10.2 Ұялы байланысстандарттары NMT стандартының жүйелері бес скандинавиялық елдер үшін жасалып шығарылған. Бұл 450-467 МГц диапазонында жұмыс жасайтын және әрқайсысы 25кГц еніне ие 180 байланыс каналдарынан тұратын бірінші ұрпақтың аналогты жүйелері болды. Жиілікті көп рет қолдану есебінен каналдардың әсерлі саны 5568-ді құрады. БС-мен бөлінетін каналдардың орташа саны 30-ға тең, ұяшық радиусы 5-25км. Стандарттың ерекшелігі жүйеге енетін елдердің кез-келгенінде барлық жылжымалы абоненттердің (ЖА) жұмыс жасай алу мүмкіншілігі болып табылады, соның арқасында ЖБ кез-келген елдің жүйесінің БС-мен біркелкілікте болады.
NMT стандартының ұялы байланыс жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді: байланысқа ену және автоматты режимде сөйлесу құнының тіркемесін; ЖБ пен стационар телефон желісінің кез-келген абонентімен немесе шығарылған еліне қатыссыз кез-келген қосылған ЖБ жүйесі арасындағы байланысты ұйымдас-тыру; біріккен ұялы байланыс жүйесінің аралығындағы ЖА-ті автоматты іздеу.
862-960 МГц диапазонын қолдануға тиісті СЕРТ 1980 жылғы ұсыныстарына сай GSM стандарты таратушының жұмысын екі диапазонда ұйымдастырады. 890-915 МГц аралығы ПС ден БС ға хабарларды таратуға қолданады, ал 935-960 МГц – БС тен ПС ке таратуға. Байланыс кезінде каналдарды қайтадан қосқанда олар арасындағы айырма 45 МГц болып түрақты. Көрші каналдар арасы 200 кГц. Сонымен қабылдау/ажырату үшін ажыратылған жиіліктік 25 МГц аралықта 124 байланыс каналы жайласады [8,10, 20, 21,26,43, 59].
GSM стандартында TDMA қолданады, бұл бір тасымалдаушы жиілікте 8 сойлеу каналдарын жайластыруға мүмкіндік жасайды. Сөзді өзгертуші құрылғы ретінде RPE-LTP сөздік кодек қолданады, импульстық тітрендетіру мен және сойлемді 13 кбит/с жылдамдықпен өзгертуші.
Радиоканалдарда кездесетін қателерден сақтану үшін блоктық және орын ауыстырып орап алынатын кодтау қолданады. Кодтаудың және орын ауыстырудың ПС баяу жылдамдықтарында эффективтығын көтеру үшін жұмыс жиіліктерді байланыс сеансында бір секундте 217 секірулер жылдамдығымен баяу өзгертіп отырылады.
Ұялы байланыс желісінде каналдардың қалыптасуы
Жиіліктік, физикалық және логикалық каналдар
Жиіліктік канал – ол байланыс каналының бір мәліметін беру үшін бұрылған жиілік жолағы. ТДМА әдісін қолдану барысында бір жиіліктік каналды бірден бірнеше байланыс каналдардың мәліметті беріліп отырады, яғни бір жиіліктік каналда бірнеше физикалық каналдар (ФК) орналасады.
ТДМА жүйесіндегі ФК – радиоинтерфейс кадрінің бір ізді белгілі бір нөмерімен біркелкі уақытша слоты.
Логикалық канал (ЛК) ФК-ға берілітін мәліметтің түрі бойынша ерекшелінеді. ФК принципінде ЛК – трафик каналының (ТК) немесе КУ-дің біреуі орындалуы мүмкін. Логикалық КТ – бұл берілгендер немесе сөздіктердің беріліс каналы. Логикалық басқару каналы басқару мәліметін беру үшін арналған.
Компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.
Қазіргі телекоммуникациялық желілерді құрған кезде желілік деңгейдің үш түрі болады:
Яғни, біріншілік желі (БЖ) – бұл таратудың типтік универсалдық цифрлық арналардың негізгі торабы, желілік коммутация станцияларының немесе біріншілік желінің соңғы құрылғыларының негізінде құрылған және олардың тарату желілерін қосатын көліктік желі. Желілік түйіндер жататын біріншілік желінің түріне байланысты оларды магистралдық, ішкі аймақтық, жергілікті немесе корпоративтік, ведомстволық (мекемелік) желілер. БЖ негізінде әртүрлі екіншілік желілерді (ЕЖ) құрады және қалыптастырады.
Ұялы телефон – бұл келесі және мүмкін, жылжымалы байланыс жүйелерінің ішіндегі жетістікке ие болатын ең бір перспективалы бағыты. Ұялы телефония жүйесі қос бағытты базалық станциялар желісі орнатылған кең территория бойынша жоғары жылдамдықпен қозғала алатын қозғалмалы станциялы сымсыз байланыс жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бір ғана ұялы телефония жүйесі көптеген мемлекет аумағын қамти алады (егер жүйе түрі мен стандарттары сйкес келсе). Мысалы, барлық Еуропаға ортақ GSM стандарты осындай жүйелердің қатарына жатады.