2.1.кесте. Мемлекеттік мекелер үшін негізгі қорлардың жылдық тозу мөлшері
Негізгі қорлардың (активтердің) түрі мен топтары
|
Тозу мөлшерінің шифры
|
Жылдық тозу мөл- шері (бас- тапқы құн- мен салыс- тырғандағы % көрсе- тілген)
|
I. Ғимараттар
|
010
|
|
Өндіріс-шаруашылық үшін қажетті ғимараттар
|
0101
|
7
|
Тұрғын үйлер
|
0102
|
2
|
II. Құрылыс
(жолдар, көпірлер, ескерткіштер, саябақтың және қоғамдық бақтың қоршауы, бұрғы құмыры және басқалары)
|
011
0111
|
7
|
III. Өткізгіш тетіктер (қондырғылар)
|
012
|
|
Электр энергиясының және байланыстың қондырғылары
|
0121
|
4
|
Трансмиссия мен құбырлар
|
0122
|
5
|
IV. Машина мен құрал-жабдықтар
|
013
|
|
Күш беретін машиналар мен құрал-жабдықтар
|
0131
|
10
|
Жұмысшы машиналары мен құрал-жабдықтар
|
0132
|
12
|
Өлшеуіш аспаптары
|
0133
|
20
|
Реттеуіш аспаптар мен құрылғылар
|
0134
|
20
|
Зертхана құрал-жабдықтары
|
0135
|
10
|
Компьютерлік құрал-жабдықтар
|
0136
|
25
|
Медицина құрал-жабдықтары
|
0137
|
10
|
Кеңсе құрал-жабдықтары
|
0138
|
10
|
Басқа да машиналар мен құрал-жабдықтар
|
0139
|
15
|
V. Материалдық емес активтер
|
014
|
|
лицензиялар, мүлік құқықтары, брокерлік орындар, гудвилл, компьютерлік бағдарламалар, ұйымдастыру шығындары және басқалары
|
0141
|
10
|
VI. Көлік құралдары
|
015
|
|
Темір жол, су, автомобиль жылжымалы көліктері
Әуе жылжымалы көліктері
Арба көлігі
Өндірістік көлік
Спорт көлігі
|
0151
0152
0153
154
0155
|
15
15
15
20
23
|
VII. Құрал–сайман, өндірістік және шаруашылық заттары
|
016
|
|
Құрал-сайман
|
0161
|
30
|
Өндірістік заттар
|
0162
|
10
|
Шаруашылық заттары
|
0163
|
15
|
Басқа өндірістік және шаруашылық заттары
|
0164
|
10
|
VIII. Жұмысшы мал
|
017
|
|
Жұмысшы мал
|
0171
|
12
|
IX. Басқа да активтер
|
019
|
|
Көпжылдық өсімдіктер
|
0191
|
8
|
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар
|
0192
|
12
|
Типтік жоспарды жасау үшін қажетті құжаттар
|
0193
|
10
|
Техникалық бағдарламалар, оқу кинофильмдері, магнитті дискілер, кассеталар және басқалар
|
0194
|
25
|
Мысалы: Амортизация сомасын қызмет ету мерзімі бойынша анықтау мысалын қарастырайық. Субъектінің сатып алған көшірме құрал -жабдығының бастапқы құны – 30 000 000 теңге, бес жылдық қызмет жасағаннан кейін болжамдық қалдық құны 3 000 000 теңгені құрайды. Осы мәліметтерге сүйене отырып, бір жылдық аморти- зациялық аударым былайша анықталады:
(30 000 000 теңге – 3 000 000 теңге) / 5 =5 400 000 теңге.
Бұл көшірме құрал-жабдығының барлық амортизацияланатын сомасы 27 000 000 теңгеге (30 000 000 – 3 000 000) тең, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл көшірме құрал-жабдығының пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100 пайыз деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін сол соманың 20 пайыз деп те табуға болады (100/5=20%). Осы амортизация мөлшерін пайдалана отырып, жоға- рыдағы көрсеткішке тең соманы табуға болады.
27 000 00020/100 = 5 400 000
Осыған сәкес ай сайынғы амортизация сомасы 450 000 теңге тең болады (5400000:12).
-кесте. Негізгі капиталдың амортизациясын бірқалыпты есептеп шығару әдісі
Мерзімі
|
Бастапқы құны
|
Амортизацияның бір жылдық сомасы (теңге)
|
Жинақталған тозу сомасы (теңге)
|
Қалдық құны
(теңге)
|
Сатып алынған кездегі:
|
30000 000
|
|
|
30000 000
|
1-ші жылдың соңында
|
30000 000
|
5 400 000
|
5 400 000
|
24 600 000
|
2-ші жылдың соңында
|
30000 000
|
5 400 000
|
10 800 000
|
19 200 000
|
3-ші жылдың соңында
|
30000 000
|
5 400 000
|
16 200 000
|
13 800 000
|
4-ші жылдың соңында
|
30000 000
|
5 400 000
|
21 600 000
|
8 400 000
|
5-ші жылдың соңында
|
30000 000
|
5 400 000
|
27 000 000
|
3 000 000
|
Бұл кестеден үш жағдайды көруге болады:
негізгі капиталдың пайдалану мерзімі ішінде оған есептелетін амортизациялық аударым сомасы өзгермейді (тұрақты);
жинақталған тозу сомасы бірқалыпты өсіп (көбейіп) отырады;
негізгі капиталдың қалдық құны бірқалыпты азайып отырады.
Негізгі капиталды пайдалану барысында тұрақты бірдей табыс алынатын болып топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланады, яғни ол нысанның пайдалылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді.
Қажет болған жағдайда қалдық құны секілді негізгі капиталдың пайдалы қызмет ету мерзімін, олардың күйін жақсартуға жұмсалған кейінгі шығындарды ескере отырып қайта қарауға болады. Негізгі капиталдың күйін жақсартуға жасалған шаралар қызмет мерзімін арттырады, сондай-ақ, технологиялық өзгерістер, сату нарығындағы өзгерістер немесе шаруашылық қызмет жағдайларының өзгерістері де қызмет мерзімін қысқартатынын ескеру қажет.
Мысалы: Сатып алынған ғимараттың бастапқы құны – 9 000 000 теңге, қалдық құны – 100 000 теңге, пайдалы қызмет ету мерзімі – 40 жыл болса, онда құнды бірқалыпты есептеу кезінде бір жылдық амортизациялық өтемдер келесі соманы құрайды:
(9 000 000 – 100 000) / 40 = 222 500 теңге
Егер бір жылдық амортизациялық аударым осы соманы құрайтын болса, онда он бес жылда жинақталған амортизация сомасы 3 337 500 теңгені құрайтын болады. Он бес жылдан кейін шаруашылық қызмет түрі өзгеруіне байланысты пайдалы қызмет мерзімі және қалдық құны қайта қаралады: қалған қызмет мерзімі 10 жыл (яғни барлығы 25 жыл) және қалдық құны - 2 225 000 теңге деп анықталады. Нақтыланған деректерге сәйкес жылдық амортизациялық аударымдар қалған он жыл үшін келесіні құрайды:
( 9 000 000 – 3337500 ) / 10 = 866 250 теңге
Негізгі капитал нысандарын пайдаланудан түсетін пайда (табыс) оның бүкіл пайдалану мерзімі бойынша әр кезеңінде бірдей, яғни, нысанның қалдық құнының кемуі бірқалыпты болатын жағдайда ғана бір қалыпты есептеу әдісі қолданылады. [27]
Қазіргі кезде, негізгі қорлардың теңдестік құнына пайыздық қатынаспен уақыт бірлігі бойынша белгіленген жекеленген түрдегі бірқалыпты амортизация мөлшері мейлінше қолайлы болып табылады:
Достарыңызбен бөлісу: |