Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет13/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Негізгі капиталдың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни негізгі капиталдың ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан туындайды. Техника мен технологияны жетілдірудің арқасында жұмыс істеп тұрған негізгі капиталдың ұқсас түрінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланудағы негізгі капитал өздерінің құнының белгілі бір бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі капиталды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі капиталдың сапалық тозуын келесі факторлар арқылы анықтайды:
- өндірісте немесе құрал-жабдықтарды жаңартудағы жаналықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру);
- технологиялық үдерісті жетілдіру - жаңа технологияны қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып қалады;
- шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып танылады;
- жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмыскерлер біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру аумағындағы өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен құрал-жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін;
- өндірістің өндеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.
Негізгі капиталдың сапалық тозуының бірінші себебі- өндіріс салаларында ғылыми-техникалық серпілістікке байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын өнімді, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі капиталдың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі капиталдың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған (пайдаланған) машиналар мен көліктерінің, құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі капиталдың орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі капиталды сатып алу тиімді болады.
Негізгі капиталдың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми-техникалық өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары, әрі тиімді негізгі капиталдың пайда болуына байланысты. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі капиталдың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген, тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құрал-жабдықтардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланып келген негізгі капиталдың сапалық тозуына әкеліп соқтырады.
Сапалық тозу әсерінің нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар нысандары жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Сапалық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар нысандарын қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет