Лекциялар курсы қарағанды 2021 №1 лекция тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті және Фольклор туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата20.11.2022
өлшемі380,41 Kb.
#159025
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
8f876e4a344b73779598a0620a8d5e36
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
Негізгі әдебиет
1.[1.8:1]; 2.[1.8:2]; 3.[1.8:3]; 4.[1.8:4]; 5.[1.8:5], 6.[1.8:28]; 7.[1.8:10] 
Қосымша әдебиет: 
1.[1.8:21]; 2.[1.8:22]; 3.[1.8:14], 4.[1.8:9 
 
№2 лекция тақырыбы:
Фольклордың зерттелуі, қалыптасу, даму кезеңдері. Тарихи 
зерттеу принциптері 
ІІ апта. 5 кредит- сағат. 
Лекция тезисі:
 
Халықтың шығармашылық өнерінің шығу тегі мен дамуы 
жөнінде сандаған пікірлер бар. Соның бірі алғашқы қауымдық құрылыс кезінде фольклор 
сөз өнері ретінде қалыптаса қоймаған дегенге саяды. Бұл мәселенің қисынсыздығы 
В.Е.Гусев тарапынан айтылған. Бұған байланысты сандаған фольклортанушы ғалымдар 
пікірлер айтса, қазақ халқының рухани мұрасын зерделеуші Ә.Қоңыратбаев: «Қоғам 
дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор шығармалары мен халық 
поэзиясының табиғаты өзара жақын. Осыған біз «халық ауыз әдебиеті» деген атауды 
қосып жүрміз. Халық әдебиеті ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ 
екеуі де образдық ойдың көрінісі, соның тікелей жемісі болып табылады», Асылы халық 
шығармашылық өнерінің шығу тегі образдық ойлауда жатыр. 
Көне дәуірдегі мифтерге сенсек, онда образдық ойлаудың негізгі ерте 
дәуірлерге алып барады. Алғашқы ауызша жасалған сөз өнерін мына халық бірінші 
айтыпты дейтін әңгіме тағы жоқ. Әр ұлттың рухани қазынасының пайда болуының 
заңдылықтары бар. Ауыз әдебиеті үлгілерін алғаш жекелей адамдар шығарса да, олардың 


есімдері жазудың болмауынан хатқа түспеген. Бұл тұрғыда біз ауыз әдебиетінің алғашқы 
жасаушыларын бақсы-балгерлерден бастаймыз. Әр халықтың ауыз әдебиетінің жасаушы 
өкілдері бар. Ауызша өнердің дамуы тікелей қоғамдық өзгерістерге байланысты. 
«Алғашқы қоғам тарихы алғашқы адамның пайда болуынан басталып, алғашқы 
әлеуметтік таптардың құрыла бастаған кезімен шектеледі. Археологияда бұл үлкен дәуірді 
бірнеше кезеңге бөледі. Алғашқысы - тас дәуірі. Оның өзін «Көне тас дәуірі» (палеолит), 
«Жаңа тас дәуірі» (неолит) деп екіге бөледі. Алғашқы қоғамның ыдырай, тап қоғамына 
ауыса бастаған кезеңін әдетте «метал дәуірі» деп атайды: бұған, негізінен қола дәуірі 
жатады».
Алғашқы бұл дәуірде адам табиғаттан бөлінбей, өзін тепе-теңдікте ұстайды. 
Сондықтан онда кие тұту (тотемизм), ырымдар, наным-сенімдер арқылы адамдар тұтас 
ажырамас бөлшегіміз дейтін ұғымдардан неолит дәуірінде арылып, дүлей күшке толы 
табиғаттың ортасында ерекше құбылыс есебінде сезіне бастаған. Фольклор жасаушылар 
типтерінің пайда болуы немесе жекелей көріне бастауы осы кезеңде өріс алды. Қоршаған 
әлем туралы мифтер осы дәуірде айырықша дамыды. Кезкелген неолит адамдарының 
бәріде сол әңгімелерді көкейіне құйып алуға тырысты. Рулар аралық қарым-қатынастар 
ырым-салттар, дұға, арбаулар қалыптасты. Бәрінде біркелкі емес, әрқайсы әр түрлі 
қалыпта көрінді. Ал осы ырым-салттарды айырықша жете білу арқылы белгілі ру 
көсемдері қалыптаса бастады. Жаратушылар көбейіп, жалбарыну, арбаулар арқылы 
шығармашылық сатысының алғашқы баспалдағы қалыптасты. 
Рулық 
қоғамдағы фольклордың қалыптасуына тотемизм, антромофизм, 
фетимизм, магия, анимизм секілді ескі наным–сенімдер әсер етті. Соның негізінде 
тотемистік, дуалистік, эсхатологиялық, космогониялық мифтер пайда болды. Бұның 
өрістеуіне шаманизм айырықша ықпал етсе, қазақ фольклорына қатысты бақсылар соның 
басында тұрады.Түйіндей айтсақ, ауыз әдебиеті халықтың дүниетанымына қатысты ұзақ 
эволюциялық даму жолынан өтіп, рухани қазынаға айналды.Фольклор сандаған 
ғылымдармен үздіксіз байланыста. Оның түп-төркіні адамзаттың тұрмыс-тіршілігі, ғұрып-
дәстүрлері, адамгершілік сана-сезімдері, тәлім-тәрбие т.б. қатысты. Ғылымдардың 
бастауы фольклордан көрін табуының негізі осында жатыр. Тұжырымдай айтар болсақ, 
фольклордың этнография, диалектология, тарих, философия, педагогика–психология және 
музыкамен байланыстары халықтың рухани мұрасымен сабақтасуы фольклордың 
құндылығын барынша айғақтай алатындай. Оның осындай сан қырлы болмыс-бітімі 
немесе синкреттілігі халықтың ұлттық дүниетанымын түбегейлі түйсінуде айырықша 
бағалана беретіндігі сөзсіз.
Фольклордың пайда болуына қатысты ой-пікірлер, ізденістер мен тексерулер ерте 
дәуірлерден басталған. Фольклор (folk – халық, lore – білім, даналық) ағылшын сөзі. Бұл 
мәселе алғаш анықтаушы неміс ғалымы И.Ф.Кнафль болған. Оны одан әрі дамытушы 
ағылшын ғалымы У.Дж. Томс болып, фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, 
аңыз, түрлі наным-сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынады. (4,7). Фольклор 
туралы сандаған теориялар болған. Атап айтар болсақ, соның ішінде «мифтік теория», 
«ауысып алу теориясы», т.б. түрлі теориялардың бәрі де фольклордың қалай туғандығын 
дәлелдеуге құрылған болатын. Олардың бірі идеалистік тұрғыдан болса, енді бірі
фольклордың шын мәніндегі пайда болуының негіздерін ашуға бағытталды. 
Негізгі тұжырым ретінде «Фольклор – халық даналығы тудырған сөз өнері» деген 
анықтама қуатталып, оның табиғаты мен тарихын зерттейтін ғылым фольклортану болып 
қалыптасты.


Фольклорды түсіндіруге қатысты «психологизм мектебі» деген ағым болған. Ол 
негізінен діншілдік, идеализмге байланысты жасалған қорытынды болатын. «ауысып алу» 
теориясын жақтаушылар халық өнері бірден-бірге ауыс-түйістен пайда болған дегенге 
иландыруға тырысты.
Халық мұрасына қатысты түбегейлі бетбұрыс жасаған, ХІХ ғасырдың екінші 
жартысындағы Ғ.Тайлордың «Первобытная культура» деген еңбегі еді. Ғалым ертегі, эпос 
сюжеттерінің ұқсастықтарын мифологиямен түсіндіруге болмайтынын дәләлдеп, сюжет 
әр елдің өзінде пайда болатынын анықтап берді. Ал, фольклордағы түрлі жанрлардың
сюжеттік желілерінің біркелкі болып келуін сол халықтардың тұрмыс салты мен әдет-
ғұрпының түрлі наным-сенімдердің бір сатыда болғандығынан деп бағалады. Бұл 
ғылымда антропологизм, этнографизм бағытыы ретінде түсіндіріледі. Фольклор 
табиғатына анағұрлым жақын келген осы ағымнан кейін, орыс фольклортануындағы
«тарихи мектеп» теориясы және ағартушылық бағыттар фольклортану ғылымының 
қалыптасуына аса зор ықпал етті.
Қазақ фольклортану тарихында халық ауыз әдебиеті классификациясын жасаудың 
бастамалары Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Ә.Диваев, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардан 
басталып, ХХ ғасыр басында А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов 
еңбектері арқылы айқындала түсті. Жекелей классификациялық үлгі ұсынған 
Х.Досмұхамедұлы болғандығы аталып келді. ХІХ ғасырдағы қазақ ауыз әдебиетін 
жинаушы В.В.Радлов, Ә.Диваев, Г.Н:Потаниндер қолға түскен материалдар арқылы 
түрлерді көрсетуге талпынса, халқымыздың дарынды ұлдары Шоқан, Абай, Ыбырайлар 
халық поэзиясының жанрларын көрсетуге бастама көрсетті.
ХХ ғасырдағы А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезовтер 
фольклорлық мұраларды терең тексеріп, зерделі зерттеулері арқылы қазақ ауыз 
әдебиетінің жанрларын жүйелеуге үлес қосты. Бұлардың жанрлық жіктеулерінен Европа 
халықтарының фольклорлық мұраларын саралаудың тәжірибелері байқалады. Теориялық 
жағынан құңдылық танытқан А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі еді. 
Ғалым таза қазақ терминдері арқылы ауыз әдебиеті жанрларына анықтама берудің тамаша 
үлгісін танытты. Бұның ізі Сәкен, Мұхтар еңбектерінде де көрініс тапты. Кейінгі 
жазылған зерттеулерде де осы еңбектер басшылыққа алынып отырғандығын аңғару қиын 
емес. Қазіргі әдебиеттегі фольклорлық сарын. Фольклорлық әдіс-тәсілдердің қазіргі 
әдебиеттегі қолданысы. 
Қазақ фольклортану ғылымының қалыптасу және даму жолдары. Қазақ фольклоры 
туралы ғылымның қалыптасуы. (ХҮІІІ ғ.). ХІХ ғ. бірінші жартысында қазақ 
фольклорының этнографиялық бағытта зерттелуі. Жинау. Жариялау жұмыстары. ІІ кезең: 
ХХ ғасырдың бірінші жартысы. 1930 жылға дейінгі этап (Ә.Бөкейханов, Ә.Диваев, 
Мәшһүр Жүсіп, Г.Потанин, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Х.Досмұхамедов) 1930-1950 ж. 
фольклорға ден қою. Жинақтар, оқулықтар, хрестоматиялар. (С.Сейфуллин, М.Әуезов, 
С.Мұқанов, М.Ғабдуллин т.б.). 
ІІІ-кезең. ХХ ғ. ІІ ж. (3 томдық әдебиет тарихы, 1 томдық фольклор туралы. 
Ә.Диваевтың. Г.Потаниннің жинақтары). Эпосты зерттеген – М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, 
Ы.Дүйсенбаев, Р.Бердібаев, О.Нұрмағамбетова, С.Сағынбаев, Ш.Ыбыраев. Ертегі – 
С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Е.Костокин. Аңыздар мен шешендік сөздер – Б.Адамбаев, 
С.Қасқабсаов, А.Сейдімбеков. Дастандар – Б.Әзібаева, А.Қыраубаева. Ғұрыптық фольклор 
– Б.Абылқасымов. Балалар фольклоры – К.Матыжанов. Өлеңдер – М.Сильченко, 
Б.Уахатов. Тарихи жыр – З.Сейітжанов, Б.Рахимов. 
Алайда кеңестік дәуірдегі партияның идеологиясына байланысты көптеген 
жанрларды түбегейлі зерттеулерге қиындықтар туды. Эпостық мұралардың өзіне 
сұрыптаулар жасағандығы белгілі. Шежіре, өлең, дінге қатысты туған халық 
шығармаларының түрлері мен тарихи жырларды терең тексеруге тиым салынды. Еліміздің 
тәуелсіздік арқылы фольклорға көзқарасы өзгеріп, қалған мұраларға мұқият көңіл бөлінді. 
Ата-баба аманатын ыждақатты тексеру жұмыстарына ат салысудың күні оңынан туды. 


«Капиталистік қоғамды бастан кешірмеген халықтардың бәрі де ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр 
басында европалық фольклортану ғылымының ашқан жаңалықтарымен қаруланғаны 
белгілі. Әлі де солай болып келе жатыр. Бұл жерде біз Европа ғылымының жетекші 
роліне, атқарып келе жатқан қызыметіне күмән келтіруден аулақпыз. Тұтас ғылымды 
ұлттық тармақтарға жіктеу де дұрыс болмас».Бұл пікірдің маңыздылығын мынадан көруге 
болады. Біз осы уақытқа дейін және қазіргі кезеңде де басқа халықтардың рухани 
мұралары туралы дайын пайымдауларды, түйінді тұжырымдарды оп-оңай игере саламыз, 
сол заңдылықтар шеңберінде ғана саралаймыз. Ең басты мәселе фольклордың ұлттық 
болмысына қарау қажет. Европа фольклорының аясынан асып кететін қазақ 
фольклорының ерекшеліктерін ескеру керек. Ғылым еліктеуден тумайды, ұлтты тану, 
түсіну және басқа ұлттармен салыстыра-салғастыра түсу арқылы алға жылжиды. Орыс 
фольклорында барды ғана қарап, ондағы мүлде жоқты қай жерге жасырып қоймақпыз. 
Айталық, халық зердесінде ғана сақталып қалған біздегі шежіре, мысал, бата, алғыс, 
қарғыс, дуалау, көрісу, тарихи өлеңдер т.б. белгілі бір түр ретінде енді ғана қолға алына 
бастады. Драмалық фольклордың қазақ ауыз әдебиетінде бар екенін көре тұрып, күні 
кешегі кеңес дәуірінде көрмеген болып отыра бердік. Бұл мәселе А.Н.Веселовский , Л.Б. 
Рифтин , В.В.Виноградов , Ц.Тодоров т.б. еңбектерде нақтылана түскенде еді. Мәселен, 
В.Я.Пропп қырқыншы (1946) жылдардың өзінде фольклорлық жанрларды жекелей 
зерттеудің керектігін айтқан. «Фолькортанудың алдындағы міндеттердің бірі, - деп 
жазады В.Я.Пропп, - жанр категориясын бөліп алып, жеке зерттеу…», дейді . Ғалымның 
бұндағы жанрға қатысты зерттеу талабын айтқан кезеңде тектер айқындалып, ендігі кезек 
түрлерге қатысты тексерулерді жолға қою керектігін күн тәртібіне қойған деп қарау 
қажет. Жанр туралы зерттеу жүргізу аса күрделі іс. «Солай екен» деп, ескерусіз қалдыру 
ғылымды тежейтіндігін қаперде ұстаған жөн. Біздіңше фольклордағы тектердің өзін 
саралап алу салтқа қатыссыз жасалған мұралар баршылық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет