Әдебиет №8, 76 – 81 беттер.
Ығысу деформациясы деп материалдың көлденең кимасында тек жанама кернеулердің туыңдауын айтады. Бұл таза ығысу деп аталады. Таза ығысуға ұшырайтың материалдың дефформациялануы 42 – ші суретте көрсетілген.
Q
a
42 – Cурет.
S/a = tgg » g. Бұл жерде S - абсолюттік ығысу деформациясы , ал g - ығысу бұрышы деп аталады.
Ығысу кезіндегі Гук заңы g = t/G формуласымен өрнектеледі.
Бұл жердегі: t = Q/A кН/см2 – жанама кернеу; G – ығысу модулі кН/см2 материалдың серпімділік қасиетін сипаттайтың тұрақты шама, А – материал қимасының ауданы.
Жанама кернеудің жұптық қасиеті
Қарастырып отырған кубтың үстіңгі бетіндегі жанама кернеулер мен тірек реакцияларының әсерінен осы дене тепе-теңдік қалпында болғандықтан х - өсіне паралель кез келген қыры айналасындағы моменттердің қосындысы нөлге тең болуы керек. Тірек реакциясын кубтың табанына жайьлған жанама кернеу ретінде қарастырсақ 43 – суретте кескінделген жағдайды аламыз.
43 – Сурет.
Кубтың қабырғасын а – деп белгілесек, x – өсі айналасындағы
моменттердің қосындысы келесі SМх = 0 өрнегімен көрсетіледі:
-tzy.а3 + tyz.a3 =0; осыдан tzy = tyz екенін табамыз жалпы айтатын болсақ;
tхy = tyх;
tyz = tzy;
tzх = tхz .
Бұл теңдіктер жанама кернеулердің жұптық заңы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |