4. Бастапқы өзіндік құн өнімді өндіруші кәсіпорынның ұсыныс бағасын анықтау үшін қажет. Ол кәсіпорынның нақты уақыттағы таңдаған баға стратегиясына байланысты толық шығындар негізінде, немесе тікелей айнымалы шығындар негізінде есептелуі мүмкін.
Аталған түрлерден басқа өзіндік құнның келесі нысандары болуы мүмкін:
Жоспарлы өзіндік құн. Жоспарлы өзіндік құн белгілі бір жоспарлы кезеңдегі кәсіпорынның жұмысын анықтайды. Әдетте жоспарлы өзіндік құн бір жылға, тоқсандарға бөлініп есептеледі. Оның негізі болып әр түрлі қорлардың орташа, мүмкін болатын ең көп шығын мөлшерлері алынады, сондықтан да жоспарлы өзіндік құн, шын мәнінде, мүмкін болатын барынша жоғары өлшем, одан асып кету әрбір кәсіпорын үшін тиімсіз болып табылады.