Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет65/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Кепілділіктен жоғары жылдамдық. Бөлінген каналдар сияқты Frame Relay кепілденген өткізу мүмкіндіктерін береді, бірақ коммутация бумасының жылдамдығы кепілдік жылдамдықтан артық болатын жағдайда ғана орындалады.
Кепілденген жылдамдық. Виртуальдық Frame Relay каналында ең аз өткізу жолағындағы кепілдік жылдамдық 0 ден 100% порт жылдамдығын құрайды. Кепілдік жылдамдық қалып қойған уақыт қосымшасына мысалы сауда жүйелерінде дауысты тасымалдау үшін Frame Relay протоколын пайдаланады. Бір портты пайдаланғанда бірнеше виртуальдық каналдар үшін әр канал үшін жылдамдық кепілді болады.
Кепілденген жылдамдықдықтан жоғарысын алу. Орташа нақты тұтынушы үшін өткізу жолағы порт жылдамдығының 70%-нан артығын құрайды. Жылдамдығы 64 Кбит/сек, ықтималдылығы 90% Frame Relay портқа сұраныс беруші егер кепілдік небәрі 12 Кбит/с болса да өткізу жолағы 48 Кбит/с болатындай пайдалана алады.
Пайдалану тиімділігі. Frame Relay өткізу жолағының тиімді пайдалануын шамамен 40-50% арттыра алады. Құнды ақпараттарды өткізуде Frame Relay 95% өткізу жолағын пайдалана алады.
Жабдықтар бағасы. Frame Relay технологиясы бойынша желіні құру жабдықтары арзанға түседі, себебі Frame Relay протоколын пайдалану арзан әрі қарапайым болады
Қауіпсіздігі. Frame Relay желілері Интернеттен гөрі жақсы қорғалғандықтан, корпоративтік желі құруға ыңғалырақ болады.
Локальдық желілерді қосу
– Frame Relay пайдалану арқылы компанияның алыстағы филиалдарымен локальдық желі арқылы кез келген протокол
негізінде байланыстыруға болады.
Дауыстың берілуі. Frame Relay каналдары арқылы қарапайым берілгендермен қатар дыбыстық телефон мен факс жіберуге болады. Компанияның алыстағы офистерін желі арқылы байланыстыру Frame Relay технологиясының негізінде бір каналда дауыстық телефондауды, факсты, берілгендерді локальдық желі мен порттар арқылы тасымалдауды ұйымдастырады.
Кешенді қызмет ұсыну. Frame Relay жеткізудің бір каналымен бір құрылғысын локальдық желіге біріктіріп, кепілдік өткізу жолағы Интернет пен басқа желілерге, ақпараттық жүйелерге қосылуына мүмкіндік береді.
Frame Relay арқылы байланысу қуаттылығы 2Мбит/с құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет