Лекциялар жинағы Оқу түрі: күндізгі, кешкі, қашықтықтан Құрастырған: Тұрмаханова С.Ә. Шатаева А. М


апта. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумның (ПМПК) қызметін ұйымдастыру



бет21/24
Дата08.02.2022
өлшемі178,17 Kb.
#119822
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ЛК Ин бб арн пед техн 2021

13апта. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумның (ПМПК) қызметін ұйымдастыру
25 лекция тақырыбы: Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумның (ПМПК) қызметін ұйымдастыру.
Жоспар:
1.Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумның (ПМПК) қызметін ұйымдастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдері.– Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2015. – 13 б.
2 Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2010 ж
3 Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
4 Тебенова К.С. Основы инклюзивного образования: учебное пособие / К.С. Тебенова, С.Т. Каргин
Әдістемелік құралдың мақсаты – оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыруда ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс атқаратын жалпы білім беретін және арнайы мектептердің педагогтарына көмектесу
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта мектептегі инклюзивті білім беру жағдайында білім берудің жаңартылған мазмұндағы МЖМБС талаптарын жүзеге асырудың ерекшеліктері Білім беру мазмұны білім алушылар өз әрекеттерімен меңгеретін, педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Танымдық, репродуктивтік, шығармашылық әрекеттердің жүзеге асырылу тәжірибесі және көңіл-күй құндылықтарының қатынасы шынайы оқытылатын әрекеттердің қатынасы бойынша қызмет тәсілдеріне сәйкес: табиғатқа, мәдениетке, техникаға, әлеуметтік коммуникацияларға және білім саласының басқа да шынайы объектілеріне қолдану жолымен жүзеге асырылады. Осы объектілерге қатысты білім алушылардың тиісті білім әрекеті ұйымдастырылады, яғни кілтті құзырлылықтардың минималды тізімінде жүйелендірілген жалпы пәндік білімдер, ептіліктер, дағдылар мен тәсілдер әрекетінің қалыптасуына әкеледі.
Республикадағы инклюзивті білім беруді дамыту жұмыстарын жетілдіру және барлық балалардың білім алу құқығы келесі құжаттармен реттеледі:
− Қазақстан Республикасының Заңдары: «Білім туралы», «Балалар құқықтары туралы», «Мүгедектер құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы»;
-Нормативті құжаттар мен актілер: «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (13.01.2014 ж ылғы өзгертулерімен және толықтыруларымен) ҚР Кодексі, Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік ережелер», «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. Қазақстан Республикасының заңдамалары, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғауды, осыған қатысты барлық құқықтық ережелерінің сақталуын және осы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, олардың жоғары сапалы білім беру қызметтерін алуын, қол жетімді орта құрылуын қарастырады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру халықаралық құқықтық актілерге бейімделген: «Балалар құқықтары туралы конвенция», «Мүгедектер құқықтары туралы Конвенция», «Ерекше оқытуды қажет ететін адамдардың білімі бойынша Саламанка декларациясы мен Іс-қимылдар шеңбері» және т.б. Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне мен оқу қажеттіліктеріне білім беру ортасын бейімдеу және педагогикалық тәсіл негізінде олардың тұрғылықты жерiне қарай барлық оқушылар үшін тең оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету – Қазақстанда инклюзивті білім беру нoрмативті-құқықтық базасының негізгі постулаттарына негізделген. Инклюзивті білім беруді дамыту инклюзивті саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды жүйе деңгейіне толық, сондай-ақ олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз мүмкін емес.
Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді. Осыған байланысты инклюзивті білім беру түбегейлі өзгерістер жасауға және білім беру мақсатын қайта бағдарлауға ықпал ететін инновациалық процестердің негізгі ортасы болуы тиіс.
Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің мынадай стратегиялық бағыттарын көрсетуге болады:
- инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;
- ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқуәдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу;
- мектеке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау және түзету-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту;
- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға, әлеуметтендіруге қажетті жағдай туғызу;
- инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты – барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру.
Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндеттері:
- инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру; - инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру);
- білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық және әлеуметтікпсихологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау;
- «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;
- инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Инклюзивті білім беруді дамыту қағидаттарының негіздері: - инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі; - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану; - білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту; - еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы; - білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы; - кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет; - мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «проблема тасымалдаушы» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне әлеуметтік ықпал; - денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзету-дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы болып табылады. Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың маңызды кезеңі қазіргі кезеңдегі инклюзивті білім беруге жататын адамдардың санатын кеңейтілуі, оларды сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Әртүрлі санаттағы балаларды инклюзивті білім процесіне енгізу нормативті-құқықтық базаны жетілдіреді, білім беру мекемелерінде осы жұмыстарды жүйелеу талап етіледі және осы санаттағы балалардың білім беру қажеттіліктерін зерделейді.
Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ҚР МЖМБС және ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін бағдарламаларды ҚР МЖМБС аясында бейімдей алады.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге қосу нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» баяндалған.
Арнайы және инклюзивті білім беру барлық оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған психологиялық-медициналық- 8 педагогикалық кеңес беру ұсынымдарын ескере отырып әзірленген арнайы және жалпы білім беретін оқу бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш мектепте ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысына сәйкес ҚР БҒМ 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқиды.

26 лекция тақырыбы: Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен, олардың ата-аналарымен, оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.


Жоспар:
1.Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен, олардың ата-аналарымен, оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
Пайдаланған әдебиеттер:
Пайдаланылған әдебиеттер:
ҚР 2007.07.27 № 320 Заңы 
16-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң құқықтары
Кемтар балалардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерiнiң:
1) баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда куәландыру кезiнде қатысуға;
2) баланы тексерудiң нәтижелерi, жеке әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары мен нәтижелерi туралы дұрыс ақпарат алуға, медициналық, арнаулы бiлiм берумен және арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетумен айналысатын органдар мен ұйымдардан консультациялар алуға;
 3) өз балаларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуына;
4) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын жергілікті өкілді органдардың шешімімен айқындалатын тәртiппен және мөлшерлерде өндіріп алуға құқығы бар.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң мiндеттерi
1. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi, заңдарда белгiленген мiндеттерден басқа, өздерiнiң балаларын асырауды, тәрбиелеудi, бiлiм берудi, медициналық байқаудан өткiзудi, емдетудi қамтамасыз етуге, оларға күтiм жасауға, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға оңалтудың жеке бағдарламасын iске асыруға қатысуға тиіс.
2. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi балаларына күтiм жасау мен оларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындаудан жалтарғаны, оларға қатыгездiк көрсеткенi, олардың денсаулығына зақым келтiргенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
Балалардың көп бөлігі қалыпты дамыған балалармен бірге балабақшаның сыныптары мен топтарында оқиды және тәрбиеленеді. Мұндай ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына интеграциялау зорлық стихиялық түрде жүзеге асырылады, ол бірқатар факторлармен сипатталады.

  • ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының санының жеткіліксіздігі ( ережеге сай,кішігірім қалалар мен ауылдық аймақтарда);

  • ата-аналардың балаларының арнайы білім беру ұйымдарына баруынан бас тартуы;

  • жанұяның тұрғылықты жеріне алыс болуы мен, балаларға көліктің жетіспеушілігімен, баласын интернат жағдайының тәрбиесіне деген ынтасының болмауымен байланысты;

  • ата-аналардың балаларын қалыпты дамыңан балалардың арасында оқытуға деген ұмтылысы.

Жалпы білім беру ұйымдарында оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар индивидуалды, арнайы түзету-педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік қолдаудың жоқтығының әсерінен әлеуметтік дағдыларды меңгеруде және оқу материалын меңгеруде біраз қиындықтарға тап болады. Жалпы білім беру мектептерінің педагогтары ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуының тәсілі мен өзара іс-әрекет ерекшелігі туралы сәйкес білімі жоқ, себебі бұл ақпарат олардың оқудағы дайындық мазмұнына кірмейді. Нәтижесінде мектеп оқушыларының бұл категориясы өте жиі тқрақты түрде үлгере алмайтын және әлеуметтік дезадапиацияланған оқушылардың қатарына кіреді. Дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы білім беру ортасына мақсатты түрде біріктіру республикада жеке фактілер, индивидуалды тәжірибе түрінде жүзеге асырылады және ғылыми әдістемлік негіздемесі нормативті-құқықтық, кадрлық, материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру жоқ. «Мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік,медициналық педагогикалық психологиялық қолдау көрсету» 2002 шілде ҚР-ның заңының жүзеге асыруға сәйкес мемлекеттің барлық аймақтарында арнайы білі беру ұйымдарының жаңа типтері ашыла бастады: дамуында түрлі ауытқуы бар және үйде немесе жалпы типтегі бала бақшада немесе мектепте өмірінің алғашқы кездерінен бастап арнайы педагогикалық көмек алатын оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері. Қазіргі таңда республикада 15 оңалту орталығы және 119 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері бар. Қазіргі таңда мүмкіншілігі шектеулі бала ажыратып оқыту жүйесінде психологиялық-педагогикалық көмекті алуы мүмкін, себебі бұл жүйеде кәсіптік білімі мен тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді, онда оқу үрдісі бағдарламалық , оқу-әдістемелік , материалдық-техникалық қамтамасыздандырылған. Арнайы білім беру ұйымдарының кадрлық, материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік потенциалы жалпы білім беру үрдісіне біріктірілген балалар үшін де, сонымен бірге ата-аналар мен мұғалімдер үшін де өнімді түрде қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, инклюзивті білім берудің беталысы мен алғышарттары концепцияның өзіндік уақыты мен қажеттілігін куәландырады. Осы концепцияға сәйкес инклюзивті білім берудің дамуының бағыттары мен принциптерін анықтау дамуында ауытқуы бар балалардың білім алуына қажетті жалпы типтегі балабақшада және мектепте пайда болуына әкеп соқтырады, ол минималды шектелген жағдайда сапалы білім алу құқығын жүзеге асыруына әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет