Нарықтық механизм дегеніміз-нарықтың негізгі элементтері:баға, бәсеке, ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекетте болу механизмі.
2.Нарықтық инфрақұрылымның кұрамы және оның қалыптасуы. Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі болып инфрақұрылым жатады.
Инфрақұрылым – бұл институттар(ұйымдар, фирма, мекемелер) жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасынарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.
Нарық инфрақұрылымы деп нарықты қатынастардың жемісті қызмет етуін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық фирмалардың жиынтығын айтады.
Үш түрлі нарықтың инфрақұрылымының элементтері бар, олар: тауар, қаржы нарығы және еңбек нарығы. Тауар нарығының инфрақұрылымына жататындар- тауар биржалары, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары т.б.
Қаржы нарығының инфрақұрылымына кіретіндер:қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлары.
Еңбек нарығының инфрақұрылымына кіретіндер-еңбек биржалары, жұмысқа қамту мен кадрларды қайта даярлау қызмет орындары, жұмыс күшін реттеу және т.б. айналысатын мекемелер.
Нарықтық экономиканың бой көтеруі нарықтық инфрақұрылым негізгі элементтерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Құрылған объектілер қалыпты экономикалық рыноктық қызметті қамтамасыз етуге тиіс. Оларға:
- топтасқан тауарларды көтерме сауда жасау үшін сауда биржасы;
- Бағалы қағаздарды саудалау үшін қор биржасы;
- өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын сату үшін коммерциялық көтерме сауда кәсіпорындары;
- акционерлік кәсіпорын мен бірлестіктер №қаржысына құралған қоймалар, элеватор, тоңазытқыш, транспорт шаруашылықтары;
- коммерциялық банктердің коммерциялық несиелер арқылы қызмет жасауы, ол несиелер құрылтайшы-кәсіпорын пай жарнасынан немесе акцианерлік негізде құрылуы керек;
- коммерциялық ақпараттық орталықтар және кәсіпорындағы маркетингтік бөлімдер. Нарық коньюктурасы мен сұранымды зерттеу орталықтары;
- жарнамалық сипаттағы қызмет үшін құрылтайшылар;
- сервистік, ремонттық, консультациялық, банктік және құқықтық қызметтер жүйесі жатады.