Қайталауға арналған сұрақтар
Ең алғашқы радиотелефондық байланыс қашан және қай
қалада шықты?
Ұялы байланыс деп нені түсінесіз?
Қазақстанның ұялы байланыс операторы GSM не білесіз?
NMT стандартының ұялы байланыс жүйесінің қызметі қандай?
Желілік деңгейдің қандай түрлері болады?
ЛЕКЦИЯ №11. ТРАНКИНГТІ РАДИОТЕЛЕФОНДЫҚ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ
11.1 Транкингті радиотелефондық байланыс жүйесі
11.2 Аналогтық стандарттар. Цифрлы стандандарттар
11.1 Транкингті радиотелефондық байланыс жүйесі
Желілік архитектура деп стандарттар, топологиялар мен протоколдардың желінің жұмыс істеуіне мүмкіндік беруін атайды.
ARC Net локальдық жүйесі.
ARC Net (Attached Resource Computer Network) – қарапайым, арзан, сенімді және икемді локольдық желі архитектурасы болып есептеледі. 1977 жылы Datapoint корпорациясы жасаған, бірақ кейіннен ARC Net лицензиясын SMC (Standart Micro – System Corporation) корпорациясы алып, негізгі құрушы және ARC Net желілеріне арналған құрылғыларды өндіруші болды. Өткізуші орта ретінде арналған жұп, коаксияльдық кабель (RG – 62) алынады, оның толқындық кедергісі 930м және оптикалық талшықты кабель қолданылады. Мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы – 2,5 Мбит/сек. ARC Net құрылғыларын байланыстыру үшін шина және жұлдыз топологиясы қолданылады. Өткізуші ортадан станцияға жетуді басқару әдісі ретінде маркерлік шина (Token Bus) әдісі қолданылады. Бұл әдіс мынадай ережелерге негізделеді:
Желіге қосылатын барлық құрылғылар мәліметтерді тасымалдауға рұқсат (маркер) алулары керек;
Уақыттың кез келген моментінде желідегі тек бір станция ғана мұндай құқылы болады;
Бір станция тасымалдаған мәліметтерді желінің барлық станциялары пайдалана алады.
Негізгі жұмыс істеу принципі.
ARC Net желісінде әрбір байтты тасымалдау ISU (Information Symbol Unit – ақпаратты тасымалдау бірлігі), арнайы жіберілуі, үш қызметтік старт/стоп және 8 – биттік мәліметтен құралатын, жіберуді орындау арқылы жүргізіледі. Әрбір буманың басында бастапқы бөлгіш AB (Alert Burst) , 6 қызметтік биттен тұратын, тасымалдануы керек.
ARC Net желісінде 5 типті бумалар анықталған:
ITT (Information To Transmit) бумасы – тасымалдауға шақырады. Оны жіберу басқаруды желі түйінінің бірінен екіншісіне береді. Осы буманы қабылдаған станция мәліметтерді тасымалдау құқығына ие болады.
FBE (Free Buffer Enquiries) бумасы – мәліметтерді қабылдауға дайындық сұранысын жасайды. Бұл бума түйінінің мәліметтерді қабылдауға дайындығын тексереді.
Мәліметтер бумасы. Оның көмегімен мәліметтерді тасымалдау жүргізіледі.
ACK (AC Knowledgments) - қабылдауды растау. Мәліметтерді қабылдауға дайындықты немесе буманың қатесіз жеткізілгенін растайды, яғни ҒВЕ – ге және берілгендер бумасына жауап қайтарылады.
NAK (Negative Acknowledments) бумасы қабылдауға дайын еместігін білдіреді. Желі түйінінің берілгендері қабылдауға дайын еместігін немесе қатесі бар бума қабылданғанын білдіреді.
ARC Net желісінде 2 топологияны қолданады: шина және жұлдыз типті.
Достарыңызбен бөлісу: |