Амортизацияны бірқалыпты есептен шығару (түзу сызықты) әдісі. Ең қарапайым болып табылатын бұл әдісте нысанның амортизацияланатын құны негізгі капиталдың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана нысанның жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделінген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі капиталының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын нысанның пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі. Мұнда амортизациялық аударымдар сомасы келесілерге сүйене отырып белгіленеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. 24 сәуірінен №2235 «Салықтар және өзге де міндетті бюджеттік төлемдер туралы» Заң күші бар жарлығына, ҚР Президентінің 1995ж. 21 желтоқсандағы № 2703 Заңының күші бар жарлығымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен бірге бекітілген шектік амортизациялық мөлшерлері.