Лекциялар курсы қарағанды 2021 №1 лекция тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті және Фольклор туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата20.11.2022
өлшемі380,41 Kb.
#159025
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
8f876e4a344b73779598a0620a8d5e36
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
Негізгі әдебиет
1.[1.8:2]; 2.[1.8:5]; 3.[1.8:3]; 4.[1.8:5]; 5.[1.8:9], 6.[1.8:12]; 7.[1.8:14]; 
8.[1.8:16] 
Қосымша әдебиет: 
1.[1.8:3]; 2.[1.8:4]; 3.[1.8:6], 4.[1.8:5] 
 
№ 3 лекция тақырыбы:
Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі 
ІІІ апта. 5 кредит- сағат.
Лекция тезисі: 
Әдебиеттану ілімінде тек пен түрге қатысты сандаған ой-пікірлер бар. 
Соларды екшей келгенде тектің ауқымы кең, мәнді деуге болады. Тек әдебиетте 
қалыптасқан ұғым, ол бірнеше түрлерді қамту арқылы нақтылай көрінеді. Текке – эпос, 
лирика, драманы жатқызып келеді. Кейде оларды жанр сөзімен алмастырады. Бұдан «тек 
те, түрде жанр деген ұғымымен, яғни жанр және жанрлық түрмен мәндес» деген түсінік 
шығады. Фольклордан тектің және түрдің пайда болуын анағұрлым мәндірек түйсінуге 
болады. Біздің «ауыз әдебиеті» деген сөз өнеріміздің негізгі халық шығармашылығы екі 
текпен айқындалады. Бірі – халық поэзиясы, екіншісі – халық прозасы. Нақтылай мына 
кестеден жауап алуға болады. 
Халық поэзиясының басты түрлері (жанрлары): 
тұрмыс – салт өлеңдері (төрт-
түлік жыры, аңшылық, наурыз, бесік жыры, жаңылтпаш, беташар, жар-жар, той бастар, 
Халық шығармашылығы 
Халық поэзиясы 
Ауыз әдебиеті 
 
Халық прозасы
 
Фольклор 
 


сыңсу, жұбату, бәдік, арбау, жалбарыну, жарапазан, бата, тілек, естірту, қоштасу, жоқтау,
батырлық жырлар, ғашықтық жырлар, тарихи жырлар, тарихи өлеңдер, шешендік сөздер 
т.б. 
Халық прозасының басты түрлері (жанрлары): 
Ертегілер, миф, аңыз әңгімелер 
(мекендік, тарихи, күй аңыздары), әпсана, хикаят, әңгімелер т.б. 
Осыншалық мол мұраны теориялық тұрғыдан танып, жанрлық жағынан саралау 
ғылымында үздіксіз ізденістер арқылы жалғасып келеді. Бәрі бірдей аңықталып, беп-
белгілі болды дегенді ешкім айта алмайды. Қайта қазақ фольклорын зерттеу енді басталды 
дегенді айтатындығы анық. Күні кешегі кеңес дәуірінде тосқауыл болған жайларды 
ескерсек, онда фольклортануда ашылуға тиісті ғылыми мәселелер көп екені даусыз. 
Соның бірі – тек пен түрге қатысты. 
Тұрмыс-сат жыларын мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлеміз: 
1. Отбасылық ғұрып фольклорының түрлері. 
а) Әлпештеу фольклоры: бесік жыры, сәбилік салт жырлары (бесікке бөлеу, ақ білек, 
тұсау кесу, майлау, сылау), мәпелеу жырлары, уату жырлары. 
б) Үйлену ғұрып фольклоры: той бастар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар, неке қияр, 
аушадияр. 
в) Азалау фольклоры: арыздасу, естірту, көңіл айту, жоқтау, дұға.
2. Тұрмыс–салт жырларының түрлері 
а) Еңбек–кәсіпке байланысты өлеңдері. Төрт-түлік өлеңдері, аңшылық жыры, наурыз 
өлеңдері. 
б) Діни ұғымдарға қатысты наным-сенім өлеңдері: бәдік, арбау-байлау (қарақұрт, 
жылан т.б. уын қайтару), жалбарыну (айға, күнге, бұлтқа, отқа, табиғат құбылыстарына 
жалбарыну), бақсы сарыны, дуалау, бал ашу (жауырын қарау, құмалақ салу, кітап ашу), 
түс жору, ұшықтау (үшкіру, дем салу, қағу), аластау, құрт көшіру, жын көшіру. 
в) Әдет–ғұрып өлеңдері: алғыс, қарғыс, бата, амандасу, қоштасу, көрісу, аңсау. 
Көркем фольклор және оның түрлері 
2.1. Эпикалық қара сөз жанры 
2.1.1. Аңыздық проза 
2.1.2. Ертегілік проза
2.2. Эпикалық жырлар. 
2.2.1. Көне эпос 
2.2.2. Батырлар жыры 
2.2.3. Лиро-эпос 
2.2.4. Тарихи жырлар 
2.2.5. Романдық эпос 
2.3. Лирикалық өлеңдер
2.3.1. Тарихи өлең 
2.3.2. Қара өлең 
2.4. Мақал-мәтелдер 
2.5. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар 
ІІІ. Фольклор поэтикасына негізделген дара шығармашылық жанрлар 
3.1. Айтыс 
3.2. Толғау 
3.3. Терме. Арнау 


Қазақ фольклортану тарихында халық ауыз әдебиеті классификациясын жасаудың 
бастамалары Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Ә.Диваев, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардан 
басталып, ХХ ғасыр басында А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов 
еңбектері арқылы айқындала түсті. Жекелей классификациялық үлгі ұсынған 
Х.Досмұхамедұлы болғандығы аталып келді 
Сондықтан ауыз әдебиетінің тектері жағынан төмендегідей жүйе ұсынуды жөн
санадық: 
1.Отбасылық ғұрып фольклоры 
2. Тұрмыс-салт жырлары 
3. Халық прозасы 
4. Эпостық жырлар 
5. Халықтың ғибрат сөздері 
6. Шешендік сөздер 
7. Мысал 
8.Лирикалық өлеңдер 
9.Өсиет өлеңдері 
10.
Айтыс 
11.
Драмалық фольклор 
12.
Балалар фольклоры 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет