Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет29/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)

Техникалық ерекшеліктер
Ескерту: Көптеген американдық серверлер үш әріптік жоғарғы деңгейлі домендерді пайдаланады (мысалы, «.com», «.edu»). АҚШ-тан басқа мемлекеттер әдетте екі әріптен немесе екі әріптің комбинацияларын (мысалы, «.au», «.ca», «.co.jp») пайдаланады.

Домендік атаулар URL мекен-жайымен бірдей емес


Техникалық тұрғыдан дұрыс болуы үшін, домендік атау, әдетте, «URL» деп аталатын үлкен интернет мекенжайының бөлігі болып табылады. URL мекен-жайы белгілі бір бет мекенжайын, қалта атын, машинаның аты мен хаттаманың тілін қоса, әлдеқайда көбірек ақпарат беретін домен атауынан әлдеқайда егжей-тегжейлі болады.
Домендік атау – сайттың ғаламтордағы мәтіндік мекен-жайы. Мысалы, balbal.kz. Бұл DNS арқылы сайт орналасқан сервердің IP-мекен-жайын анықтайды. Вalbal.kz сайты және домендік атауды тіркеудің жолдарын ұсынады.

Домендік атаудың деңгейлері


Домендік атау нүкте арқылы бөлінетін бірнеше деңгейден тұрады. Бұл деңгейлер соңынан басына қарай саналады. Бірінші – домен орналасқан аймақ. Аймақ мемлекетке қарай (ua, ru, by, kz) және өзге де белгілеріне қарай (com, org, net) бөлінеді. Домендік атаудың «kz» бөлімі оның Қазақстан Республикасына тиесілі екенін көрсетеді.
Домендік атаудың екінші деңгейі – атаудың өзі. Біздің жағдайда бұл — «Balbal». Кез келген домендік атауды бос болуына қарай тіркей беруге болады. Олардың құны әр түрлі болады.

Домендік ат таңдау


Атауды тіркемес бұрын оның бос екеніне көз жеткізіп алыңыз. Бұл үшін «whois» жүйесін қолданыңыз. Іздеу жолына қалаған доменді жазыңыз. Егер бос болса, бірден көрсетеді. Енді тіркеуге көше беруге болады.

Домендік атауды тіркеу


Алдымен сайт атауын және орналасатын аумақты жазыңыз. Тіркеу жүйесі сізге бірден бірнеше доменді сатып алуды ұсынады. Бұл үшін жеңілдіктер де болады. Өзіңізге қажеттісін белгілеп, экранның төменгі жағындағы «Тіркеу» батырмасын басыңыз.
Домендік атауды сатып алғанда, оның мерзімін жыл сайын ұзартып отыру қажет. Тіркеу барысында автоматты ұзарту қосымшасын қосып қоюға болады. Бұдан бөлек сервис ұсынатын өзге де қызметтерді көре аласыз.
Жүйеге тіркелген қолданушылар ғана домендік атауды сатып ала алады. Сол себепті сервиске тіркелуіңіз керек.
Тіркеліп болған соң, анкетаны толтыру қажет. Мұнда өзіңіз жайлы ақпаратты, жеке кәуліктегі мәліметтерді және электронды поштаңызды қалдырасыз.
Бұдан кейін DNS-сервер таңдауыңыз керек. Доменіңізді қандай DNS-аймақ басқаратынын шешіп қойсаңыз, (мысалы, жеке хостингіңіз болса) толтырып шығыңыз. Егер қажет болмаса, жолды толтырмай, қалдырып кетуге де болады.

Сатып алу


Бұл деңгейде барлық қызмет түрлерімен танысып, төлем жүйсіне өтесіз.

Домендегі хостингті ауыстыру


Өзіңіздің доменіңізді кез келген уақытта хостингке тіркей аласыз. Егер бұрын тіркелген болса, өзгертуге де мүмкіндік бар.
Егер доменді жаңадан ашып, хостингпен байланыстырғыңыз келсе, мына әрекеттерді орындау керек:

  • Хостингтің NS-серверін білу. Әдетте бұл ақпарат хостингтің басқару панелінде болады. Мұндай серверлер кем дегенде екеу болады: негізгі және қосымша;

  • Доменнің баптауларында NS-серверді көрсету. Бұл үшін өзіңіздің жеке кабинетіңізге өтіңіз. «Менің домендерім» бөлімінде сіз сатып алған домендер жайлы ақпарат бар. Соңғы бағанада DNS баптаулары жайлы мәлімет көрсетілген. Оны өзгерту үшін доменге қарама-қарсы тұрған «Жоқ» сөзін басыңыз. Ашылған модальді терезеге хостингтің NS-серверін жазыңыз. Мұндай жаңарту 48 сағатқа созылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет