Қайталауға арналған сұрақтар
Желінің физикалық құрылымы деп нені түсінесіз?
Қайталағыштардың қызметін түсіндіріңіз
Желінің логикалық құрылымы деп нені түсінесіз
Көпірдің қызметі қандай?
Маршрутизатрдың қызметін атаңыз
ЛЕКЦИЯ № 7. ХАТТАМАЛАР ТУРАЛЫ
7.1 Атаудың домендік жүйесі
7.2 IP адрес. Хаттамалар туралы. ТСР/ІР хаттамасы
7.3 RIP қашықтықты векторлық хаттамасы. OSPF хаттамасы
7.1 Атаудың домендік жүйесі
Домендік Атау Жүйесі (ағылш. Domain Name System — орыс. Система Доменных Имён) - Интернет желісіндегі IP адрестерінде — компьютердің атын есте сақталатын домендік атауға (мысалы, www.ip.com) ауыстыру механизмі. Мұндай өзгертулер атаудың домендік жүйесінің арнайы серверлерінде автоматты түрде атқарылады. DNS-тің түпкі идеясы домендік атаулардың және аймақтардың иерархиялық құрылымының көрінісі болып табылады. Атауға жауап беруші әрбір сервер, доменнің алдағы бөлімінің жауапкершілігін басқа бір серверге сілтей алады (әкімшілік тұрғыдан қарағанда - басқа ұйымға немесе адамға). Бұл тек "өзінің" домендік атау бөлігіне жауапты түрлі ұйымдардың(адамдардың) серверінде ақпараттың өзектілігіне жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Домендік Атау Жүйесінің қосымша мүмкіндіктері:
Динамикалық жаңартуларды қолдану;
Мәліметтерді (DNSSEC) және транзакцияларды (TSIG) қорғау;
Түрлі типтегі ақпараттарды қолдану.
Домендік атаулар жүйесі немесе DNS - бұл интернет-серверлерге аталған мекен-жайларды беру үшін қолданылатын жүйе. Бірнеше халықаралық телефон нөмірлеріне ұқсас, домендік атау жүйесі әрбір интернет серверіне есте қаларлық және жеңілдетілген мекен-жай беруге мүмкіндік береді. Дегенмен, домен атаулары көптеген көрермендер үшін шын мәнінде техникалық IP мекенжайын көрінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |