Лекциялар курсы қарағанды 2021 №1 лекция тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті және Фольклор туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата20.11.2022
өлшемі380,41 Kb.
#159025
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
8f876e4a344b73779598a0620a8d5e36
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
Негізгі әдебиет
1.[1.8:3]; 2.[1.8:4]; 3.[1.8:5]; 4.[1.8:1]; 5.[1.8:27] 
Қосымша әдебиет: 
1.[1.8:1]; 2.[1.8:4]; 3.[1.8:6], 4.[1.8:7] 
 
№4 лекция тақырыбы:
Тұрмыс-салт жырлары 
ІҮапта. 5 кредит- сағат.
Лекция тезисі
: Қазақ халық ауыз әдебиетінде бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, 
жаназалау, бақсылық нанымдары, діни әдет-ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдер өте 
көп. Бұлар ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ғана көрмсетіп қоймай, өзге 
елдерден төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік 
эстетикасын танытады.
 
Халықтың тұрмыс-салтымен, әдет-ғұрпы, наным-сенімдеріне байланысты туған
сюжетсіз ұсақ өлеңдерді «Тұрмыс-салт жырлары» деп атаймыз.Бұл жырлар күнделікті 
тұрмыста жиі қолданылып, түрленіп келеді.Тұрмыс – салт жырлары қазақ халқымен бірге 
туып, бірге дамып, жасасып келеді. 
Хакім Абай айтқандай:
Туғанда дүние есігін ашады өлең 
Өлеңмен жер қойнына кірер денең. 
Дүниенің барлығы өлеңменен
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең.
Міне осы бір өлең шумағында қазақ халқының барлық өмірінін өлеңмен 
өрнектелетіні ашық айтылған. Ең ақыры адамды соңғы сапарға жоқтау айтып шығарып 
салатынымыздың өзі тұрмыс-салт жырларының қазақ өміріне қаншалықты маңызды екені 
аңғарылады. 
Тұрмыс-сат жыларын мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлеміз: 
1. Отбасылық ғұрып фольклорының түрлері. 
а) Әлпештеу фольклоры: бесік жыры, сәбилік салт жырлары (бесікке бөлеу, ақ білек, 
тұсау кесу, майлау, сылау), мәпелеу жырлары, уату жырлары. 
б) Үйлену ғұрып фольклоры: той бастар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар, неке қияр, 
аушадияр. 
в) Азалау фольклоры: арыздасу, естірту, көңіл айту, жоқтау, дұға.


2. Тұрмыс–салт жырларының түрлері 
а) Еңбек–кәсіпке байланысты өлеңдері. Төрт-түлік өлеңдері, аңшылық жыры, наурыз 
өлеңдері. 
б) Діни ұғымдарға қатысты наным-сенім өлеңдері: бәдік, арбау-байлау (қарақұрт, 
жылан т.б. уын қайтару), жалбарыну (айға, күнге, бұлтқа, отқа, табиғат құбылыстарына 
жалбарыну), бақсы сарыны, дуалау, бал ашу (жауырын қарау, құмалақ салу, кітап ашу), 
түс жору, ұшықтау (үшкіру, дем салу, қағу), аластау, құрт көшіру, жын көшіру. 
в) Әдет–ғұрып өлеңдері: алғыс, қарғыс, бата, амандасу, қоштасу, көрісу, аңсау. 
Тұрмыс-салт жырларының үлгілері М.Қашқари еңбегңнен бастап, ХІХ ғасыр басындағы 
А.Левшин, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев , 
М.Ж.Көпеев, Ә.Диваевтардың жазып алғандарын атап, бұл мәселеде Ш.Уәлиханов, 
В.В.Радловтың халық өлеңдерін жіктеуіне назар аударылады. Сөйтіп қазіргі зерттелу 
жайы 
мен 
клиссификациялаудың 
мәселелері 
А.Байтұрсынв, 
Х.Досмұхамедов, 
С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Уақатов, Ә.Қоңыратбаев еңбектерін негізге алып,
бүгінгі таңда Ш.Ыбыраев, Б.Абылқасымов, К.І.Матыжановтардың жаңаша жіктеулері 
баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет