Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Интегралдық қызметтегі цифрлық желі



бет68/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)

Интегралдық қызметтегі цифрлық желі
ISDN (Integrated Services Digital Network – интегралдық желідегі цифрлық қызметтер) Мұнда коммутатцияның негізгі режимі коммутация каналының режимі болып табылады. Ал берілгендер цифрлық формада өңделеді. Бұл желінің абоненттері рек қана дыбыстық хаттамаларды ғана береді деп жобаланған. Бұл желілер IDN Integrated Digital Network атына ие болады. Мұндай желі туралы ой 1959 жылы айтылған болатын. Бұл желі өздерінің абоненттерін бір – бірімен сөйлесу мүмкіндігінен бөлек басқа да қызмет түрлерімен қолдану мүмкіндігін туғызатыны туралы шешім қабылданады. Бұл қызмет түрінен ең бастысы – компьютер берілгендері. Бұдан басқа желі абоненттері үшін қолданбалы деңгейдің түрлі қызметін көрсете білуі керек. Мысалы фиксималды байланыс, телетекс, видеотекс, дауысты хабарлама және тағы басқалар.
Ертеректе ұлттық масштабта бұл желілер Германия және Франция елдерінде өңделінеді. Бұл елдерде ISDN абоненттерінің үлесі телефондық желінің жалпы абоненттік төлемінің 5 пайызынан аспады.
ISDN желісінің архитектурасы бірнеше қызмет түрлерін қарастырады.



ISDN стандартты қолданбалы қызметтің қатары секілді сипатталады:
Фиксималды байланыс 64 кбит/с, видеотекс 9600 бит/с және тағы басқалары.
Қолданбалы ISDN интерфейсі.
Қолданбалы интерфейс үш типті каналға негізделген оператор:

  • В– 64кбит/с жылдамдықпен жіберілетін берілгендер

  • Д – 16 немесе 64кбит/с жылдамдықпен жіберілетін берілгендер

  • Н – 384 кбит/с (НО) 1536 кбит/с (Н11) немесе 1920 кбит/с 64кбит/с (Н12)жылдамдықпен жіберілетін берілгендер

ISDN желісіндегі адресация.ISDN технологиясы телефондық абоненттері және сондай ақ шаблонды желілердің абоненттерін байланыстыратын бүкілдүние жүзілік телекоммуникациялық желі болып негізделген. Сондықтан ISDN торабының адрестік схемасының кезінде біріншіден, бұл схеманы бүкіл дүние жүзілік адресация үшін көлемді етіп алу керек, ал екіншіден басқа желінің схемалық адресациясымен сәйкестендіріп алу керек. Себебі бұл желінің абоненттері өздерінің желісін ISDN желісі арқылы қосқан жағдайда адрестердің әдеттегі форматтарымекн қолдана алатындай болуы керек.
ISDN - гің негізгі белгісі – телефондық трафиктің берілуі. Сондықтан ISDN – нің негізгі адресі ретінде ITU – TE 163 стандартта сипатталатын халық телефондық нөмерлік жоспарының форматы алынған.
ISDN қызметінің мәліметтерді жіберу үшін қолданылуы.Аналогты телефонды желіден айырмашылығына қарамастан ISDN желісі де аналогты телефон желісі секілді қолданылады. Яғни, коммутация каналы секілді, бірақ оған қарағанда анағұрлым жылдамырақ.
Әдетте BRI интерфейсі жеке компьютерлерді қосуда және кішігірім локальды желілерді қосуға арналған қондырғы. Ал PRI интерфейсі – орта мөлшерлі желілерге арналған.
ISDN технологиясы қалааралық телефон байланыстарында қолданылуы үшін жасалған. ISDN дауыстық және цифрлық берілгендерді біріктіріп, желі арқылы жіберілуіне мүмкіндік жасайды. ISDN каналы мыс сымнан жасалған екі сымнан тұратын офистің және үйдің телефон розеткасын телефон станциясымен жалғастырады; каналдың ұзындығы 18 мың футтан (шамамен 5,5 км) аспауы керек. ITU-T стандартына сәйкес, ISDN сызығына D, B және H каналдары кіреді. D каналының сиымдылығы 16 Кбит/с құрайды (өткізгіштігі 64 Кбит/с болатын каналдар да болғанымен). Бұл канал басқарушы сигналдар мен берілгендер бумасын жіберу үшін қажет. B (bearer) каналының өткізгіштік қабілеті 64 Кбит/с және ол коммутациялық байланыста қолданылады. H (high-bit-rate channels) каналдарының өзі біріктірілген бірнеше В каналдардан құралады; ал олардың өткізгіштігі жұмыс барысында 384 Кбит/с мен 1920 Кбит/с аралығын қамтиды. Мұнан басқа, ISDN екі типті қызмет көрсете алады: Basic Rate Interface (BRI) және Primary Rate Interface (PRI). Әдетте BRI өткізгіштік қабілеті 144 Кбит/сболады, бірақ 192 Кбит/с болатындары да кездеседі. PRI каналымен жұмыс барысында магистраль толығымен цифрлық байланыста (DS1)болып, оның өткізгіштік қабілеті 1,544 Мбит/с ( Солтүстік Америка мен Жапонияда). D каналының PRI бойынша өткізгіштік қабілеті әдетте 64 Кбит/с болады.

Интеграция қызметтерін пайдаланатын цифрлық желінің пайдаланылатын стандарттарына мыналар жатады:


– ITU-T Q.931 –ISDN виртуалды қосылыстарды қамтамасыз ететін стандарт .
– ITU-T Q.2100 – бұл B- ISDN AAL сигналдарын бейнелейтін арнайы стандарт.

Интеграция қызметтерін пайдаланатын цифрлық желінің мынадай артықшылықтары бар:


– Толығымен цифрлық желі болғандықтан, мәліметтерді жоғары сенімділікпен өткізеді.
– Типтері әр түрлі ақпараттарды жіберу жылдамдығы жоғары болады.
– Телефондауда түрлі қызметтерді пайдалана алатын, дыбыстың жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді.
– Номерді тез теруге ( 1 с жетпей) мүмкіндік береді.
– Дүние жүзінде кең таралған.

14.2 Интернет арқылы арқылы ұялы телефонға хабарлама жіберу

IP-телефондау


IP желісі арқылы дыбыстық трафикті тасымалдау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет