Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет93/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1
Нарықтың артта қалушылары. Басты міндет - дағдарысты жағдайдың көзін тауып, оны аз уақыт ішінде жоюдың әдістерін ұсыну. «Жағдайдың дағдарысты нашарлауының негізінде не жатыр Бизнесті сақтауға бола ма Не өзгертуге болады» - деген мәселелердің ішкі себептерін білу керек. Маркетингтің алғашқы кезектегі міндеттерін анықтау үшін бизнесті жақсартатын келесідей бағыттары іске асуы керек.
Бәсекенің негізгі стратегияларын қайта қарастыру жолымен нарықта оны тұғырын жоғарлатып, компанияны батыл қайта ұйымдастыру. Көбінесе сәтті қайта ұйымдастыру келесіге негізделеді:
- Бәсекенің жаңа әдістеріне өту
- Қолданылған бәсеке стратегиясын қолдаудың маркетингтік резервтерін іздеу үшін ұйымның ішкі ортасын тексеру;
- Басқа кәсіпорынмен бірігу;
- Негізгі өнімге сәйкес тауарлар ассортиментін қысқарту.
Маркетингке жұмсалатын шығындар мен бағаның бір уақытта өсуінен табыстың артуы. Жоғары бағамен пайда табылады, ал сатуды ынталандыру арқылы сатылған өнім көлемін көбейтуге болады. Бірақ бұл факторлар көмегімен табысты арттыру тәсілдерінің келесі жағдайларда ғана мәні болады:

  • сұраныс баға бойынша төмен икемділікпен сипатталады;

  • сатып алушылар тауар жөнінде хабары жоқ, ал тауарды білетіндері оның бағасымен есептеспейді;

  • өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндіктер болмаған жағдайда үлкен залалдарды болдырмау үшін тепе-теңдік жағдайды қамтамасыз ету керек;

  • табыстылықты арттырудың негізгі көзі өндірістік қуатты толық пайдалану болып табылады.

Өндіру және өткізу шығындарын төмендету, барынша үнемдеу. Егер оның құрылымы икемді және тез реттелетін, ал бизнес толығымен нарықтық тепе-теңдік нүктесіне жақын болса, шығындарды төмендетуге ерекше көңіл бөлу тиімді болып келеді. Қолданылатын қорларды бақылауды күшейту, жаңа жұмыскерлерді жалдауды тоқтату, еңбек өнімділігін арттыру үшін өндірісті жаңғырту, ірі күрделі салымдардың жұмсалу мерзімін кейінге қалдыру арқылы шығындарды азайтуға болады.
Активтерді қысқарту. Қаржы ресурстарының тез айналымы арқылы активтерді қысқарту ұйымды дағдарыстан құтқарудың басты көзі болып табылады. Бұл жағдайда нақты ақшаны табу үшін ұйымның неғұрлым пайдалы кейбір активтерін сату (өндірісті және құрал-жабдықты, жерді, патенттерді, пайдалы жобаларды және т.б.) дағдарыстан шығу операциясын жүзеге асыру және айналмалы қорлармен басқа да қорларды толықтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тиімді емес тауарлардың өндірісі тоқтатылады, ескі өндірістер сатылады немесе жабылады, адам сандары қысқарады, ұсынылатын қызметтің түрлері азаяды, кейбір тауар нарықтарынан кәсіпорын кетуге мәжбүр болады.
Әр түрлі әдістердің құрамдасы тез әрекет етуді талап еткенде немесе бизнесті қайта қалпына келтіру үшін бостандығы бар жаңа басқарушылық персонал тартқанда қолданылады. Тәжірибеде үнемдеу, қайта ұйымдастыру, активтерді қысқарту құрамдас тәсілдермен нығайтылады.
Дағдарысты жағдайдан шығудың сәтсіздігі көбінесе қимыл жасар алдында кәсіпорындар ұзақ бойы әрекетсіздігіне байланысты болады, ал басқаларында қатаң бәсекелестік күрес пен сол салада жұмыс істеу үшін қажетті қаражаттар мен кәсіпкерлік тәжірибе болмауы. Көбінесе бәсекелестер күштірек болып шығады, сондықтан оларды нарық үшін күресте жеңу қиынға түседі. Бұл жағдайда бизнестен тез шығу нақты балама ретінде қарастырылады.
Әлсіз бәсекелестік тұғырмадағы ұйымдар. Мұндай ұйымдар дағдарысты жағдайдан шығу үшін нақтылы шешімдері болады. Осыған байланысты маркетингтің келесілерге негізделген мүмкіндіктері бағаланады:
- арзан өнімі бар жұмысқа немесе бөлшектеудің жаңа әдістерін пайдалануға;
- сату көлемін, нарық үлесін, табыстылықты және қол жеткізілген деңгейде бәсекелестік тұғырманы ұстау мен сақтауға;
- қысқамерзімді пайданы табу және (немесе) қаржыларды қысқамерзімде түсуін ұлғайту мақсатында ең аз көлемде бизнесті қайта қаржыландыру.
Алғашқы екі мүмкіндікті талдау қиындықтарды туғызбайды, үшіншісін неғұрлым талдап қарастыруды талап етеді.
Қысқамерзімді табылған пайда ұйымның күшін қазіргі тұғырмасы мен өзін өзі жою арасында қалуға жұмсайды. Бірқатар өлшегіштерге кәсіпорын балама ретінде келесіге көңіл аударуы қажет:
1. Кәсіпорын толық қамтамасыз кетілген немесе тоқыраудағы нарықта жұмыс істейді және оның дамуының ұзақмерзімді болаша- ғы тартымсыз болады;
2. Бизнес нарықтың кішігірім үлесін алады және оны кеңейту өте қымбат немесе тиімсіз болады; ұйымда ұстап күтуге қажетті көп қаражатты сұрайтын нарықтың жеткілікті үлесі бар;
3. Ұйым жұмысының жағдайы мен ішкі ерекшеліктеріне байланысты пайданы алу болашағының нашар болуы;
4. Маркетингтік белсенділіктің төмендеуі тауар өткізудің тиімділігінің төмендеуіне және жалпы нарықтық тұғырманың нашарлауына бірден алып келмейді;
5. Ұйымның ресурстарды неғұрлым болашағы бар салаларға ауыстыруға мүмкіндігі болады;
6. Қарастырылып отырған бизнес ұйым үшін негізгі бизнес болып табылмайды.
Бұл баламаны жүзеге асырудың тізбектілігі келесілерден тұрады: айналмалы қорлар мүмкіндігінше төмен деңгейге дейін қысқарады, шығындарды азайтуға қатаң шаралар қолданылады, жаңа құрал-жабдыққа жұмсалатын күрделі салым азаяды, тауарды жылжыту шығындарды қысқару кезінде өнім бағасы едәуір көтеріледі.
Мақсат – қысқармерзімді көздердің есебінен қорлардың түсуін барынша молайту және оларды басқа тауарларды өндіру үшін әртараптандыру үдерісінде қолдану.
Мұндай жағдайда сату көлемі көбінесе азаяды, шығындар төмендейді және пайда біршама төмендейді. Егер бизнес пайдалы болмаса және қаржы түсуін дамыту мүмкін болмаса, екінші жағынан сұраныстың көлемі ең аз деңгейге жеткенде ол жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет