- Өткізгіш құрылғылар (тетіктер) - (жұмыс машиналары, құбырлар және т.б.);
- Тасымалдау (көлік) құралдары – жолаушылар мен жүк тасмалдауға арналған көлік құралдары (автокөлік, теміржол, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер, тракторлар және т.б.)
- Құрал – сайман мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер және т.б. негізгі капитал);
- Шаруашылық құрал - жабдықтары (жиhаздар, кілемдер, сейфтер және т.б.).
Өндірістік үдеріске қатысу сипатына қарай негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік негізгі капиталына өндіріс үдерісінде тікелей қатысатын нысандар жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар және т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырылғылар).
Өндірістік емес негізгі капиталдың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі капитал жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі капитал жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |