Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Негізгі ерешеліктеріне мыналарды жатқызуға болады



бет69/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)

Негізгі ерешеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

IP-телефондау екі негіздік амалға байланысты болады: кодтау/қайта кодтау құрылғысының ішінде (кодекте) екі бағыттағы аналогтық тілді цифрлық формаға айналдырады да, IP желісінің бойымен өзгертілген берілгендерді бума түрінде тасымалдауды ұйымдастырады. Бұл негіздік функциялар IP-телефондауда көптеген жабдықтарда жүргізілуі мүмкін - қарапайым телефоннан бастап байланыс операторының кең көлемді шлюздеріне дейін.
IP-телефондаудың шлюздері өзге телефон құрылғылары мен шлюздерінен түскен берілгендерді трафик түріне өңдейді. Олар шекті тұтынушыны да сервис-провайдерді де бір немесе 500 және одан да көп телефон құрылғыларын қабылдай алады.


Автономдық құрылғылардың басқа типі ретінде шекаралық құрылғылар саналады, олардың шлюздері модем пулымен біріктірілген.
Сонымен қатар, шлюз функциялары қазіргі күні тұтынушыларда қойылған Ethernet-құрылғысы деңгейінде қойылуы, ITU мультимедиялық трафиктің IPбойынша H.323 — стандартын қолдауы қажет. Сол себепті, бір рангілі шлюзсыз жүйелер IP-телефондауында теория жүзінде дербес локальдық және глобальдық желілердің бірігуі негізінде құрылады. Қазіргі таңдағы шешілмеген мәселе болып тұрғаны, өндірушілердің аз бөлігі ғана Ethernet H.323 телефондарын тұтынушыларға ұсына алады, сондықтан тапсырыс берушілердің өздері стандартты емес шешімдерді іздеулері қажет.
ІР-телефондауда пайдаланылатын стандарттар:
– H.323 —бұл кешігуге сезімтал болатын, оның ішінде дауыс пен бейнематериалдарды локальдық және глобальдық желілерде негізгі деп есептейтін стандарт болып саналады. Ол техникалық сұрақтардың мынадай ерекшеліктерін - сөйлесу сапасы, шақыру қоңырауларын басқару және арнайы өзгерістерін қарастыратын ережелерге сүйенеді (Арнайы өзгерістер —әрбір функция IP-адресті өзгертуі қажет, тасымалдауды бақылайтын және H.323 басқа компоненттері үшін – шлюздер мен шеткі нүктелерді қоса алғандағы - өткізгіштік қабілетін басқаратын қосымшалар.)
IP-телефондау - екі түрлі әлемді – телефондау әлемі мен Интернет әлемін байланыстырушы технология болып табылады. Осы уақытқа дейін каналдар коммутациясы (телефондық желілер) және коммутациялық бумалар желілері (IP-желілер) практика жүзінде бір-біріне тәуелсіз болып, әр түрлі мақсаттар үшін пайдаланылды. Телефон желілері тек дауысты тасымалдау үшін, ал IP-желілер – мәліметтер үшін қажет болған. IP-телефондау технологиясы аталған желілерді шлюз немесе gateway құрылғысының көмегімен біріктіреді. Шлюз бір жағынан телефон сымдарына, ал екінші жағынан - IP-желіге (мысалы, Интернет) қосылған құрылғы болып табылады.
IP-телефондық қоңырауы қалай шалынатынын қарастырайық. Айталық, А қаласының абоненті Б қаласындағы абонентке қоңырау шалған болсын.
А қаласынан шалынған қоңырау А қаласындағы шлюзге келіп түседі, цифрға айналдырылады, белгілі алгоритмнің көмегіменкішірейтіліп, IP бумасы түрінде IP-желіге тасымалданады. Бумалардың басында IP-желінің қандай шлюзіне бұл бума берілу керектігі туралы мәлімет көрсетіліп қойылады. Б қаласына келетін шлюздер IP-бумаларды керісінше қайта телефондық сигналға айналдырғандықтан, Б қаласындағы абонент трубканы көтеріп, А қаласындағы абонентпен сөйлеседі. Тұтыншылар қоңырау қалай соғылғанынан да бейхабар болады.
IP-телефондауы арқылы қоңырау шалынғанда халықаралық (қалааралық) байланысты қосатын телефон операторы қызметі пайдаланбағандықтан, қоңырау шалу бағасы кәдімгі телефондық байланыс бағасынан арзанырақ болады.
Алайда Телефон-Телефон қоңырауы IP-телефондау операторының жалғыз ғана қызметі екендеп ойлау қате болады.
IP-телефондау арқылы бір желідегі дауыс пен басқа да мәліметтерді тасымалдай алады және арзан халықаралық және қалааралық байланыстарды ұйымдастыра алады, сонымен қатар жаңа коммуникациялық қызметтерін де кез келген тұтынушыларға ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет