылары жоқ тәрбиеші педагогтар жізеге асырады. Мектепке дейінгі жалпы білім беру ұйымдарында мүмкіншілііг шектеулі балаларға түзетушілік және психологиялық көмек инфраструктурасы жақсы және ұйымдастырылған түрде қызмет ету қажет.

  10. Балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеудің вариативті модельдерінің жоқтығы (жаппай, бөлшектеп, уақытша біріктіру).

  11. Білім берудің барлық кезеңдерінде балаларды медициналық педагогикалық жүйемен қамтамасыздандырудың жоқтығы.

  12. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қабыладауда жалпы білім беру ұйымдарының педагогтарының мадақтаудың бекітілген жүйесінің жоқтығы (еңбегін қосымша төлеу, еңбек демалысының жалғасуының көлемін көбейту доплата және т.б.)

Бала жас болған сайын оның шаршаған белгілеріде ерте пайда болады. Сонымен, 5-6 жастағы балалар үшін уақыт 10-15 минут құрайды. Бұл жастағы балалардың қызмет ету мүмкіншілігі өте аз. 7-12 жастағы балалар үшін компьютерлік сабақтардың үздіксіз ұзақтылығы – 20 минут, ал олардан үлкен балаларға – жарты сағаттан аспау керек. Сабақтың ұзақтылығында балалар мен жасөспірімдердің көру және жалпы шаршау белгілері пайда болады. Егер балада неврологиялық бұзылуы, тырысқақ реакциясы, көру қабілеті бұзылу бар балаға компьютерлік сабақтар туралы сұрақты сақтықпен шешу керек, өйкені компьютер денсаулығына байланысты осы барлық ауытқуларды күшейтуі мүмкін. Екінші ереже — жұмыс орнын оңтайлы ұйымдастыру. Ең алдымен, компьютер экранына сол жақтан жарық түсетіндей етіп орналастыру керек. Экранның жарықтығына қарамастан сабақ қараңғы емес, жақсы жарық комната өту қажет. Компьютермен жұмыс істеу орнына сол жақтан, табиғи жарық бір бүйірден түсетіндей етіп орналасуы керек. Компьютерді қолданушының алыс арақашықтыққа көзқарасты ауыстыру мүмкіншілігі бар кезде жұмыс орны сәтті орналасқаны болып табылатыны — жұмыс уақытында көру жүйесінің жеңілдету ең бір тиімді әдісі.
ЕББҚБ балаларға және олагорнрдың құқықтарына мемлекет көзқарасының өзгеруі. Арнайы білім берудің республикалық білім беру жүйесіне қалыпты дамитын балалар мен ЕББҚБ балалармен біріктіріліп оқытылуына бағдарлануы.
Білім беру аймағындағы халықаралық құжаттарға негізделген ҚР-ның құжатнамасында дамуында ауытқуы бар балалардың білім алуға тең құқылы принципі қарастырылады. Жоғарыда көрсетілген мәлімет білім берудің қазіргі таңдағы жүйесіне мүмкіншілігі шектеулі балалардың қазіргі таңдағы жүйесіне мүмкіншілігіне шектеулі балалардың қазіргі таңдағы адекватты беталысын сипаттайды. Қазақстан қоғамында инклюзивті білім беру идеясының кең таралуының инициаторы болып, жалпы білім беру үрдісіне мүмкіншілігі шектеулі балаларды біріктірудің мемлекеттік жүйесін құрушы ғылыми зерттеушілік әрекетті ұйымдастырушы профессор п.ғ.д. Сулейменова Р.А. болып табылады. Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттің нәтижесіне технологиялық қамтамасыздандыруды өңдеу, сонымен бірге мүмкіншілігі шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне біріктірудің өзекті мәселесін анықтау болып саналады, скрининг тереңдетіп тексеру және түзетушілік әсер ету. Соңғы жылдары орын алған мүмкіншілігі шектеулі балаларды мектепке дейінгі үйымдарға стихиялық түрде біріктіру масштабтары анықталды. ҚР-дағы және шет елдегі арнайы білім берудің жағдайын және инклюзивті білім беруді талдау қазақстанда инклюзивті білім берудің дамуымен параллель жүретін түзетушілік білім беру ұйымдарының сақталуы мен жетілуінің эволюциялық жолын қалыптастыру болып табылады. Кеңес одағы кезінде қалыптасқан және дамыған арнайы білім беру жүйесінде мүмкіншіліг шектеулі балаларды оқыту бұзылыстардың түрлеріне қарай ерекшеленген (есту қабілеті бұзылған, көру қабілеті, сөйлеу тілі, интеллектісі, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы) бұзылған балаларға арналған. Бұрынғы онжылдықтың 80-жылдары психикалық дамуы тежелген балалар үшін жалпы білім беру мектептерінде арнай сыныптар ашыла бастады. Қазіргі таңда жалпы білім беру мектептерінде интеллектісі бұзылған мектеп жасындағы балаларға арнайы сыныптар жұмыс істей бастады, ол мүмкіншіліг шектеулі мектеп жасындағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне интеграциялаудың бір формасы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет