Лекциялар курсы қарағанды 2021 №1 лекция тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті және Фольклор туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет19/19
Дата20.11.2022
өлшемі380,41 Kb.
#159025
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
8f876e4a344b73779598a0620a8d5e36
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
Негізгі әдебиет
1.[1.8:2]; 2.[1.8:3]; 3.[1.8:4]; 4.[1.8:5]; 5.[1.8:21]; 6.[1.8:23]; 7.[1.8:28]; 
8.[1.8:29] 
Қосымша әдебиет: 
1.[1.8:1]; 2.[1.8:12]; 3.[1.8:11]; 4.[1.8:21]; 4.[1.8:22] 


18 лекция тақырыбы:
Қазақ фольклорының поэтикасы 
ХҮ апта. 5 кредит- сағат.
Лекция тезисі: 
Қазақ фольклортану ғылымында өткен ғасырдан бері ауыз 
әдебиетінің түрлі жанрларын бір-бірімен іштей саралап, басқа да халықтардың 
мұраларымен салыстыра тексеріліп келе жатқаны белгілі. Типологиялық зерттеудің негізгі 
шарттары ұқсастық, байланыс, бірлік, туыстық, қарым-қатынас, сәйкестік, изоморфизм, 
жақындық т.б. кіреді. Бұлардың өзі зерттеудің негіздеріне қарай қолданылып табады. 
Типологиялық зерттеудің басты өзгешелігі – оның тарихилығында тұр. «тарихи типология 
– біз үшін қозғалыстағы, үнемі өзгерістегі процесс. Ол фольклордың ұзына бойына жайып 
тастап, диахронды тұрғыдан зерттейді. (1). 
2. Фольклорды зерттеуде типология мен поэтиканың бір – бірімен байланыстыруға 
болатындығын Б.Н.Путилов айырықша атайды (2). Фольклорлық мұраның поэтикасын 
зерделеу үнемі мәтін арқылы жүргізіледі. Тексеру ісі поэтиканың талаптарына сүйенеді.
Басты негіздері мыналар: 
а) Поэтика сөз өнеріндегі түрлі көркем формалардың тұтастай бірліктегі жиынтығы. 
Өзара байланысқа түсудегі сюжет, мотив, композиция, стиль, өлең құрылысы, бейнелеу 
құралдары мен тәсілдері т.б. белгілі көркемдік жүйелерді саралау. 
в) Осымен қатар шығарманың тегі, жанры, шындықты бейнелеу жолдары, көркемдік 
жадының ролі, т.б. атаймыз. Поэтиканың өзі жай поэтика, теориялық поэтика, тарихи 
поэтика болып бөлінеді. Осы аталған поэтика түрлерінің өзі нақты зерттеу мәселесінде 
кейде тар мағынада, кейде кең көлемде зерделенеді. Фольклордың тілдік ерекшеліктермен 
шектелсе, онда тар мағынадағы зерттеу деуге болады. Жалпы фольклорды тарихи 
поэтиканың теориялық негізінде тексеру көптеген мәселелерді шешіп, шығарма табиғаты 
толық табуға мүмкіндік жасайды. Мысалы, тарихи поэтиканың деңгейіне қарай рухани 
мұрамыздағы мынадай мәселелер шешімін табады.
1. Поэтикалық тіл: көркем сөз, ажарлау, құбылту, айшықтау, машықтар т.б. өлең 
өрнегі ырғақ, ұйқас, өлшемдер т.б., Бұдан соң стиль жөнінде қаруда өлшемдер т.б., 
қарауда поэтиканың қызметі айтарлықтай. 
2. Жанр поэтикасы: Көркем уақыт пен кеңістік, сюжет пен мотив, композиция, 
көркем образдағы жинақтау, даралау, тартыс т.б. енеді. Фольклордың көркемдік болмысы 
ұл мәселерді жүзеге асырмай толық ашылмайды. Фольклор поэтикасына негізделген дара 
шығармашылық жанрлар. Айтыс, оның түрлері. Зерттелуі. Толғау мен терме. Шешендік 
өнер. Жанрдың сипаттамасы мен зерттеу тарихы. Айтыстың мазмұны мен тақырыбына 
қарай жіктеу. Әдеп-ғұрыппен, салтпен байланысты айтысар: бәдік, жұмбақ, жар-жар. 
Терменің жанр құрылысы мен формасы жағынан өлеңге жатуы. Терме тақырыбы мен 
мазмұны жағынан іштей ерекшеленуі. Шешендік өнер. Жанрдың табиғаты; қоғамдық 
мәні. Шешендік сөздердің жиналу және зерттелу тарихы. Жанрлық түрлері. Шешендік 
арнау. Шешендік толғау, шешендік дау. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты. 
3. Ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері 
1. ХҮ – ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясының фольклорлық сипаты. 
2. Ақындардың фольклорға қосқан үлесі 
3. Қазақ фольклоры туралы қазіргі таным мен түсінік. 
4. Фольклор мен жазба әдебиеті арасындағы байланыс. 
2. Қазақ халық ауыз әдебиетінің жасаушыларының байырғы өкілдері бақсы-балгер, 
жыршы – жырау, сал-сері, ақындар болып табылады. Олардың қайсы қандай жанрларды 
қалыптастырып, жамытқандығына нақты мысалдар арқылы көңіл бөлу қажет. Соның 
нәтижесінде олардың фольклорды қалыптастырудағы функциялары анықталады. 
3. рухани қазынамыздың дамуына айырықша үлес қосушылар ақындар болып 
табылады. Фольклордағы шағғын жанрлардан бастап, көлемді эпикалық жырларға дейін 
ақындардың үлесі барлығын аңғару жанрларға тоқталу арқылы тұжырымдалады. Олардың 
сөз қолданып, дәстүрлерінің өзіндік даралығына мән беріледі. 


4. Қазақ фольклорын қазіргі таңда жинау, зерттеу мәселелері күн тәртібіне өткір 
қойылып отыр. Сондай-ақ бүгінгі жастар арасындағы түрлі салт-дәстүр арқылы пайда 
болған фольклорлық шығармалар жанрларына жауап беріледі. Бүгінгі айтыстың 
жанрларын саралау және талдау негізгі сұрақтың күрделі мәселесі болып табылады. 
Көркем жазба әдебиетіндегі фольклорлық шығармалардың (Қозы көрпеш, Қыз Жібек, 
Айман – Шолпан, Қобыланды батыр т.б.) Қайтадан қаралып, драмалық шығармаға 
айналуына мән беріледі. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті арасындағы негізгі байланыс 
сөз өнерінде жатқандығымен түсіндіріледі. 
Негізгі әдебиет: 
1.[1.8:2]; 2.[1.8:3]; 3.[1.8:5]; 4.[1.8:10]; 5.[1.8:11]; 6.[1.8:16]; 7.[1.8:28]; 
8.[1.8:29] 
 Қосымша әдебиет: 
1.[1.8:1]; 2.[1.8:4]; 3.[1.8:6]; 4.[1.8:7]; 4.[1.8:14] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет